4. ДӘрістер тезистері


Атмосфера құрамындағы ылғал



бет10/19
Дата20.10.2023
өлшемі66.72 Kb.
#481211
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
лекция

Атмосфера құрамындағы ылғал. Атмосфера құрамында жалпы көлемі 13 мың км3 болатын су буы бар, оның атмосферадағы үлесі ұдайы өзгеріп отырады. Ауаның ылғал сыйымдылығы оның температурасына байланысты болады. Температурасы жоғарылаған сайын ауа өзінің құрамында неғұрлым көп су буын ұстай алады, суық ауа қанығу шегіне анағұрлым жылдам жетеді. Жылы, ылғалды ауа жоғары көтерілген кезде суынып, конденсацияланады.

1

7

7 дәріс
Атмосфералық қысым


Лекцияның жоспары:
1.Атмосфералық қысым.
2. Қысымның географиялық ендіктер бойынша таралу заңдылығы


Атмосфералық қысым. Жер шарын қоршап тұрған атмосфера өзінің салмақ күші арқылы жер бетіне қысым түсіреді, оны атмосфералық қысымдеп атайды. Қазіргі кезде атмосфералық қысымды гектопаскальмен (гПа) көрсетеді. Қалыптағы атмосфералық қысым ретінде оның теңіз деңгейіндегі орташа көрсеткіші (1013 гПа) алынады. Қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобаралардеп атайды. Атмосфералық қысымды металдан жасалған барометр-анероидпен өлшейді.
Атмосфералық қысым Жер шарының кез келген бөліктерінде үздіксіз өзгеріп отырады. Тропиктік белдеуде қысымның тәуліктік өзгерістері айқынырақ байқалады. Кейде тәулік ішінде қысым айырмашылығы 20-30 гПа-ға жетуі мүмкін. Атмосфералық қысымның жылдық өзгерістері материктердің орталық бөлігінде күштірек байқалады. Мәселен, Гоби шөлінде бұл көрсеткіш тіпті 40 гПа-ға жетеді, мұнда қысым максимумы қаңтарда, минимумы шілдеде байқалады. Материктер шетіндегі муссонды облыстарда және мұхиттардың жоғары ендіктерде жатқан бөліктерінде атмосфералық қысымның жылдық ауытқулары едәуір болады. Владивостокта бұл көрсеткіш 14 гПа, ал Бомбейде 10 гПа шамасында.
Атмосфералық қысым биіктікке қарай да өзгереді, бұл ең алдымен ауа температурасының биіктікке қарай таралуына байланысты. Мәселен, Еуропада қысымның орташа жылдық көрсеткіші теңіз деңгейінде 1014 гПа болса, 5 км биіктікте – 538 гПа, 10 км биіктікте – 262 гПа, ал 20 км биіктікте бар болғаны 56 гПа ғана. Жер шарының басқа аудандарында да атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгерістері шамамен осындай болады.
Атмосфералық қысымның географиялық таралуы өте күрделі сипат алады. Өйткені ол географиялық ендікке, құрлық пен мұхиттың арасалмағына, жергілікті физикалық-географиялық жағдайға байланысты болады. Жалпы Жер шарында географиялық ендіктерге байланысты 3 төмен қысым белдеуі, 4 жоғары қысым басым белдеу ажыратылатынын білесіңдер. Бірақ жеке материктер мен мұхиттар бойынша бұл белдеулердің жергілікті айырмашылықтары болады. Мәселен, қыс кезінде қоңыржай ендіктерде қалыптасатын максимумдардағы қысым Канада жерінде 1020 гПа болса, ал Азияда 1035 гПа-ға жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет