3D панораманың түрлері:
1. Жазық панорама – бірнеше кадрдан құралған қарапайым кеңформатты фотосурет.
2. Сфералық панорама. Сфералық панорамалар көлденеңінен 360° және тігінен 180°-ты қамтиды. Ол айналадағы барлық көрінетін кеңістікті қамтып, фотосуретті сфераға жабады және тұтас көлемді суретті береді.
3. Цилиндрлік панорама (циклорама) – көлденеңінен 360°ты, ал тігінен 180-нен төмен градусты ғана қамти алады. Панораманың бұл түрі, суреттің жоғарғы және төменгі шекараларын көрсетуді қажет етпейтін жағдайда қолданылады. Панорама айналадағы барлық көрінетін кеңістікті көрсетеді, қолданушы 360°-қа бұрыла алады, бірақ төмен немесе жоғары қарай бұрыла алмайды. Мұндай панорама бірыңғай цилиндрді қалыптастыра отырып, сақина тәрізді желімденеді.
4. Текшелі панорама. Панорама текшенің ішкі жағына проекцияланады. Сфералық панорамамен салыстырғанда текшелі панораманың артықшылығы: дайындау, сақтау, тасымалдау қарапайымдылығы болып табылады, себебі күрделі пішін бетімен емес, тек текшенің алты қырымен – жазық және шаршымен жұмыс істеуге тура келеді.
Виртуалды турлар (3D тур) – бір 3D панорамадан басқа панорамаға өтуге мүмкіндік беретін бірыңғай «белсенді аймақтар» кешеніне біріктірілген, әртүрлі 3D панорамалар жиынтығы. Мұндай турлар музыкамен, кадрдан тыс дыбыспен, видеороликтермен, жазбалармен және т.б. толықтырылуы мүмкін.
3D турларды жасау үш кезеңде өтеді:
• объектіні суретке түсіру, бірнеше суреттер алу;
• суреттерді өңдеу;
• виртуалды турды жинау.
Фототүсірілім. Жоғары сапалы панорамалар жасау үшін мына ережелерді сақтаған жөн:
• камераны таңдалған диафрагма бойында сериядағы барлық кадрлар фокуста (камера, түсірілетін шеңбердің дәл ортасында тұрғаны жақсы) болатындай етіп орнату қажет;
• желімденетін суреттердің жиынтығын, болашақ сфералық панорама тігістерінің орындары бір түсті орындарда (мысалы, үй объектілері жағдайында монолитті қабырғаларда) түсіру керек;
• штатив басы кеңістікте камераны қатаң орнықтыруға арналған деңгейлермен жабдықталуы тиіс;
• барлық үш сурет үшін камераны көлденең және тігінен бағытта жазықтықтағы синхронизациясын жүргізу қажет – камераны туралау деңгейлер көмегімен жүзеге асырылады;
• камераның айналмалы бұрылу бұрыштары 120°-қа тең болуы тиіс, ол бұрылыс шкаласымен реттеледі.
Виртуалды турлардың артықшылықтары:
қол жетімділік және уақытты үнемдеу;
фотосуретке қарағанда кеңістікті, тауарды немесе қызметті толық ақпарат алу;
ыңғайлы ракурстан түрлі элементтер мен заттарды қарастыру мүмкіндігі;
көрерменге ыңғайлы тәртіппен және қарқынмен жылжыту;
Кеңістікке ену , объектіде нақты қатысу әсері ;
виртуалды тур виртуалды саяхатқа дейін және көру барысында пайдаланушыға қызығушылық, эстетикалық ләззат және басқа да эмоциялар тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |