4 анықтамалар, белгілер мен қЫСҚартулар


Жарысты ұйымдастырушылардың міндеті



бет10/21
Дата19.09.2022
өлшемі0.52 Mb.
#460939
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Дип. Тоғызқұмалақ ойынының тарихы мен қазіргі кездегі даму деңгейінің сипаттамасы, КАСиТ - 2015 - 44

Жарысты ұйымдастырушылардың міндеті
1. Қазақстан Республикасында өткізілетін барлық жарыстар Ережеге сәйкес ұйымдастырылады. Республикалық және халықаралық жарыстар ҚР Тоғызқұмалақ Федерациясы және ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінде келісілуі тиіс.
2. Ұйымдастыру алқасының атқаратын іс-шаралары:
- жарыс ережесін жасап, оны бекіту;
- жарыс алаңын даярлау;
- жарысқа қатысушылар мен төрешілерді орналастыру;
- жарыс өткізуге қажетті құжаттар және құралдармен қамтамасыз ету;
- жарыс бағдарламасын әзірлеу, оны көрнекті жерге ілу;
- жарыс алаңындағы үстелдерге реттін нөмірлер жапсыру;
- жарыстың ашылу және жабылу салтанатын ұйымдастыру;
- марапаттауға әзірлік жасау, дипломдар мен сый-сияпаттар әзірлеу;
- мандат комиссиясының жұмысын жүргізу;
- бұқарамен және БАҚ өкілдерімен жұмыс жүргізу.
3. Жарыстар бекітілген жарыс ережесіне сәйкес өткізілуі тиіс. Жарыстың ережесіне қойылатын негізгі талап - баптарға түрлі түсінік беру мүмкіндігін болдырмау. Жарыс ережесі жарыстың басталу мерзімінен 1 ай бұрын жіберіледі. жарыс ережесі келесі баптарды қамтиды:
- мақсаты мен міндеттері;
- өткізілетін жері мен мерзімі;
- жарыстың өткізілуіне басшылық ету;
- жарысты өткізу жүйесі және жеңімпаздарды анықтау;
- марапаттау рәсімі;
- қатысушылар мен төрешілерді қабылдау шарттары;
- тапсырыс беру мерзімі.
4. ҚР ресми жарыстарының жарқағаздарында Қазақстан Республикасының ресми Елтаңбасы мен Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясының таңбасы болуы тиіс.
5. Ұйымдастыру комитеті жарысты қажет төрешілер санымен қамтиды, Бас төрешілер алқасын тағайындайды және жарыстың төрешілігіне байланысты шығындарға қаражат бөледі. Әр жарыста бас төреші, бас төрешінің орынбасары, бас хатшы, бас хатшының орынбасары, төреші-хатшы және қатардағы төрешілер тағайындалады.
6. Бас төрешілер алқасы бекітілген талапқа сәйкес жарыс құжаттарымен, жеребе жүргізу үшін компьютермен, кеңсе тауарларымен және басқа да шығын материалдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Жарыс құжаттары:
- жарыстың хаттамасы;
- жарыстың нәтижелер кестесі;
- партияны жазу бланкасы;
- ескерту бланкасы;
- наразылық бланкасы;
- ойыншы анықтамасы;
- төрешілік анықтамасы;
- жарыстың есебі.
7. Жарыстың алдын ала тапсырысы жарыстың басталу мерзімінен 15 күн бұрын беріледі. Түпкілікті тапсырыс жарысқа келген күні Бас төрешілер алқасына тапсырылуы тиіс.
8. Ойыншылардың аты-жөні, туған жылы, айы, күні, спорттық атағы, рейтингі, оқу немесе жұмыс орны, жаттықтырушысы көрсетіліп, дәрігердің қолы қойылған түпкілікті тапсырыс (Жарыс құжаттары. Қосымша 2) компьютерлік мәтінде теріліп, конверт ішінде қабылданады. Тапсырыста қаламсаппен түзетулер енгізуге тыйым салынады.
9. Командалық жарыстардың тапсырысында ойыншылардың жынысы, рейтингі, ойнайтын тақталарының реттік саны (Жарыс құжаттары. Қосымша 3), команда құрамына ауысым үшін ойнайтын қосымша 2 спортшының (1 ер, 1 әйел) тізімі міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
10. Ресми жарыстарда алғашқы ойынның жеребесі жарыстың басталуынан 5-6 сағат бұрын жүргізіліп, алғашқы ойын түс ауа басталады. Келесі ойынның жеребесі кезекті ойын аяқталғаннан кейін 1 сағаттан кейін өткізіледі. Әр ойынның жеребесіне команда өкілінің немесе жаттықтырушының қатысуына рұқсат беріледі. Әр 1 ойынның арасындағы үзіліс 2 сағаттан кем болмауы тиіс.
11. Жарысты ұйымдастырушыларжарысты қай тақта түрімен қамтамасыз етсе, жарыс сол тақта түрімен өткізіледі.
12. Жарыста әр түрлі тақталар болған жағдайда артықшылық төрешілер алқасының ұйғарымымен шешіледі.
13. Зағип ойыншыларға тақтаны таңдау артықшылығы беріледі. Бір уақытта екі тақтада ойнауға рұқсат етілмейді.
14. Жарысты ұйымдастырушылар ниет білдірген қатысушылар үшін мәдени іс-шаралар (экскурсияға шығу, мұражайларды аралау, жергілікті театрларға бару, т.б.) өткізеді.
15. Ұйымдастыру комитеті жарыс қорытындысы бойынша жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін бағалы сыйлықтармен (медальдар, грамоталар) марапаттайды. Жарыс қорытындысы бойынша келесі номинациялармен марапаттауға болады: "Жарыс аруы", "Жігіт сұлтаны", "Ең жас ойыншы", "Тарлан ойыншы", "Жазу бланкасын үлгілі толтырушы". Жыл қорытындысы бойынша "Ең үздік төреші", "Ең үздік ойыншы", "Ең үздік жарысты ұйымдастырушы қала", "Ең үздік жыл Федерациясы", "Ең үздік инновация", "Ең үздік басылым беті", "Ең үздік сайт" номинациялары анықталады.

3.3 Жарысқа қатысушылардың міндеті


1. Жарысқа қатысушы әр спортшы тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидаларын білуі тиіс.


2. Жарыс барысында ойыншылар төрешілердің Ережеге сай талаптарына толықтай бағынулары тиіс.
3. Әр бір ойыншы ойынға уақытында келуге міндетті. Кешіккен ойыншыға төреші сағатты қосқаннан кейін ескерту беруге құқылы.
4. Жарысқа қатысушылар ойын алаңына тек қаламсаппен келулері тиіс. Ойын аяқталғаннан кейін ойыншыға өзінің ойынын көшіріп алуға рұқсат беріледі.
5. Ойыншылар жазу бланкаларын толық, әрі анық толтыруға міндетті. Егер ойыншы уақыт тапшылығына түссе (ойынға берілген уақыттың аяқталуына 5 минут қалғанда), ол ойыншыға жазу бланкасын толтырмауға рұқсат беріледі. Ойыншы ойын аяқталғаннан кейін қарсыласының жазу бланкасы арқылы өзінің жазбаған жазуларын қалпына келтіреді.
6. Ойыншыларға жазу бланкаларына қосымша суреттер салуға, бояуға тыйым салынады.
7. Ойыншыға ойын басталғаннан алғашқы 1 сағаттан кейін басқа ойыншының ойынын тамашалауға рұқсат беріледі. Ойыншы өзінің кезекті жүрісін жасағаннан кейін ғана орнынан тұра алады. Қатарынан екі ойыншының да ойын алаңын тастап кетуіне тыйым салынады.
8. Жарыс барысында ойыншыларға кез-келген қысқаша жазбаларды, ақпарат көздерін, біреулердің кеңестерін пайдалануға, сонымен бірге команда өкілімен, жаттықтырушылармен тілдесуіне, ымдасуына,, ақыл-кеңес алуына және ойын алаңында ойындарды талдауына тыйым салынады.
9. Ойыншыға кез-келген тәсілмен қарсыласының ойын бөлуге, мазалуына болмайды. Бұл дәлелсіз өтініштер мен табанды түрде тең ойын ұсынуды да қамтиды.
10. Ойын барысында ойыншылар ұялы телефондарын өшіруге міндетті. Қосулы телефон анықталған жағдайда ойыншыға жеңіліс жарияланады.
11. Жарыс өтіп жатқан жарыс алаңына команда өкілдері мен жаттықтырушылар немесе басқа да көрермендер тек қана төрешінің рұқсатымен кіре алады.
12. Жарыс өтіп жатқан жарыс алаңында команда өкілдері мен жаттықтырушыларға ойын барысы туралы әңгімелесуге және оны талқылауға тыйым салынады.
13. Әр ойыншы жарыстың соңына дейін қатысуға міндетті. Жарыстың 2 турына себепсіз немесе өтінішсіз қатыспаған ойыншы келесі жеребеден алынады.
14. Команда өкілдері ойыншыларының киім үлгілеріне ерекше мән бергендері жөн.
15. Барлық ойыншылар мен команда өкілдері жарыстың ашылу және жабылу салтанатына қатысуға міндетті (Бас төрешілер алқасы басқаша шешпегенде).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет