Пәннің қысқаша мазмҧны: «Ӛнеркәсіптік экология» - түрлі ӛндірістік процестердің қоршаған ортаның компоненттеріне тигізетін әсерін болдырмау немесе минимизациялау мақсатында іс-шаралар мен технологиялық әдістерді қолдануға негізделген заманауи және қарқынды дамып жатқан ғылым мен техникадағы бағыт. «Ӛнеркәсіптік экология» пәні экология мамандығының студенттеріне тау-кен, металургия, мұнай-газ, химия, транспорт, агроӛнеркәсіп және т.б. ӛнеркәсіп салаларының қоршаған орта компоненттеріне
тигізетін әсерін анықтау, бағалау және техногендік әсерлердің алдын алу, болдырмау немесе минимизациялау бойынша білімдер беру және әдістердерді меңгертуге негізделген.Ӛнеркәсіптік экологияның басты мақсаты ӛндірістік процестерді модернизациялау арқылы қоршаған ортаның ластануын тӛмендету.
Пререквизиттері: Агроэкология, Қала экологиясы
Постреквизиттері: Қоршаған ортаға әсерді бағалау, Экологиялық нормалау және сараптама
Оқытудан кҥтілетін нәтижелер: А.Жалпы сауаттылық талаптары: ӛз саласы бойынша алдыңғы қатарлы білім элементтерін түсіну және кӛрсете білу; осы білім мен түсінікті кәсіби деңгейде қолдану; ӛз саласына сәйкес деректерді жинау және мәселелерді шеше білу; B.)Әлеуметтік (тұлғааралық, мәдениетаралық, азаматтық), әлеуметтік-этикалық және мәдени құзыреттілік талаптары: қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу; түрлі әлеуметтік жағдайларға дұрыс бағыттала білу; C.)Экономикалық және ұйымдастыру-басқару, кәсіпкерлік құзіреттілік талаптары: экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен әдістерін,экономикадағы мемлекеттік сектордың рӛлін білу және түсіну; D.)Әлеуметтік, экономикалық,кәсіби рӛлдерді алмастыруға дайындық, белгісіздік пен үдемелі даму жағдайындағы географиялық және әлеуметтік ұтқырлыққа қойылатын талаптар: әлемдік экономикадағы үдерістерге және ерекше ӛзгермелі құбылыстарға, қазіргі заманғы ақпараттар ағымына ілесуге бейімделу; E.)Жинақталған тәжірибесіне сыни кӛзқараспен қарау және ӛзінің кәсіби қызметін қажетті кезде ӛзгерту қабілетін игеру.
Достарыңызбен бөлісу: |