49. Қаржылық есептілік аудитін жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторлар білдірілетін аудиторлық пікір үшін айрықша жауапкершілік көтереді және бұл жауапкершілік ішкі аудиторлардың жұмысын пайдалану кезінде азаймайды. Сонымен қатар, ішкі аудиторлардың жұмыс нәтижелері аудит жүргізу барысында пайдалану үшін орынды болуы мүмкін.
50. Ішкі аудиторлардың жұмысын пайдалану мүмкіндіктерін айқындау мақсатында мемлекеттік аудитор:
а) ішкі аудиторлардың жұмысы аудиттің мақсаттарына сәйкесетінін;
б) егер сәйкессе, ішкі аудиторлар жұмысының мемлекеттік аудитор рәсімдерінің сипатына, орындау мерзіміне немесе ауқымына жоспарланатын әсерін айқындауы керек.
51. Ішкі аудиторлар жұмысының мемлекеттік аудитордың мақсаттарына сәйкестігін айқындау кезінде:
а) ішкі аудит қызметінің объективтілігін;
б) ішкі аудиторлардың кәсіби құзыретін;
в) ішкі аудиторлардың жұмысы тиісті кәсіби мұқияттылықпен орындалуын;
г) ішкі және мемлекеттік аудиторлар арасындағы тиімді қарым-қатынастың ықтималдығын бағалау керек.
52. Ішкі аудиторлар жұмысының объективтілігін айқындаған кезде мемлекеттік аудитор олардың сыртқы мемлекеттік аудиттің мақсаттарына сәйкестігі бөлігінде ішкі аудиторлардың объективтілігін бағалау бойынша тиісті басшылықтарды қарастырады, және қажет болған жағдайда мемлекеттік секторда ішкі аудит қызметтерінің қызметіне жетекшілік ететін уәкілетті органның есептерін қарастырады. Алайда, төменде келтірілген өлшемшарттар сақталған жағдайларда, ішкі аудит қызметі объективті екенін сенімділікпен айтуға болады:
- ішкі аудит қызметі жоғары басшылыққа және басқарушылық функциялар жүктелген лауазымды тұлғаларға есеп береді;
- ішкі аудит қызметі аудит нәтижелерін жоғары басшылыққа және басқарушылық функциялар жүктелген лауазымды тұлғаларға ұсынады;
- ұйымдастырушылық құрылымы тұрғысынан ішкі аудит қызметі жалпы персоналдың және аудитке жататын ұйымдастырушылық бірлік менеджментінің ықпалынан тыс орналасқан;
- ішкі аудит қызметі саяси қысымнан жеткілікті дәрежеде оқшауланған, бұл осы қызметке аудиттер жүргізуге және анықталған деректер бойынша есеп беруге, пікір білдіруге және объективті негізде қорытындылар жасауға мүмкіндік береді;
- ішкі аудит қызметтерінің мүшелеріне мүдделер шиеленісін болдырмау мақсатында өздері бұрын жауапкершілік көтерген қызметке қатысты аудит жүргізуге жол берілмейді;
- ішкі аудит қызметі басшы өкілеттігі берілген тұлғаларға қолжетімділігі бар.
53. Ішкі аудиторлар жұмысының аудиторлық рәсімдердің сипатына, орындау мерзіміне немесе ауқымына жоспарлы ықпалын айқындау кезінде мемлекеттік аудитор:
а) ішкі аудиторлар орындаған немесе орындайтын белгілі бір жұмыстың сипаты мен ауқымын; Т
б) белгілі бір операциялар класы, шоттар сальдосы және ашып көрсетулер үшін пікірлер деңгейінде бағаланған елеулі бұрмаланушылықтар тәуекелін;
в) ішкі аудиторлар тиісті пікірлерді растау үшін жинаған аудиторлық дәлелдемені бағалау кезінде субъективтілік дәрежесін қарастыруы керек.
54. Ішкі аудиторлардың белгілі бір жұмысын пайдалану үшін мемлекеттік аудитор осы жұмыстың мемлекеттік аудитордың мақсаттарына сәйкестігін белгілеу үшін оған қатысты аудиторлық рәсімдерді бағалауы және орындауы керек.
Жазбаша ұсыныстармен қамтылған күні және кезеңі.
55. Ішкі аудиторлар орындаған жұмыстың мемлекеттік аудитордың мақсаттарына сәйкестігін айқындау үшін ол:
а) жұмысты тиісті кәсіби оқытудан өткен және кәсіби тәжірибесі бар ішкі аудиторлардың орындауын;
б) осы жұмысқа қатысты тиісті қадағалаудың, шолу мен құжаттаудың жүргізілуін;
в) ішкі аудиторларға дәлелді тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретін тиісті аудиторлық дәлелдеменің алынуын;
г) алынған тұжырымдардың осы мән-жайларда тиісінше екенін және ішкі аудиторлар дайындаған есептердің орындалған жұмыстың нәтижелеріне сәйкестігін;
д) ішкі аудиторлар ашып көрсеткен әдеттен тыс мәселелердің шешілгенін бағалауы керек.
56. Егер мемлекеттік аудитор ішкі аудиторлардың белгілі бір жұмысын пайдаланса, онда ол аудиторлық құжаттамаға ішкі аудиторлардың жұмысының және сыртқы аудиторлардың осы жұмысқа қатысты орындаған аудиторлық рәсімдердің сәйкестігін бағалауға қатысты жасалған тұжырымдарды енгізуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |