17. Инновациялық менеджменттегі мінез-құлық тәсілі.
Мінез – құлық тәсілді қолданудың негізгі мәні қызметкерге өз қабілетін таңуда көмектесу болып табылады. Яғни, адами ресурстар қабілеттілігін арттыру арқылы кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады. Мінез – құлық тәсілін дұрыс қолдану әркез қызметкер мен кәсіпорынның қызмет тиімділігін арттырады. Басқарушылар тәсілді жүзеге асыруда мотивациялық қағидаларға сүйенеді.
Қазіргі заманда дүние жүзіндегі бүкіл елде күрт әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болып жатыр. Көп жағдайда олар дағдарысқа ұшырауда. Осы дағдарысты жеңу үшін ұйымдардың тиімділігін арттыру қажет, әсіресе адам қызметіне көп көңіл бөлу керек.
Бүгінгі таңда адам факторы ғылыми-техникалық пен әлеуметтік прогреске әсерін тигізуі айқын бола бастады. «Өнімділік адамдарға байланысты» формуласы озық өнеркәсіп орындарының жемісті жұмыс істеуінің басты факторы болып саналады. Бұған мысал ретінде көш басындағы АҚШ, Жапония фирмаларын келтіруге болады.
Қазақстанда нарық қатынастары дамуына орай ұйымдардың құндылығын анықтауда жаңа көзқарас орын алуы керек. Ұйым үшін сыртқы ортада бастысы - өнім тұтынушылары, ал ұйым ішінде оның еңбеккерлері, бірақ жаңа қалыптасқан еңбеккерлері тек қана ойланбайтын орындаушылар емес, керісінше белсенді, ресурстарды үнемді жұмсайтын жоғары жалақыға талпынатын жоғары өнегелі ұстанымға сүйенетін азаматтар. Бірте-бірте «бастық-бағынушы» қатынасы екінші қатарға ысырылып, бірінші кезеңге өркениетті нарыққа тән мәдениет пен этика шығады.
Осыған орай, нарық жағдайында әлеуметтік еңбек қатынастары қалай реттелінеді, еңбек ресурстарын басқаруда қандай қазіргі әдістер, технология және процедуралар пайдалану қажет, қатты бәсекелестік жағдайда ұйымның тиімді қызмет атқаруы үшін қажет.
18. Маккензидің «техникалық денсаулық» диагностикасы.
Көптеген фирмалар радикалды өзгерістерді іздемейді, өйткені ол-фирманың саясаттың жүргізілуін білдіреді. Бірақ, жай өмір сүру мен фирманың пайдалы қызметі арасында үлкен айырмашылық бар және болашақта оның өмір сүрунің кепілі жоқ болады.
Сонымен қатар, «ұсақ өзгерістерді» жұмыс әдістерінде, операцияларында, кадрлық сұақтарда, т.б жүргізудің маңызы зор. Бұндай өзгерістер фирма үшін мәнсіз болып келеді, бірақ олар кейбір нақты адамдар үшін маңызды болады. Менеджмент – бұл басқа адамдардың білімін, еңбегін қолдану арқылы қойылған мақсаттарға жету қабілеттілігі болғандықтан, осы өзгерістердің ықтимал реакцияларын қарастыру қажет.
Ұйым өзгерістерінің мақсаты болып фирма мүмкіндіктері мен стратегиялар арасындағы мәселелерді шешу табылады.
Бұл мәселені Mckinsey «7S» үлгісі жүйесін қолдану арқылы қарастырайық. Үлгінің негізгі идеясы ұйымның тиімді қалыптастырылуы үшін жеті өзара байланысқан ішкі элементтер базасын қарастыруға бағытталған (стратегия, қабілет пен ресурстар, мәдениет, құрылым, жүйе, персонал, стиль), әрбіреуінің өзгеруі басқарулардың өзгеруіне әкеледі.
Құрылым
McKinsey (Маккензидің) «7S» үлгісі.
Бұл үлгі арқылы келесі сұрақтарға жауап беруге болады:
қандай тәжірибе мен ресурстар қажет;
қандай ұйымның жүйесі мен құрылымы қажет;
стратегияны жүзеге асыру үшін тиімділікті қамтамасыз ететін қандай басқару стилі және қандай кадрлар қажет;
Достарыңызбен бөлісу: |