YESSENOV SCIENCE JOURNAL №2 (43)-2022 /// YESSENOV SCIENCE JOURNAL 2022, Vol.43 (2)
36
Кіріспе. Қазақстан Республикасында орта білімді реформалау жүйесінің жүзеге
асырылуы еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу жағдайында үлкен
маңызға ие
болып отыр.
Қазіргі кездегі жүргізіліп жатқан орта білім жүйесін қайта құру әлеуметтік-
экономикалық өзгерістерге тез бейімделе алатын жастарды даярлауды қажет етеді [1].
Жалпыға міндетті базалық білім негізгі мектепте (1–9 сыныпта) жаңа заман
талаптарына сәйкес жасалған мемлекеттік оқу стандарттары
мен бағдарламаларына сәйкес
жүргізіледі. Сонымен бірге физика және астрономия (7–9 сынып) пәндерінің біріктірілуі
көптеген осы уақытқа дейінгі оқу-әдістемелік құралдарға бірқатар өзгертулер ендіруді
талап етеді. Мектептегі физика пәнінде оқылатын механикалық қозғалыстың ең күрделі
түрі – механикалық тербелістер болып табылады. Сонымен қатар,
тербелмелі қозғалыс
әмбебап және жалпылама, тербелістер кездеспейтін физиканың бірде-бір саласы жоқ.
Тербелмелі қозғалыс – табиғат пен техникадағы ең көп тараған қозғалыс. Тербелмелі
қозғалыстар біздің ғаламшарымыздың тіршілігінде (жер сілкіну, судың қайнауы мен тасуы
т.б.), сондай-ақ астрономиялық құбылыстарда да (мысалы, Күн 160 минутта бір тербеліс
жасап тұрады) болып жатады [2].
Көптеген химиялық құбылыстарда да тербелістер болып жатады. Біздің
организмімізде де тербеліс байқалады. Жүректің соғуы, дыбыс желбезегінің дірілі –
бұлардың бәрі де тербелмелі қозғалыстардың мысалдары. Табиғатта ең бір қатерлі
құбылыстардың бірі – жер сілкіну - Жер бетінің тербелісі.
Тербелістің адам өмірінде атқаратын маңызы зор. Тербеліс заңдарын білмей, радио,
теледидар, компьютер, қазіргі көптеген құрылғылар мен машиналар жасай алмаған болар
едік. IX, XІ сыныптардың физика бөлімдеріндегі оқу
жадыхаттарының көпшілігі
тербелмелі процестерді қарастырумен байланысты.
Тікелей көзге көрінетін немесе көз алдында оңай бейнеленетін механикалық
тербелістер мен толқындар бақылауға өте ыңғайлы. Оларды оқып үйренгенде негізгі
түсініктер қалыптасады да, олар кейін едәуір шамада электрмагниттік тербелістер мен
толқындарға таратылады.
Соңғы жылдары «Тербелістер физикасы» өз алдына физика ғылымының арнаулы бір
саласына айналып отыр. Ол табиғаты әр түрлі тербеліс процестерін біріктіріп,
бірдей
(сандық) заңдылықтар негізінде қарастырады.
Пайда болу табиғаты әр түрлі болғанымен барлық тербелістік және толқындық
процестерді біріктіріп қарастыру жаңа «Физика және астрономия» оқулығында орын алып
отыр. Сондықтан да, механикалық тербелістер, оны сипаттайтын
негізгі физикалық
шамалар жөніндегі ұғымдарды қалыптастыра отырып, олардың арасындағы тәуелділіктерді
тағайындау, нобайлау әдісін кеңінен қолдана отырып, алдағы уақытта табиғаты бөлек
электрмагниттік тербелістерді игеруіне мүмкіндіктерді қарастыру, жаңа бағдарламаға сай
дидактика принциптерін басшылыққа ала отырып «Тербелістер»
тарауын оқытудың
әдістемесін жасау өзекті мәселелердің бірі екендігі сөзсіз.
Себебі, оқулықтағы кейбір математикалық түрлендірулердің (мысалы, гармониялық
тербелістің периодын қорытып шығарудағы т.б.) физикалық мағынасы оқулықта тіптен-де
айтылмайды. Сондықтан да, әрбір сабақты өткізу мұғалімнен үлкен ізденімпаздықты талап
етеді [3].
Достарыңызбен бөлісу: