Сыртқы күштер әрекеті. Сыртқы күштер болып табылатын күн сәулесі энергиясы мен ауырлық күші эндогендік әрекет нәтижесінде қалыптасқан жер бедері пішіндерін бұзумен қатар, жер бедерінің жаңа пішіндерін де түзеді. Сыртқы күштер біріне-бірі жалғасып кететін үш тізбекті әрекеттер жүйесінен құралады: 1) үгілу — тау жыныстарының бұзылуы, бұл әрекет жер бедерін түзбейді, тек қана үгілу өнімдерін даярлайды; 2) денудация— үгілген өнімдердің тау беткейлерімен төмен сыбағалы салмағына қарай сырғуы; 3) аккумуляция—үгілу өнімдерінің бір жерден екінші жерге тасымалдануы. Соңғы екі әрекеттің әсерінен тегістелген жазық жерлер (пенеплен) түзіледі.
Үгілу әрекеті нәтижесінде тау жыныстарының химиялық құрамы өзгеріске ұшырамасафизикалық үгілу, ал минералдық құрамы өзгеріске ұшырай отырып үгітілсе химиялық үгілу деп аталады.
Тау жыныстарының кристалдық торларының әртүрлі температуралық өзгерістер әсерінен кеңеюі мен сығылуының түрліше болуы физикалық үгілуге негіз болады. Бұл өзгерістер жыл маусымдары айқын ажыратылатын аудандар мен климат континенттілігі жоғары болатын, әсіресе тәуліктік температура үлкен айырмашылық жасайтын жерлерде қарқынды жүреді. Мұндай аудандарда үгілу өнімдері қиыршық тасты қорымдарды түзеді. Тау жыныстарындағы ұсақ жарықшақтарға су кіріп, ол кеңейеді, түнге қарай мұз қатып, жарықтар одан әрі ұлғаяды. Мұндай құбылыс поляр маңы мен биік таулы жерлерге, сондай-ақ Сахара сияқты табиғаты “қатал” шөлдерге тән.
|
1
|
13
|
13 дәріс
БИОСФЕРА
Лекцияның жоспары:
Биосфера туралы түсінік
Биосфераныңқұрамыменқұрылымы
Биосфераның даму кезеңдері. Ноосфера ұғымы
Биосфераны қорғау проблемалары
Биосфера туралы түсінік. Биосфера Жердің “тіршілік қабығы” деп аталатыны сендерге мәлім. Биосфера терминін ғылымға 1875 жылы алғаш енгізген аустриялық ғалым Э.Зюсс болатын. Ал 1926 жылы орыс ғалымы В.И.Вернадский биосфера туралы ілімді негіздеп, оның анықтамасын ұсынды. В.И.Вернадский іліміне негізделе отырып, бүгінгі күн тұрғысынан алғанда биосферадеп ғаламшарымыздағы барлық тіршілік дүниесі мен олардың арасындағы өзара зат және энергия айналымы тұрақты жүзеге асатын Жердің ерекше қабығын атайды.
Биосфера атмосфераның төменгі бөлігін, гидросфераны және литосфераның жоғарғы қабаттарын қамтиды. Тіршілік дүниесінің өнімдері олардың тіршілік ортасы шеңберінен шығып, кеңістік бойынша мейлінше емін-еркін таралады. Сондықтан да тіршіліктің таралу ареалы мен биосфераның шекарасы барлық жерде бірдей сәйкес келе бермейді.
Биосфераның жоғарғы және төменгі шекарасы туралы ғалымдар арасында әлі де нақты мәліметтер жоқ. Тірі организмдер атмосфераның төменгі бөлігінде, әсіресе 100 метр биіктікке дейін өте тығыз орналасады. Бірақ жыртқыш құстар биікке еркін көтеріледі, мәселен кондор 7 км биіктікке дейін көтеріле алады. Ал жоғары көтерілген ауа толқыны микроорганизмдерді, бактериялар мен әртүрлі спораларды 10 км биіктікке дейін көтереді. Тірі организмдердің таралу мүмкіндігін ескере отырып, биосфераның жоғарғы шекарасын озон қабаты (25-30 км), төменгі шекарасын жер қыртысындағы гипергенез зонасы(бірнеше жүз метрден бірнеше км дейін) мен Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең мұхит шұңғымаларының табаныарқылы жүргізеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |