Тақырыбы: Интернет. Негізгі түсініктер (сайт, IP-адрес, порт, сокет, сервер, клиент)
Жұмыстың мақсаты: Интернетте жұмыс істеу дағдыларын үйрену, Интернеттегі адрестер және негізгі қызметтер туралы ұғымдармен танысу.
Теориядан қысқаша мағлұматтар
Интернет (internet) - бұл ТСР/ІР бірыңғай хаттамалар жиынтығы, байланыс үшін қолданылатын бүкіләлемдік желілердің, шлюздердің, серверлердің және клиент компьютерлерінің бірігуі.
Хаттама – бұл әртүрлі бағдарламалар арасындағы деректермен алмасуды анықтайтын келісімдер жиынтығы.
Желіге жалғанған компьютерлердің жұмыс істеу ережесін желілік хаттамалар белгілейді. Олар көп деңгейлі принцип бойынша құралады. Қазіргі уақытта желілік хаттамалар үшін OSI моделі қолданылады.
OSI моделі – бұл желі жұмысының жеті деңгейлік логикалық моделі.
Физикалық деңгейде бұл моделмен байланыс желісінің физикалық (механикалық, электрлік, оптикалық) сипаттамасы анықталады.
Каналдық деңгейде желі торабының деңгейін физикалық қолдану ережесі анықталады.
Желілік деңгей адреске және хабарламаларды жеткізуге жауап береді.
Транспорттық деңгей хабарлама компонентінің кезекпен өтуін бақылайды.
Сеанс деңгейінің қызметі - әртүрлі жұмыс станцияларында жұмыс істейтін екі қолданбалы бағдарламалардың арасындағы байланысты басқару.
Ұсыну деңгейі берілгендерді компьютердің ішкі форматынан беру форматына түрлендіру үшін қызмет етеді. Қолданбалы бағдарлама мен басқа деңгейлердің арасында қолданбалы деңгей шекаралық болып табылады.
Қолданбалы деңгей қолданушының желілік бағдарламалармен байланысының қолайлы интерфейсін қамтамасыз етеді.
TCP/IP хаттамасы – бұл Интернетте байланыстың негізі болып табылатын төменгі деңгейдегі екі хаттама. TCP хаттамасы (Transmission Control Protocol) жіберілетін ақпаратты бөліктерге бөледі және барлық бөлікті нөмірлейді. IP (Internet Protocol) хаттамасы көмегімен барлық бөліктер алушыға беріледі. Барлық бөліктер алынғандығын TCP хаттамасы арқылы тексереді. Барлық бөлік алған соң, TCP оларды өз орындарына қойып, біртұтас етіп жинайды.
TCP/IP желісінің әрбір компьютері үш деңгейлі адреске ие:
физикалық (MAC-адрес);
желілік (IP-адрес);
символдық (DNS-атауы).
Локальды МАС-адрес жүйесіне енетін компьютерлер үшін – бұл желілік адаптердің адресі немесе маршрутизатор порты, мысалы, 11-А0-17-3D-BC-01. Бұл адрестер жабдықтарды өндірушілермен бекітіледі және орталықтан басқарылатындықтан бірегей адрес болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |