Қасиеті
|
FAT32
|
NTFS
|
Максималды диск өлшемі
|
8 Тб
|
Теорияда шексіз
|
Максималды файл өлшемі
|
4 Гб
|
Шектелмеген
|
Шифрлеу
|
Жоқ
|
Бар
|
Тұрақтылығы
|
Төмен
|
Жоғары
|
Файл рұқсаттары
|
Жоқ
|
Бар
|
Жұмыстың барысы:
ОЖ баптау. Стандартты бағдарламаларды орнату. Алдымен Windows-тың қандай жиынтығы сіздің компьютерде орнатылғандығын тексереміз. Ол үшін "Пуск" батырмасын басып, "Настройка" - "Панель Управления" - "Установка и удаление программ" өтіп, "Установка Windows" ашыңыз. Мұнда операциялық жүйенің қажет емес компоненттерін жоюға болады және Windows-ты орнату кезінде орындалмаса, қажет компоненттерді таңдап алуға болады.
Total Commander бағдарламасымен танысу және ондағы батырмалардың қызметін дәптерге жазыңыз.
Total Commander бағдарламасын қолданып, нұсқаға сәйкес каталогтар «ағашын» құру керек.
5.1-сурет – Каталогтар ағашын құру
Егер тапсырмада .txt кеңейтілу аты бар файлдар кездессе, онда оны қажетті каталогтың ішінде Shift+F4 батырмасы арқылы құру керек (my.txt файлы студент туралы келесі ақпараттардан тұру керек: 1) Аты-жөні; 2) туған күні, айы, жылы; 3) отбасы туралы қысқаша мәліметтен; 5) мекен-жайы; spec.txt файлы мамандық туралы келесі мәліметтерден тұру керек: оқу түрі мен оқу мерзімі; мамандықты оқытатын кафедраның аты; алып шығатын мамандық туралы қысқаша мәлімет).
Нұсқада *.doc кеңейтілу аты бар файл бар болса, онда .doc кеңейтілу атымен 3-4 файлды көшіру керек. Көшірілген файлдардың саны мен жалпы көлемін анықтап жазып қойыңыз.
.txt кеңейтілу аты бар файлдарды іздеп табу керек. Ол үшін батырмасын қолдану керек.
5.2-сурет – Дискіден қажетті файлды жылдам іздеп табу терезесі
Total Commander бағдарламасын қолданып:
F:\ дискісінде ARCHІV және OSNOVA каталогтарын құрыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |