4. ДӘрістер тезистері



бет1/19
Дата20.10.2023
өлшемі66.72 Kb.
#481211
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
лекция




4. ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ



Апта №

Дәріс атауы және тезистері




1

1 дәріс
Кіріспе. «Жалпы жертану» пәнінің мақсаты мен міндеті.

География мамандарын дайындауда «Жалпы жертану» пәні негізгі оқу пәні болып есептеледі. «Жалпы жертану» жаратылыстану пәндері қатарына жатады. Оның негізгі зерттеу нысаны Жер ғаламшарының географиялық қабығы, оның ұзақ геологиялық уақыт аралығындағы даму, өзгеру заңдылықтары.


Пән мақсатыжалпы планеталық географиялық қабықтың құрылысын уақыт пен кеңістіктегі даму заңдылықтарымен, олардың өзара байланысын кеңінен таныстырып, толық мағлұмат беру.
Пән міндеті – жалпы заңдылықтарға бағынған географиялық қабық құрамдас бөліктері (атмосфера, гидросфера, литосфера) және биосферадағы тірі заттардың өзара байланысы мен бір-біріне бағынышты әрекеттерін оқып білу.
Географиялық қабық өзін құрайтын негізгі компоненттері: тау жыныстары және олардың негізінде қалыптасатын жер бедері, су, ауа, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі арасындағы арасындағы өзара байланысқа тікелей тәуелді. Егерде бір компонентте өзгеріс пайда болса, ол екінші компоненттің қасиеттеріне тікелей әсер етеді. Осыдан келіп географиялық қабықтың ең негізгі заңдылығы – біртұтастық заңдылығы қалыптасады.
Географиялық қабық біртұтас планеталық масштаб құра отырып, мозаика тәрізді жекелеген жай және күрделі құрылымды табиғат кешендерінен тұрады. Жалпы жертану курсында географиялық қабықтың аумақтық жіктелуі туралы мәліметтер ауқымды көрсетіледі. Осы пәннен алған білім студенттердің географиялық қабықтағы өзара байланысты және бағынышты сипаттарды иеленген табиғи процестер мен құбылыстардың толассыз дамуы нәтижесінде қалыптасқан материалдық жүйе ролін атқаратын жалпылама табиғатқа деген көзқарасты қалыптастырады және оны одан әрі жетілдіре түседі.
«Жалпы жертану» жалпы физикалық география ғылының негізі болғандықтан, оның басты зерттеу нысаны – географиялық қабық және оның компоненттері. Олар: геоморфология (жер бедерін зерттеу ғылымы), климатология (климатты зерттейтін) және метеорология (ауа райы), океанология (дүниежүзілік мұхитты зерттейтін), гидрология (құрлық суын зерттейтін), топырақтану (топырақтың қалыптасу заңдылығын зерттейтін), биогеография (биоценоздарды үйлестіру және оларды түзетін организмдердің жүйелену заңдылықтырын зерттейтін) сияқты аса маңызды ғылым салаларымен тығыз байланысты.
Сонымен қатар Жердің палеогеографиялық тарихи дамуының зерттелу мәліметтеріне негізделе отырып, географиялық қабықтың қазіргі жағдайынан да толық мағлұмат береді.






2



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет