300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты


-параграф. Аудит объектісінің (аудит объектілері тобының) қызметін зерделеу



бет15/33
Дата08.03.2023
өлшемі110.22 Kb.
#470514
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
! $ 07

2-параграф. Аудит объектісінің (аудит объектілері тобының) қызметін зерделеу

38. Мемлекеттік аудитор қаржылық есептіліктің анықтығына, аудит жүргізу барысына немесе аудиторлық қорытынды үшін негіз болып табылатын тұжырымдарға әсер етуі мүмкін оқиғаларды, операцияларды, пайдаланылатын есепке алу әдістерін сәйкестендіру және дұрыс бағалау үшін аудит объектісінің қызметін зерделейді.


39. Мемлекеттік аудитор қаржылық операцияларға және аудиттелетін объектінің қаржылық есептілігіне әсер ететін факторларды бағалайды:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілердің қолданылуын;
2) аудит объектісінің құрылымын, міндеттердің құрылымдық бөлімшелер арасында бөлінуін;
3) бухгалтерлік есеп жүйесін;
4) ішкі бақылау жүйесін;
5) құқықтық даулар мен сот қараушылықтарының болуын, олардың қорытындылары қаржылық есептілікке әсер етуі мүмкін немесе әсер еткен;
6) тәуекелді бағалау, соның ішінде алдыңғы қаржылық есептілік аудиттерінің нәтижелері (алдыңғы аудиттердің нәтижелерін зерделеу, аудиторлық құжаттаманы (аудиторлық файлдарды) қамтитын сақтау папкаларымен танысу, ұсынымдардың орындалуын және алдыңғы аудиттердің барысында анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау).
40. Мемлекеттік аудитор дәлелдеме көздерін мынадай әдістермен бағалайды:
құжаттарды зерделеу;
сұхбат жүргізу және аудит объектісінің жауапты тұлғаларынан ақпарат алу;
бұқаралық ақпарат құралдарынан және басқа да ақпараттық көздерден алынған ақпаратты бағалау;
алдын ала талдамалық зерттеулер жүргізу (қаржы кестелерінің деректерін салыстыру; қаржылық және қаржылық емес деректер арасындағы байланысты бағалау; ағымдағы кезеңнің деректерін алдыңғы кезеңдердің деректерімен салыстыру; бюджеттік және қаржылық есептілікті бағалау).
41. Аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеудің жалпы тәртібі Қағидалармен регламенттелген.
Объектіні алдын ала зерделеу нәтижелері аудиторлық құжаттаманы (аудиторлық файлды) қамтитын сақтау папкасында құжатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет