4 дәріс «Бетон» Қарапайым (жылы) бетонға арналған материалдар



бет3/4
Дата22.04.2024
өлшемі42.3 Kb.
#499502
түріҚұрамы
1   2   3   4
4-дәріс. Бетон

ρц, ρв, ρп, ρкросы материалдардың тығыздығы, кг/м3;
- олардың абсолютты көлемдері, м3.
Ірі толтырғыштар шығынын келесі өрнекпен анықтайды (1м3 бетонға кг-мен):
ірі толтырғыш:
(1.13)
r – ірі толтырғыштардың түйіршіктері жылжымалылығы коэффициенті, болжаммен (кестелік деректер) қабылдайды
Пкр – ірі толтырғыштардың кеуектілігі.
Ρн.кр – ірі толтырғыштардың үйінді тығыздығы.
Ұсақ толтырғыштар (құм):
(1.14)

  1. Бетон қоспаларының есептік орташа тығыздығын есептеу:

(1.15)
және бетонды шығару коэффициенті:
(1.16)
Бетонды шығару коэффициенті β 0,55…0,75 арасында болуы тиіс.
Жобаланған бетон қоспалары құрамын сынақ илеммен айқындайды. Осы илеммен бетон қоспасының жылжымалылығыда тексеріледі. Егер бетон қоспасының жылжымалылығын жоғарылату қажет болса, онда илемге аздаған порциямен су мен цемент қосылады, осы кезде осыған дейінгі В/Ц қатынасы бетон қоспасының жылжымалылығы берілген межеге тең болғанға дейін тұрақты сақталуы керек. Егер бетон қоспасының жылжымалылығы берлігенінен жоғары көрсететін болса, онда оған құм және ірі толтырғыштар (алғашқы көлемінің 5%-дық порциямен) қосылады, таңдап алынған В/Ц қатынасы сақталады. Сынақ илемдерінің нәтижесі бойынша жобаланған бетон қоспасының құрамына түзетулер енгізіледі, өндірістік жағдайында қолданылатын құм мен ірі толтырғыштар ылғал күйінде болатындықтан ылғалдылығы есептелінеді, ал ірі толтырғыштар су жұтуға ие болатындықтан, 1м3 бетон қоспасын дайындауға қажетті су (л) шығынын төмендегі өрнекпен нақтылау қажет:
(1.17)
В – судың анықталған (есептік) шығыны, л/м3
П, Кр – құм және ірі толтырғыштар шығыны, кг/м3
Wп,Wкрқұм және ірі толтырғыштардың ылғалдылығы, %.
Вкр – ірі толтырғыштың су жұтуы, %.
1. Бетон қоспаларын дайындау, тасымалдау мен төсеу.
2. Жаңа төселген бетонды баптау және оның сапасын бақылау.
Бетон қоспалары стационарлы бетон зауыттарда немесе жылжымалы бетон араластырғыш құрылғыларда дайындалады. Бетон қоспасы сапасына (біртектілік) оны дайындау үдерісіндегі араластыру сапасы әсер етеді. Араластыру ұзақтығы бірнеше минутты құрайды. Бетон қоспасын қайтадан араластыру оны дайындаған сәттен 3-5 сағат арасында рұқсат етіледі. Бетон қоспасын дайындаудың маңызды жағдайы - құрама материалдарды мұқият өлшеу (дозировка). Өлшеу кезінде массасы бойынша цемент және суда ±1% жоғары емес, ірі толтырғыштарда ±2% жоғары емес ауытқуға рұқсат етіледі. Дайын болған бетон қоспаларын арнаулы транспорттық құрылғымен төсеу орнына жеткізеді. Дайын бетон қоспаларын төсеу орнына тасымалдау ұзақтығы 1 сағаттан аспауы тиіс. Қазіргі кезде бетон қоспаларын механикаландырылған бетон төсегіштер, бетон үлестіргіштер көмегімен төсейді. Бетон қоспаларын төсеу әдісінің көп тараған түрі-дірілдету. Бетон қоспаларын дірілдету кезінде оның қоспалары арасындағы үйкеліс төмендейді, аққыштығы жоғарылайды, қоспа ауыр тұтқыр сұйық күйге енеді және меншікті салмағы әрекетімен нығыздалады. Нығыздау үдерісінде бетон қоспасынан ауа жойылады және бетон жақсы тығыздыққа ие болады. Бетонның құрылым түзілуін, оның беріктігін көтеру, суыққа төзімділігін, сусіңірмеушілігін жақсарту үшін алғашқы дірілдету сәтінен 1,5-2 сағаттан соң бетон қоспаларына қайтадан дірілдетуді қолданады.
Жоғарғы сапалы бетон алу үшін жаңа төселген бетонға сәйкесінше бап қажет. Жаңа төселген бетонға жақсы баптау жасалынбаса төменгі сапалы бетон алынады. Бетонды баптау бойынша негізгі шаралары-жақсы ылғалданған қапшықпен, құммен, ағаш үгіндісімен, үлдір жабынмен жабу. Бетон қоспасын төсеген соң 30 минуттан ұзақ емес жабуды қадағалау керек. Қыс мезгілінде баптаудың келесі әдістерін жүзеге асырады: жылытқышсыз және жасанды қыздыру. Жылытқышсыз әдісіне суыққы қарсы қоспалармен жылыту жатады. Бетонды жасанды жолмен қыздыру электрлі қыздырғыш, бумен қыздыру, ауамен қыздырулар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет