300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты



бет4/33
Дата08.03.2023
өлшемі110.22 Kb.
#470514
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
! $ 07

Оң растауға сауал салу – растаушы тараптың тікелей мемлекеттік аудиторға жауап беретін сауалы, бұл ретте растаушы тараптың сауалда қамтылған ақпаратпен келісетіндігі көрсетіледі немесе сұратылатын ақпарат ұсынылады

Тексеру – қағаз, электрондық немесе қандай да бір тасымалдағыштағы ішкі немесе сыртқы жазбаларды немесе құжаттарды тексеру немесе активті нақты тексеру

Компонент – топ немесе компонент басшылығы ол бойынша топтың қаржылық есептілігіне енгізу үшін қаржылық ақпарат дайындайтын шаруашылық қызмет субъектісі немесе түрі

Бақылау аясы – есептіліктің сапасын және мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін алдын ала айқындайтын ішкі (корпоративтік) мәдениет, ұйымдастырушылық құрылым және саясаттар мен рәсімдердің ішкі жиынтығы. Бақылау аясы ішкі бақылау жүйесінің компоненті болып табылады.

Түрлендірілген пікір – ескертулері бар пікір немесе пікір білдіруден бас тарту
Шоғырландырылған немесе жекелеген қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері бойынша елеулі қателер анықталған кезде ескертуі бар қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп қабылданады.
Бухгалтерлік есеп жүргізілмеген немесе мемлекеттік аудит объектісінде бухгалтерлік құжаттар жоғалған жағдайда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы осы жұмысты аяқтау мерзімін айқындай отырып, мемлекеттік аудит объектісінің басшысына және мемлекеттік аудит объектісіне жетекшілік етуді немесе басқаруды жүзеге асыратын жоғары тұрған органға мемлекеттік аудит объектісінде бухгалтерлік есепті қалпына келтіру туралы талабы бар ұйғарым жолдайды және жұмыс жоспарына тиісті өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік аудитті уақытша тоқтату туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте жекелеген қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері бойынша аудитор пікір білдіруден бас тарта отырып, есеп ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет