3.2. Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің бұрынғы өткен шағы, мағыналық ерекшеліктері.
Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан әлдеқайда бұрын, ертеде болып өткенін білдіреді.
Бұрынғы өткен шақ мынадай жолдармен жасалады.
-
Болымды және болымсыз етістік түрлеріне –қан//-кен, -ған//-ген тұлғалы өткен шақ есімшелері бар-ған-мын, көр-ген-сің(дер), кел-ген-сіз(дер), біл-ме-ген болып, жіктік жалғауының қосылуы арқылы жасалады.
Тас камераға қамалған соң-ақ Рысқұл ісінің оңалмасын сезген. (Ш.М., 1994, 126).
Сол сайыста екі батыр екеуі де бір мезгілде аттарынан ұшып түскен. (Ш.М., 1994, 131).
Шабданның асында Теке батыр мен Соқыр батыр қайта сайысып, бұл жолы Соқыр Теке батырды ұшырып түсірген. (Ш.М., 1994, 134).
Кеше ол камераға кеш оралған. (Ш.М., 1994, 135).
Тасыраңбай Аркаша әкесінің әлгі ескертуін ұмытып кеткен. (Ш.М., 1994, 134).
Приходько мырза шоқынуды өз балаларына тәптіштеп тапсыра отырып, Тұрарға да емеурін айтқан. (Ш.М., 1994, 140).
Әруақ құдай қолдаған екен, балаң бір қатерден қалыпты. (Ш.М., 1994, 16).
Заңғар таудың кеудесіне шығып отырған екі адам маздап жанған отқа үзіліп қапты. (Ш.М., 1994, 19).
Тасбақадай тарбиған дәу үй ауылдың ортасын ала орналасыпты. (Ш.М., 1994, 37).
Көлікке жегіп жүретін бір аты ұрланыпты. (Ш.М., 1994, 45).
Көшенің аты өшіп қалыпты. (Ш.М., 1994, 54).
Күміс ерді ерліктің, елдіктің, дүбірлі күндердің белгісіндей келелі зат есебінде сақтапты. (Ш.М., 1994, 149).
Өз өміріндегі ат үстіне күміс ерді салмапты. (Ш.М., 1994, 149).
Күміс ер-тоқымнан басқа мұра болмапты. (Ш.М., 1994, 149).
б) –қан//кен және –ып, -іп, -п тұлғалары мне –ушы аффикстері арқылы –е етістігінен өткен шақ жасалады.
Ол жоғалса аз ауылды бәле-жаладан сақтап жүрген әруақ адасып қаласындай көрінуші еді. (Ш.М., 1994, 149).
Ал, шандағында Молдабек те, Шыныбек те, Қорған да мойындарынан емес, аяқтарынан асулы тұр еді. (Ш.М., 1994, 97).
Ізбайша жортпаш Түйметайды қолынан жетектеп ауылдас отырған Ахат қарияның үйіне кетіп еді. (Ш.М., 1994, 28).
Сол жолы өзі есімдес алқаптан Рысқұл таутеке атып алып еді. (Ш.М., 1994, 22).
Тұтқын келген ізімен кері қарай бөрі бүлкіл салып, салмақпен желе жортып еді. (Ш.М., 1994, 60).
Өзінің тұсынан өте бергенде қарауылдың көзі Рысқұлдың көзімен атысып қалып еді. (Ш.М., 1994, 61).
Таңның арайы ажарланып, жаңа күннің шырайы кіре бастаған екен. (Ш.М., 1994, 60).
Өткен шақтың бұл түрі А. Ысқақовтың оқулығында танық (айғақсыз) өткен шақ деп беріледі.
Танық өткен шақ деп сөйлеушінің болған я болмаған амал-әрекеттері өзі басы-қасында болмай, өз көзімен көрмей, тек басқа айғаққа немесе кейін өзі көріп, оқып, сұрап, естіп ... білген формаларды айтамыз. Олардың көрсеткіштері мыналар:
-
–ып, (-іп, -п) жұрнағы.
Торлама сары қауындардың біразы пісігі өтіп, қақ-қақ жарылып кетіпті. (Ш.М., 1994).
Арқасы қып-қызыл етке айнала бастапты. (Ш.М., 1994).
Адам баласын кейде бір жыртқыштық құмар билеп кете ме екен, әйтеуір осы тәлкектен бір рахат тапқандай әуестеніп алыпты. (Ш.М., 1994).
Алтын түстес сары шашын сылаң тарап, желкесіне қаздитып түйіп, мүйіз тарақпен қапсыра жабыстырып тастапты. (Ш.М., 1994).
Сәмбінің солқылдақ нәзік бұтағының дәл ұшына құрқылтай ұя салыпты. (Ш.М., 1994).
Табиғат шіркін тамылжып, тікенегіне дейін ажарланып алыпты. (Ш.М., 1994, -б).
Немістің ішінен бір менмен профессоры бірде Ломоносовқа дәл сен құсап қолын шошайтып күліпті. (Ш.М., 1994).
Таудың бөтеге бөктерлері жауыннан ісінгендей теңкиіңкіреп кетіпті. (Ш.М., 1994).
-
–ған екен, (-ген екен, -қан екен, -кен екен) форманты.
Тастай батқан, суда сіңген, сілесі қатқан қалың ұйқыға кеткен екен. (Ш.М., 1994, 104-б).Бас Қараштың бауырындағы бір мал шөптің түбінде жатқан екен. (Ш.М., 1994, 104-б). Таңның арайы ажарланып, жаңа күннің шырайы кіре бастаған екен. (Ш.М., 1994, 104).
Мерген жаралаған бейкүнә мақұлық қаны сырғалап жүріп-жүріп, жетіп жығылған жері осы болған екен. (Ш.М., 1994, 62). Айналып жүретін шеңберден шығып кеткен екен. (Ш.М., 1994, 145). Жолаушы жауынгерлер Әлекеннің сөзіне тоқтап, аттарынан түсіп, сусын ішіп, жауға Әлімбек батырмен бірге аттанған екен. (Ш.М., 1994, 149).
-
–а+ды екен (е+ді екен) форманты (ақылдасады екен, кеңесіп жүреді екен) т.б. Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романында бұрынғы өткен шақтың 1) етістік түбіріне –қан//-кен, -ған//-ген тұлғаны есімшелер жіктеліп қосылуы арқылы; 2) Етістіктер –ып//-іп тұлғалы көсемшелердің одан әрі жіктеліп қолданылуы арқылы; 3) –қан//-кен және ып, іп, п тұлғалары мен ушы аффикстері арқылы –е етістігінің жіктелеуімен күрделене айтылу арқылы; 4) –ып, іп, п жұрнағы жалғану арқылы; 5) –ған екен, -ген екен, қан екен, кен екен форманты арқылы жасалған өткен шақ түрлері кездеседі. Ал, а+ды екен (е+ді екен) форманттары арқылы жасалған көрсеткіштер кездеспейді.
3.3. Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе»романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі.
Ауыспалы өткен шақ есімшенің –тын//-тін аффикстері арқылы жасалады. Бұл тұлғалар өткен шақта сөйлеушінің істің орындалғанын нақтылы баяндауын білдіреді.
Мысалы:
Тепкілеп төрт қабырғасын сындырып, өкпе-бауырын езгілеп, құлаққа шыммен бастырып кетіпті. (Ш.М., 1994, 176).
Шымкент оязы арқылы біздің Майлыкент болысынан іздепті. (Ш.М., 1994, 212).
Күн едәуір кешкіріп қалыпты. (Ш.М., 1994, 218).
Тақыр қораның ішінде мүмкіндігі бар жерге қылтиып көк шығып қалыпты. (Ш.М., 1994, 220).
Бүкіл өмірі ат үстінде өткен адам, тақымы ер-тоқымға тимегелі жылдан асыпты. (Ш.М., 1994, 221).
Сәмбінің солқылдақ нәзік бұтағының дәл ұшына құрқылтай ұя байлапты. (Ш.М., 1994, 224).
Атамырза зіңгіттей жігіт болыпты. (Ш.М., 1994, 351).
Әлгінде бүйірінен қамшымен шұқыған мосқал қазақ енді өзіне қадалып қалыпты. (Ш.М., 1994, 353).
Басы бірігіп, кәдімгідей елдігін танытып, қаһарланып алыпты. (Ш.М., 1994, 358).
-тын, -тін форманты арқылы:
Атамырзаға сары айғыр таныс болатын. (Ш.М., 1994, 201).
Ол кезде әкесі туралы неше сақ әңгіме айтылатын. (Ш.М., 1994, 145).
Жақсы ат мініп саяхатқа шығуды ұнататын. (Ш.М., 1994, 149).
Рысқұлды тергеуге жиі алып баратын. (Ш.М., 1994, 213).
Қырғызбайдың дәу торы биесі кісендеулі болатын. (Ш.М., 1994, 132).
Сонау алыстағы Талғардың бауырында сап-сары күзде осындай ақ жібек ұшатын. (Ш.М., 1994, 133).
А. Ысқақов оқулығында ауыспалы өткен шақ неғайбыл өткен шақ деп көрсетілген де, оған мынадай анықтама берілген:
Неғайбыл өткен шақ деп сөйлеушінің бұрын істемекші болған, жүзеге асырылмақшы болған ниетті, мақсатты, шартты, болжалды, тілекті сөйлеп отырған кезге дейін орындалған-орындалмағанын белгісіз етіп көрсететін формаларды айтамыз. Неғайбыл өткен шақ формалары төмендегі көрсеткіштер арқылы жасалады:
1) –мақ еді (-мек еді; -бақ еді, бек еді, пақ еді, пек еді) формантары: (алмақ еді, бермек еді, жазбақ еді, төзбек еді, ашпақ еді, түспек еді).
Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романында ауыспалы өткен шақтың –тын// -тін формасы, ал А. Ысқақовтың көрсеткеніндей –мақ еді, мек еді (бақ еді, бек еді, пақ еді, пек еді) форманттары кездеспейді.
Қорытынды.
Қорыта айтқанда, тіліміздегі сөз топтарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория – етістік.
Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның аса өрісті лексика- семантикалық сипатымен, бай лексика-грамматикалық формаларымен тығыз байланысты.
Етістік амал-әрекет ұғымдарының атаулары я сол ұғымдарды білдіретін сөздер болғандықтан, оған тән сөздер, қашанда болсын, белгілі дәрежеде мезгіл ұғымдарымен байланысты болады. Шақ категориясы етістікті өзге сөз топтарынан әрі ерекшелендіретін, әрі ажырататын ең негізгі грамматикалық категория болып есептелінеді.
Диплом жұмысында қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясының басқа категориялар сияқты бірте-бірте дамып, мазмұны жағынан да, форма жағынан да үнемі жетіле отырып қалыптасқан, өзіне лайық орныққан жүйесі бар категория екені анықталды. Шақ категориясының ішінде өткен шақ формасын тілші-ғалымдарымыздың еңбектеріне сүйеніп, кейбір мағыналық ерекшеліктеріне қарай топтастырдық. Өткен шақ формасын мағыналық ерекшеліктеріне қарай кейбір ғалымдар, атап айтқанда А. Ысқақов, 1) анық (айғақты) өткен шақ, 2) танық (айғақсыздық) өткен шақ, 3) неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ болып бөлінеді, ал кейбір ғалымдардың еңбектерінде өткен шақ: 1) жедел өткен шақ, 2) бұрынғы өткен шақ, 3) ежелгі өткен шақ, 4) дағдылы өткен шақ болып бөлінетіндері де бар. Бұл классификациялаудың ішінде көзге ерекше көрінетіні – А.Ысқақов классификациясы болып табылады.
Диплом жұмысының негізінен «Қазақ тілінің грамматикасы» және А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі. Морфология» атты оқулықтардың негізінде жазылды.
Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романында аталған өткен шақтың барлық түрлері кездесетін анықтадық. Кейбір формалары ғана сирек, кейбіреулері тіпті жоқ.
Романда өткен шақтың мынадай түрлері бар:
-
жедел өткен шақ. Олар мынадай көрсеткіштермен жасалған:
а) –ды, -ді (-ты,- ті) жұрнағы.
ә) –ған,(- ген,- қан, -кен) жұрнағы.
б) –атын (-етін, -йтын, -йтін) форманты.
в) -ып еді (-іп еді, -п еді) форманты.
г) -ған еді (-ген еді,- қан еді,- кен еді) форманты.
з) -ушы еді (-уші еді) форманты.
д) тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктері мен есімдерге көмекші етістігі тіркескен.
2) Бұрынғы өткен шақ.
а) –ып,(- іп, -п) жұрнағы.
ә) -ған екен,(- ген екен, -қан екен,- кен екен) форманты.
б) –а+ді екен (-е+ді екен) форманты.
3) Ауыспалы өткен шақ.
а) –мақ еді (-мек еді, -бақ еді, -пақ едң, -пек еді).
ә) –тын//-тін аффикстері арқылы жасалады.
«Қызыл жебе» романы бойынша өткен шақтың салаларынан 400-ге жуық кеспе қағазы жиналды. Олардың әрқайсысының мағыналық ерекшеліктеріне қарай топтастырылды.
Сонымен, етістіктің шақ категориясы деп қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін, немесе болып жатқанын, не әлі болмаған, бірақ болатынын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын грамматикалық категория. Әрекеттің сөйлеп тұрған кезде мезгіл жағынан қатынасына қарай қазақ тілінде шақ формалары өткен шақ, осы шақ, келер шақ болып үш топқа бөлінеді. Өткен шақ сыртқы тұлға түрлеріне қарай, мазмұн өзгешелігініе қарай жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ болып жіктеледі.
Өткен шақ формаларын жасауда жұрнақтар әрі негіз, әрі ұстайқы болатынымен қатар күрделі форманттар сан жағынан, мағыналық реңктерді білдіру жағынан болсын олардан әлденеше есе асып түседі.
Пайдаланылатын әдебиеттер
-
Қазақ тілі граматикасы., А., 1967
-
Қазақ тілі граматикасы бойынша зерттеулер., А., 1975
-
Маманов И.С., Қазіргі қазақ тілі (Етістік)., А., 1966
-
Қордабаев Т., Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары., А., 1995
-
Қордабаев Т., Түркология және қазақ тіл білімі., А., 1996
-
Исаев С.М., Қазақ тілі., А., 1996
-
Ысқақов А., Қазіргі қазақ тілі. Морфология., А., 1991
-
Қазақ грамматикасы., А., 2002
-
Қордабаев Т., Етістіктің шақ категориясы.
-
Төлеуов Ә., Сөз таптары., А., 1982
-
Аханов К., Тіл білімінің негіздері., А., 1973
-
Қорғанбаев Т.Р., Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы., А., 1953
-
Хасенова А., Етістіктің лексика – грамматикалық сипаты.
-
Кеңесбаев І., Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер., А., 1966
-
Серғалиев М., Айғабылов О., Күлкенова А., Қазіргі қазақ әдеби тілі., А., 1991
-
Байымбетова Ж., Етістікті оқыту., Ш., 2002
-
Мұртаза Ш., «Қызыл жебе»., А., 1994
Сілтемелер
1Казамбек., «Общая грамматика турецко-татарского языка»., 493-бет.
2В.В. Радлов., «Опыт словаря тюркских наречий» ( )
3А. Байтұрсынов., Тіл тағлымы., А.,1992 164-бет
4А. Байтұрсынов., Тіл тағлымы., А.,1992 123-бет
5Н.Сауранбаев., Қазақ тіліндегі көсемшелер туралы., А.,1940, 5-20 бет
6Т.Ерғалиев., Қазақ тіліндегі есімше категориясы., А.,1958, 3-104 бб.
7Ж.Болатов., Синтаксические функции причастия в казахском языке АДК. А., 195., 3-15 бб.
8Төлегенов О., Выражение сказуемого и его основные типы в простом личном предложении современного казахского языка., АДК., А.,1955., 3-13 бб.
9И.К.Уюкбаев., Категория глагального вида в современном казахском языке., АДК., М., 1-16 стр.
10Г.Айдаров., Структура односложных корней и основ в казахском языке., Алма-Ата., 1985., стр 325.
11К.Аханов., Тіл біліміне кіріспе., а., 1964., 469 б.
12Қазақ тілінің грамматикасы., А., 1964 199 бет
13Қазақ тілінің грамматикасы., А., 1964 200 бет
14А.Ысқақов., Қазіргі қазақ тілі. Морфология., А., 1991., 330-331 б
15А.Ысқақов., Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1991., 331-бет
16А.Ысқақов., Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1991., 332-бет
Достарыңызбен бөлісу: |