Сабақтың тақырыбы: Менің үйім-менің бекінісім. Мақсатты келер шақ. Сабақтың мақсаттары



жүктеу 50.19 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі50.19 Kb.
Күні: 33-34-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Менің үйім-менің бекінісім. Мақсатты келер шақ.

Сабақтың мақсаттары:

1) лексикалық тақырыпты меңгеру барысында тіл үйренушілердің сөздік қорын молайту;

2) жаңа тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгерте отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;

3) түрлі тапсырмаларды орындату арқылы елге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.



1.Аудармаларымен сәйкестендіріңіз.

Ауызғы бөлме мебель

әткеншек вешалка

балалар бөлмесі игровая площадка

бұрыш частный дом

балалар алаңқайы качеля

демалыс бөлмесі прихожая

жер үй гостиная

киім ілгіш угол

жиһаз детская

қонақ бөлмесі комната отдыха

ІІ.Жаңа сабақ.

Мақсатты келер шақта етістік арқылы іс-әрекеттің өту, болу мақсаты айтылады.

Мақсатты келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің –мақ, -мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

Мысалы: Астанаға ертең жүрмекпін.



жекеше

көпше

Мен оқымақпын

Біз оқымақпыз

Сен оқымақсың

Сіз оқымақсыз



Сендер оқымақсыңдар

Сіздер оқымақсыздар



Ол оқымақ

Олар оқымақ

Жазылым

2. Сөйлемнен мақсатты келер шақты тауып, астын сызыңыз.

- Сен демалыста қайда бармақшысың?

-Демалыста Сарыағашқа бармақшымын.

-Ал, өзің қайда бармақшысың?

-Мен Көкшетаудағы Бурабайға барып демалмақшымын.

-Сен қашан жол жүрмекшісің?

-Ертең пойызбен жүрмекшімін.

-Жолың болсын.


3.Үлгі бойынша алмастырыңыз.

1

алу

алдым

алғанмын

алмақшымын

2

көшу










3

көру










4

жалға алу










5

қыдыру










6

тыңдау










7

сатып алу











4.Сөйлемдерді мақсатты келер шаққа айналдырыңыз.

1. Мен сенбіде кинотеатрға ...........................................(бару)

2.Сен елбасына хат ..............................(жазу)

3.Әлия бөлмесінің жиһаздарын ....................................(жаңарту)

4.Қала сыртынан үй сатып ............................(алу)

5.Мен кеңсемді жалға .................................(беру)

6.Біз басқа қалаға ..........................(көшу)

7.Сіз таңғы жаңалықтарды ......................(көру)

8. Анамның туған күніне ..................................(алу)
5. Топтық жұмыс. («Қазақ тілі» 70 бет, 1-тапсырма)
6. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

(«Қазақ тілі» 67 бет, 5-тапсырма)


Тыңдалым

7. Тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. №7

Сұхбат не туралы болды?

1) Әлемдегі ең қымбат қалалар туралы

2) Әлемдегі қалалар туралы

3) Әлем қалаларындағы халық саны туралы
8.Тыңдаңыз. Аталған қалалардың атын жазыңыз.
Оқылым

9. «Әлемнің алып қалалары»

(«Қазақ тілі» 64 бет, 9-тапсырма)


Мәтін бойынша тапсырмалар

10. Мәтін мазмұны бойынша дұрыс, бұрыс жауапты белгілеңіз.

1

Мәтін қалалар туралы

дұрыс

дұрыс емес

2

Ең жақсы қала – Нью-Йорк






3

Лондонда жол кептелісі көп.







4

Браззавиль – дәрежесі төмен қала.







5

Өмір сүруге қолайлы қала – Ванкувер.







6

Шулы, қылмысы көп қала – Нью-Йорк.








11.Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

(«Қазақ тілі» 65 бет, 11-тапсырма)


Жазылым

12. Өзара пікірлесіңіздер.Төмендегі кестелерді толтырыңыз.

Алматы, Астана, Қарағанды, Тараз, Орал, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Павлодар, Жезқазған, Талдықорған, Өскемен, Семей, Көкшетау, Түркістан.

1.Мына қалаларда болдым:

..........................................................................................................................................................................................................................................................................

2.Бұл қалаларда болмадым:

.....................................................................................................................................

.....................................................................................................................................

3.Өмір сүруге қолайлы қала:

.........................................................................................................................................................................................................................................................................

4.Өмір сүруге қолайсыз қала:



..................................................................................................................................
Қорытынды

13.Үлгі бойынша сөйлем құраңыз.

1

Қайда?Кім?Бармақ?

Астанаға мен бармақпын

2

Кім?Қашан?Кетпекші?



3

Қайда?Қашан?Кімдер?Келмек?



4

Кім?Қайда?Жүрмекші?



5

Қашан?Қайдан?Нені?Алмақ?




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет