300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты


-параграф. Қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалану тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау



бет19/33
Дата08.03.2023
өлшемі110.22 Kb.
#470514
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
! $ 07

6-параграф. Қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалану тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау

66. Мемлекеттік аудитор аудит объектісін және оның ортасын, соның ішінде ішкі бақылау жүйесін білуі негізінде қаржылық есептіліктегі елеулі бұрмаланушылықтар тәуекелін сәйкестендіруі және бағалауы керек.


67. Аудит объектісінің бақылау ортасын түсіну үшін мемлекеттік аудитор аудит объектісіндегі өзара әрекеттесу схемасын, адалдық пен әдеп қағидаттарының іске асырылуын, мекеменің құзырет саласындағы міндеттемелерін, басшы өкілеттігі берілген тұлғалардың қатысуын, аудит объектісі басшылығының жұмыс істеу философиясы мен стилін, ұйымдастырушылық құрылымын, ішкі аудит бойынша жұмыстың болуын және жұмыс деңгейін, өкілеттіктер мен жауапкершілікті бөлуді, сондай-ақ кадр саясаты мен практиканы талдауы қажет.
68. Түсіну процесі аясында мемлекеттік аудитор аудит объектісінің қаржылық есептіліктің мақсаттарына қатысы бар тәуекелдерді айқындау бойынша рәсімдерді жүргізуін және мұндай тәуекелдердің басталу ықтималдығын бағалау арқылы олардың маңыздылығының бағалануын талдауы тиіс. Егер мұндай рәсімдер орын алса, мемлекеттік аудитор олардың нәтижелеріне баға беруі тиіс.
69. Мемлекеттік аудитор кейінгі аудиторлық рәсімдердің негізін қалыптастыру үшін қаржылық есептілік деңгейінде және операциялар класы, шоттар сальдосы және ашып көрсетулер үшін пікірлер деңгейінде ақпараттың елеулі бұрмалану тәуекелін бағалауы керек.
70. Аудит объектісінің тәуекелдерді бағалау процесін ұйымдастыру мен қолдануды бағалауы кезінде мемлекеттік аудитор аудит объектісінің басшылығы:
а) қаржылық есептілікке қатысы бар шаруашылық қызметінің тәуекелдерін қалай анықтайтынын;
б) тәуекелдердің маңыздылығын қалай бағалайтынын;
в) тәуекелдердің туындау ықтималдығын қалай бағалайтынын;
г) тәуекелдерді басқару әдістері туралы мәселені қалай шешетінін анықтауы керек.
71. Қаржылық есептілік деңгейінде, сондай-ақ пікірлер деңгейінде ақпараттың елеулі бұрмалану тәуекелдерін анықтау мен бағалау және оларға қатысты мемлекеттік аудитор түсінік қалыптастырған қолданылатын бақылау құралдары құжатталуы тиіс.
72. Бұл мақсатта мемлекеттік аудитор:
а) аудит объектісінің қызметімен және осы тәуекелдерге жататын бақылау құралдарын қоса алғанда, оның ортасымен, сондай-ақ бір үлгідегі операциялар тобымен, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша қалдықтармен және қаржылық есептілікте ақпаратты ашып көрсету жағдайларымен танысу барысында тәуекелдерді анықтайды;
б) анықталған тәуекелдер мен пікірлер деңгейінде бұрмалануы мүмкін ақпарат арасындағы сәйкестікті белгілейді;
в) қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалануына әкелу үшін тәуекелдердің қаншалықты елеулі екенін қарастырады.
73. Тәуекелдердің қайсысы елеулі болып табылатындығы туралы пайым шығару кезінде мемлекеттік аудитор мынадай мәселелерді:
а) тәуекелдің жосықсыз әрекеттерді көрсетуін;
б) тәуекелдің салада жақында орын алған елеулі өзгерістермен, есепті жүргізу және есептілікті дайындау бойынша жаңа талаптармен немесе мемлекеттік аудитордың ерекше назарын талап ететін өзге де ұқсас мән-жайлармен байланысты екенін;
в) шаруашылық операцияларының қаншалықты күрделі екенін;
г) тәуекелдің есептілік үшін маңызы зор байланысты тараптармен байланысты екенін;
д) қаржылық есептілікте қамтылған, оларды айқындаудың дәл әдістері болмаған кезде кейбір көрсеткіштердің мәндерін бағалаумен ілесетін кейбір бағалау мәндерін есептеу кезінде субъективтілік дәрежесінің қандай екенін;
е) тәуекелдің аудит объектісінің қызметі үшін үлгілік емес болып табылатын және есептілік үшін маңызы зор шаруашылық операцияларымен ілесетінін қарастыруы керек.
74. Бұл ретте мемлекеттік аудитор мыналарды ескеруі керек:
а) нормативтік құқықтық актілердің күрделілігі мен сәйкессіздігі;
б) нормативтік құқықтық актілерді сақтамау;
в) бюджеттеу процесі және оны орындау;
Бюджеттік процесті қарастыру аудит объектісі мен оның ортасын түсінудің және тәуекелдерді бағалаудың маңызды бөлігі болып табылады.
75. Егер мемлекеттік аудитор елеулі тәуекелдің бар екенін белгілесе, ол осы тәуекелге қатысты бар бақылау бойынша әрекеттерді қоса алғанда, аудит объектісінің бақылау құралдары туралы түсінік алуы тиіс.
76. Растау деңгейіндегі маңызды бұрмалаулардың аудиторлық тәуекелдігін бағалау қосымша аудиторлық дәлелдер жиналған сайын аудит барысында өзгеруі мүмкін. Егер келесі аудиторлық процедуралардың нәтижесінде мемлекеттік аудитор бастапқы алынған аудиторлық дәлелдерге қайшы келетін аудиторлық дәлелдер алса, соған сәйкес ол бастапқы бағалауды жасаған болса, ол өзінің бағасын қайта қарап, сәйкесінше аудиторлық іс-шараларды жоспарлауды өзгертуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет