300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты



бет3/33
Дата08.03.2023
өлшемі110.22 Kb.
#470514
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
! $ 07

Аудиторлық іріктеу – аудит үшін маңызды жиынтықтың 100%-нан кем элементтеріне аудиторлық рәсімдерді қолдану, бұл ретте мемлекеттік аудиторға барлық жиынтық туралы тұжырымдар қалыптастыру үшін орынды негіз ұсынатын әрбір жиынтық элементінің іріктеуге түсу ықтималдығы болуы керек

Талдамалық рәсімдер – қаржылық және қаржылық емес ақпарат арасындағы заңды өзара байланыстарды зерделеу негізінде қаржылық ақпаратты бағалау. Талдамалық рәсімдер анықталған ауытқуларды және іске қатысты өзге ақпаратқа қайшы келетін немесе болжамды деректерден едәуір айрықшаланатын өзара байланыстарды зерттеуді қамтиды.

Сыртқы растау – мемлекеттік аудитор үшінші тараптың (растаушы тарап) тікелей жазбаша жауабы түрінде қағаз, электрондық немесе қандай да бір басқа тасымалдағышта алған аудиторлық дәлелдеме

Басты жиынтық – іріктеу жүргізілетін, оған қатысты мемлекеттік аудитор тұжырымдар жасағысы келетін деректердің толық жиынтығы. Басты жиынтық страталарға немесе ішкі жиынтыққа бөлінуі мүмкін, мұнда әрбір страта немесе ішкі жиынтық жекелеп тексеріледі

Жеткіліктілік (аудиторлық дәлелдеме) – аудиторлық дәлелдемелердің сандық өлшемшарты. Аудиторлық дәлелдемелердің қажетті саны бұрмаланушылықтар тәуекеліне, сондай-ақ осы аудиторлық дәлелдемелердің сапасына байланысты

Сұрау салу – объект ішінде немесе одан тыс хабардар адамдардан қаржылық және қаржылық емес сипаттағы ақпарат іздеу

Теріс растауға сауал салу – растаушы тарап сұрауда ұсынылған ақпаратпен келіспеген жағдайда, растаушы тараптың тікелей мемлекеттік аудиторға жауап беретін сауалы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет