5
Valery
Valery фитошайы - стреске тойтарыс беруде таптырмас құрал. Әдетте халық медицинасында тыныштандырғыш шөптер ретінде қолданылатын өсімдіктердің оңтайлы үйлесімі осы шайда жинақталған. Valery фитошайының құрамындағы белсенді компоненттер физикалық ахуалды жақсартып, шаршау мен шектен тыс қозғыштықты басуға септесіп, бойға күш-қуат береді. Пирамида пішініндегі эргономикалық қалташа шай жапырақтары мен шөптердің барынша ашылуына жағдай жасап, шай ішу рәсімінің жайлы, дәмді әрі пайдалы болуын қамтамасыз етеді.
40 г (әрқайсысы 2 г-нан 20 қалташа)
Ресейде өндірілген
----------------------------------------------------------------------------------------------------
Бүгінде стресс адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып кеткені соншалық, адам оған кез келген жағдайда шалдығып қалуы мүмкін. Бірақ, бір қызығы стрестің тек теріс әсері болады деуге келмейді. Стреске шалдыққанда ағза ауыр жұмысты еңсеріп, әсерлі эмоциялар мен жарқын сәттер секілді экстремалды жағдайлардан шығу тәсілін табу үшін, бойдағы бар күш-қуатын жұмылдыра бастайды. Дегенмен стреске шалдыққанда ағзаға түсетін салмақтың шамадан асып кетпеуін қадағалалап, артынша денсаулыққа қауіп-қатер келтіруіне жол бермеуіміз керек. Созылмалы шаршаңқылық, ұйқының бұзылуы, бас ауруы, қозғыш ұстамалар, аллергия — стрестің салдарынан туындайтын аурулардың тізімінің бір бөлігі ғана. Ешқандай шара қолданбаса, симптомдар жинала беріп, ауру тудырады.
Valery фитошайы — стреспен күресуге көмектесетін тамаша құрал. Әдетте халық медицинасында тыныштандырғыш шөптер ретінде қолданылатын өсімдіктердің оңтайлы үйлесімі осы шайда жинақталған. Шайдың атауы латынша valery сөзінен шыққан, аудармасы — «деннің саулығы», және бұл атау осы бір сусынның қасиетіне толық сәйкес келеді. Valery фитошайы физикалық ахуалдың жақсаруына, шаршауды басуға, күш-қуатты қалпына келтіруге септеседі. Бұл шайдың құрамындағы шөптерді бастың сақинасы ұстағанда, ұйқысыздыққа, асқынған қозғыштыққа шалдыққанда, жүйке жүйесіндегі өзгерістерге байланысты асқорыту жүйесі бұзылғанда пайдаланған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |