4 анықтамалар, белгілер мен қЫСҚартулар



бет8/21
Дата19.09.2022
өлшемі0.52 Mb.
#460939
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Дип. Тоғызқұмалақ ойынының тарихы мен қазіргі кездегі даму деңгейінің сипаттамасы, КАСиТ - 2015 - 44

"Тұздық жариялау"
1. Егер кезекті жүріс жасағанда соңғы құмалақ қарсыластың №9 отауынан басқа 2 құмалағы бар кез келген отауына түссе, қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, "тұздық" жарияланады.
2. "Тұздық" алынған отауға арнайы тұздық белгісі қойылады. Жүріс жасалған сайын тұздыққа түсетін құмалақ, міндетті түрде "тұздық" жариялаған ойыншының қазанына салынып отырады.
3. Ойын барысында "тұздық" тек бір рет алынады. Қарсыластың "тұздығы" бар отауының нөмірімен сәйкес келетін отаудан және №9 отаудан "тұздық" алынбайды.
4. Тұздық алынған отауға құмалақтарды жинауға тыйым салынады.
"Атсырау" жағдайы
1. Ойын аяқталуға жақындаған сайын ойыншылардың отауларындағы құмалақтар таусыла бастайды. Қай ойыншының жүрістері бірінші таусылып, жүріссіз қалса, сол ойыншы "атсырау" жағдайына түсті деп есептелінеді. "Атсырау" жағдайына түскен ойыншының қарсыласы қосымша жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салады. Содан кейін ойыншылар ұтып алған құмалақтардың есебін шығарады.
2. Егер "атсырау" жағдайына түскен ойыншы өз қазанына кемінде 82 құмалақ жинап үлгерсе, жеңіске жетеді. Егер қазандағы құмалақтардың саны 81-ден кем болса жеңіліс табады, ал 81 болса ойын тең аяқталады деп есептелінеді.
Жазып ойнау тәртібі
1. Ойыншылар әр турдың ойын барысын арнаулы жазу бланкаларына (Жарыс құжаттары. Қосымша 1) толтырып отырады. Жазу бланкаларына жасалған жүрістер анық және сауатты жазылуы тиіс.
2. Жүрістерді жазу үшін мынадай шартты белгілер қолданылады:
: - табысты жүріс
- - табыссыз немесе кезекті жүріс
х - тұздық белгісі
= - тең ойын ұсыну
3. Жазып ойнаудың 2 түрі қолднанылады: қысқа және толық үлгілері.
Қысқа жазу үлгісінде
- жүрістің реттік саны;
- жүріс жасалатын отаудың нөмірі;
- соңғы құмалақ барып түскен отаудың нөмірі жазылады.
Мысалы: 1. 7:6 (10) 9-8
2. 6-6 8:7...
Толық жазу үлгісінде
- жүрілетін отаудың нөмірі;
- отаудағы құмалақтар саны;
- соңғы құмалақ түскен отаудың нөмірі;
- ондағы құмалақтар саны көрсетіледі;
- тұздық алынған жағдайда Х белгісі қойылады;
- қос нүкте (:) - табысты жүріс, сызықша (-) - жай жүрісті бейнелейді;
- леп белгісі (!) - күшті жүріс;
- сұрақ белгісі (?) - қате жүріс;
- екі леп белгісі (!!) - өте күшті жүріс;
- екі сұрақ белгісі (??) - өте қате жүріс;
- сұрақ және леп белгісінің қатар келуі (?!) - ойландыратын жүріс.
Мысалы: 1. 79:610 79:610
2. 510:511 910:912
3. 111:212 810:814
4. 231:512 92:13х
5. 92:114!
4. Ойыншылар жазу бланкаларында жарыстың атауын, жарыстың өтетін мерзімін, турдың реттік санын, кіммен және қай үстелде ойнағанын, ойын нәтижесін көрсетіп, қолдарын қояды. Ойын барысында жазу бланкалары төреші еркін көре алатын жағдайда жатуы тиіс.
5. Жазу бланкаларында тең ойынға жасалған ұсынысты екі ойыншы (=) белгісімен белгілейді.
6. Жазу бланкалары жарысты ұйымдастырушылардың меншігі болып есептелінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет