Инновациялық үдерістегі тәуекеледерді басқару ерекшелігі.
Инновациялық қызмет тәуекелмен өте тығыз байланысты қызмет түрі. Нарықтық экономика жағдайында өмір сүру үшін кәсіпкер батыл әрі жаңа істер атқаруы тиіс. Ал, бұл өз кезінде тәуекелді одан әрі арттырады. Сондықтан нарықта жақсынәтижеге жету үшін, тәуекелдің деңгейін ба- ғалап, басқара білу қажет. Тәуекелдік жағдай инновациялық қызмет өндіріс үдерісін түбегейлі өзгертеді және ұйым қызметінің нәтижелері мен серпінінде анықсыздықты өсіреді.
Тәуекелді басқару мақсаты тәуекел жағдайын 100% жою емес, тәуекел жағдайын, күтпеген кездейсоқ пайда болатын шығындар деңгейін төмендету болып табылады. Ол үшін алдымен инновациялық жоба тәуекелін жіктеп алуымыз керек. Қазіргі күні бұл мәселені зерттеуші ғалымдар арасында иннова- циялық жоба тәуекелін оңтайлы жіктеу жүйесі ғана емес, тіпті бұл жіктеме дербес жүйе ретінде әзірлену керек пе, немесе оған негіз ретінде инновациялық жоба ерекшелігіне байланыссыз жасалған тәуекелдің жалпы, әмбебап жіктемесі алынады ма осы мәселелерге қатысты ортақ көзқарас жоқ.
Инновациялық үдерісте тәуекелдерді басқару басқа бизнес үдерістерін басқарудан ерекшелінеді.Бизнес үдерістердегі тәуекелдерді басқару тәуекелден құтылу, не болмаса тәуекелдерді минимизациялауға тырысса, ал инновациялық үдерісте тәуекелдерді басқару мақсаты оларды қабылдаумен негізделген. Осыған байланысты қазіргі кезде инновациялық тәуекелдерді басқарудың бірнеше әдістері әзірленген, олардың жіктемесі.
1-кестеде көрсетілген.
Инновациялық тәуекелдерді басқару әдістері
Тәуекелдерді өтеу әдістері тобы
|
Ұйым қызметінің стратегиялық жоспарлануы; белсенді маркетинг; сыртқы ортаны болжау; әлеуметтік-экономикалық және құқықтық орта мониторингі; қор жүйесін құру
|
Тәуекелдерді бөлу әдістерінің тобы
|
қызмет түрлерін әртараптандыру; өткізу және жабдықтауды әртараптандыру; кредиторлық міндеттемелерді әртараптандыру; инвестицияларды әртараптандыру; қатысушылар арасында жауапкершілікті бөлу; тәуекелдерді уақыт бойынша бөлу
|
Тәуекелдерді оқшаулау әдістерінің
тобы
|
венчурлық қаржыландыруды пайдаланатын ұйымдар құру; тәуекелді жобаларды орындайтын арнайы бөлімдер құру
|
Тәуекелдерден кету әдістерінің тобы
|
сенімсіз серіктестерден бас тарту; тәуекелді жобалардан бас тарту; түрлі тәуекел түрлерін сақтандыру; кепілдемелер іздестіру
|
Тәжірибе жүзінде тәуекелге әсер етудің келе- сідей әдістері бар:
-Тәуекелден қашу(Avoidance)–тәуекел немесе жоба мақсаты мен нәтижелеріне әсерді жою мақсатында жоба жоспарын өзгерту.
-Тәуекелдерді беру (Transference)–тәуекел салдарларын үшінші жаққа аудару. Тәуекелді аудару оны жоймайды, тек тәуекелді басқаруды үшінші жаққа береді. Əдетте тәуекелдерді аударғаны үшін сақтандыру сыйақысы ұсталынып алынады. Мысалы, негізгі қорларды сақтандыру, опциондар сатып алу.
- Тәуекелдерді азайту (Mitigation)–тәуекелдің жағымсыз салдарларының орын алу ықтималдылығын азайту,мысалы, шаруашылық қызметті әртараптандыру көмегімен.
- Тәуекелді қабылдау (Acceptance) – мұндай әдіс кезінде тәуекел ескерілмейді, ал жоғалтулар болған жағдайда оны жабуға қорлар қалыптастырылады. Мысалы, венчурылық жобалар. Тәуекелдерді минимизациялау әдістерін жүзе- ге асыру белгілі бір шығындарға алып келеді, сондықтан әдістердің бірін таңдау кезінде шығындар тиімділігін бағалау қажет. Кері жағдайда тәуекел- дерді минимизациялауға кеткен ақталмаған шығындар тәуекел шығындарынан асып кетуі мүмкін.
Тәуекелден толықтай құтылу мүмкін емес, дегенмен оның инновациялық қызметке әсерін жеңілдетуге болады Тәуекелді азайту жолдарын таңдау мекеме басшысының тәжірибесіне және мекеменің мүмкіндіктеріне байланысты. Неғұрлым тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін жобаны жүзезеге асырудың кез келген кезеңінде бір ғана емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |