4 анықтамалар, белгілер мен қЫСҚартулар



бет9/21
Дата19.09.2022
өлшемі0.52 Mb.
#460939
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Дип. Тоғызқұмалақ ойынының тарихы мен қазіргі кездегі даму деңгейінің сипаттамасы, КАСиТ - 2015 - 44

3.2 Жарыстар, жарыс жүйелері

1. Жарыс - қатысушылардың шеберлігін шыңдауға және көрсеткен нәтижелері бойынша спорттық атақтар мен дәрежелер алуға мүмкіндік беретін бәсеке.


2. Жарыстар жекелей, командалық немесе жекелей-командалық сипатта болады. Жекелей жарыстарда нәтижелер әрбір ойыншыға дербес жазылып, әр ойыншы жеке есептен өтеді. Командалық жарыстарда ойыншылардың нәтижелері толығымен командаға жазылып, есептен тек командалар өтеді. Жекелей - командалық жарыстарда ойыншылардың нәтижелері бір уақытта ойыншыға да, командаға да жазылып, қорытындысында ойыншылар да, командалар да есептен өтеді.
3. Жарыстар келесі санаттар бойынша өткізіледі: Ересектер, Жасөспірімдер, Жастар, Ардагерлер. Бағарламаға ерекше санаттағы қатысушыларға арналған жарыстар да енгізілуі мүмкін: Мүгедектер, Ауыл спортшылары, Оқушылар, Студенттер т.с.с.
4. Жарысты өткізу жүйелері: айналма, реттелмелі швейцар, олимпиадалық, матч-турнир.
Айналма жүйеде - барлық ойыншылар немесе командалар бр-бірімен кездесіп шығады. Айналма жүйесі жарысқа қатысушылар саны шағын немесе жарысты өткізу мерзімі жеткілікті болғанда қолданылады.
Реттелмелі швейцар жүйесі бойынша жұптау - ойыншылардың немесе командалардың рейтингілеріне сәйкес өткізіледі. Жарысқа қатысушылардың санына байланысты ойын саны кемінде - 5, бірақ 15 турдан аспауы тиіс.
Олимпиадалық жүйе - ойыншы немесе команда жеңіліс сайын қатардан шығып отырады. Бұл жүйені, көбінесе жарысты шектеулі мерзімде өткізгенде қолданады.
Матч-турнир - ойыншылар немесе командалар бір-бірімен бірнеше жеке кездесулер өткізеді.
5. Келесі жылға арналған жарыстардың күнтізбесі ҚР Тоғызқұмалақ Федерациясының күз мезгіліндегі (қыркүйек-қазан айлары) отырысында талқыланып, Қр Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне бекітуге ұсынылады. Республикалық ресми жарыстар мен турнирлердің күнтізбесі аймақтардың жарысты өткізу жөніндегі тапсырыстары негізінде құрылады.
6. Қазақстан Республикасының командалық чемпионатында командалардың саны 12 болса айналма жүйемен, 12-ден асса өткен жылғы командалық чемпионаттың нәтижесі бойынша екі топқа бөлініп өткізіледі.
7. Қазақстан Республикасының жекелей-командалық ресми жарыстарынд (ҚР Кубогі, Универсиада, Спартакиадалар т.б.) командалар саны 10 болса айналма жүйемен, 10-нан асса реттелмелі швейцар жүйесімен өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет