4. ДӘрістер тезистері


дәріс Ғарыш әлемі және Жер



бет2/19
Дата20.10.2023
өлшемі66.72 Kb.
#481211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
лекция

2 дәріс
Ғарыш әлемі және Жер


Лекцияның жоспары:
1. Галактика ұғымы.
2. Жұлдыздар мен Күн жүйесі.
3. Ғаламшарлар (планеталар) мен олардың серіктерінің өзара әрекеті.
4. Шағын аспан денелері: астероид, комета, метеорлар; Олардың Жерге әсері.

Ғарыш – бізді айнала қоршап тұрған материалық әлем. Ол уақытпен кеңістік арасында шексіз. Ондағы материалдық денелер Галактика, жұлдыздар, ғаламшарлар, олардың серіктері, астероид, комета және т.б. түрінде жинақталған. Көзге көрінетін массаның 98 пайызы жұлдыздарда жинақталған. Ғарыштағы денелер әртүрлі деңгейдегі күрделі жүйелерді құрайды. Мысалы: Жер өзінің серігі Аймен бір жүйе құрайды. Ол оданда күрделі Күн жүйесіне кіреді. Күн жүйесі өзінің 9 планетасы және серіктері астероид, комета метеорларымен бірге Галактика жүйесіне кіреді. Ал Галактика шоғырлары метагалактикаға, яғни ғарыш әлемінің тек арнаулы аспаптар көмегімен көрінетін бөлігіне кіреді.


Күн жүйесінің құрамы: Темірлі-тасты заттардан тұратын Жер тобындағы планеталар өлшемдерінің кіші болуымен және басқа да параметрлері бойынша Юпитер тобындағы флюидты планеталардан айырмашылық жасайды. Мысалы, Юпитер массасы Жер массасынан 310 есе асып түседі, ал тығыздығы Жердің 24% құрайды.
Планеталар арасындағы өзіндік шекара астероидтар белдеуі – әр түрлі өлшемдегі ғарыштық қатты денелер жиынтығы. Ол не бұрын болған Фаэтон планетасының қалдықтары немесе қалыптаспай қалған тағы бір планета. Қазіргі таңда диаметрі 450-1054 км болатын 2000-нан аса ірі астероидтар тіркелген (Церера, Паллада, Кета). Астероидтардың көпшілігі Марс пен Юпитер орбиталарының арасында орналасқан және 20 км/сек жылдамдығымен Күннің айналасында 3-9 жылға дейінгі уақыт аралығында айнала қозғалады.
Күн. Күн – ысып тұрған газды шар. Күн өз осінен Жер орбитасы жазықтығына 7°15′ бұрышымен еңкіштенген жазықтық бойымен айналады. Күннің беткі қабаттарының айналу жылдамдығы әр тірлі гелиографиялық ендіктерде әр қандай болады. Экватор бойында айналу периоды 25,04 күн тәулігіне, 30° ендікте 26,41 тәулік, полярлық облыстарда 36 тәулікке тең. Күн энергиясының бастауы – ядродағы циклдық реакциялар. Бұл кезде сутегінің көмірегі ядросы көмегімен гелийге айналуы жүреді. Күндегі сутегі жарықтың оншақты миллиард ылға сақталуын қамтамасыз етеді. Жерге тек Күн энергиясының 2 млрд.- тан бір бөлігі ғана түседі.
Ғаламшар. Бізді қоршаған ортаның қасиеттерін танып білу үшін ең алдымен оның ғарыш кеңістігіндегі орнын анықтау керек. «Ғаламшар» сөзі айналамызды қоршап жатқан уақыт және кеңістікте шексіз, материалдық дүниенің (метагалактика) бір бөлігі дегенді білдіреді. Бұдан, ол шындығында бар әлем емес, тек қазіргі уақытта белгілі ғаламшар шекараларын бақылаудың озық мүмкіндіктері туындаған сайын олардың ауқымы мен аумағы кеңейе түсетіндігін көрсетеді деген сөз.
Ғаламшарды зерттеу барысында жаратылыстанудың негізгі заңдылықтарының барлығы оған да тән екені анықталдыды. Ғаламшар тұрақты объект емес, яғни оның қалпы уақытқа тәуелді. ХХ ғ. соңындағы зерттеулер бойынша ғаламшардағы материяның дамуында жарылыс процестері белгілі бір рөл атқаратындығы анықталды. Қазіргі таңда ғаламшардың пульсациясы гипотезасы да бар. Мұндай тұрғыдан қарағанда ғаламшарды мәңгілік деп айту мүмкін емес, жасы мөлшермен 13 тен 18 млрд. жылдар шамасында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет