- электролиттер суда еріген кезде оң және теріс иондарға ыдырайды (диссоциацияланады) катодқа (-) тартылады, оларды катиондар деп атайды, теріс зарядталған иондар анодқа (+) тартылады, оларды аниондар деп аталады; - диссоциация – қайтымды процесс, ыдыраумен қатар иондардың қосылуы процесі жүреді. Электролиттік диссоциациялануды химиялық теңдеу арқылы өрнектейді: КА ↔ К+ + А- Мысалы: НCl = H+ + Cl- - Св.Аррениус ерітіндіде электролиттің қандай да бір бөлігі диссоциацияланатын болғандықтан, электролиттердің диссоциациялану дәрежесі деген ұғымын ұсынды.
- Иондарға ыдыраған молекулалар санының ерітуге алынған электролит молекулаларының жалпы санына қатынасы электролиттің диссоциациялану дәрежесі деп аталады.
Диссоциациялану дәрежесіне келесі факторлар әсер етеді: еріген заттар мен еріткіш табиғаты, температура, ерітінді концентрациясы және аттас иондардың әсері. - Диссоциациялану дәрежесіне байланысты әлсіз және күшті электролиттер болып бөлінеді
Әлсіз
|
Күші орташа
|
Күшті
|
< 3%
|
3%<<30%
|
>30%
|
Cu(OH)2, Fe(OH)3, AІ(OH)3, Cr(OH)3 суда ерімейтін тұздар мен негіздер
|
H3PO4 H2SO3 , HF,
Fe(OH)2, Ве(OH)2,АІ(ОН)3
суда аз еритін тұздар
|
LIOH, КOH, NaOH, CsOH, H2SO4, HCI, HNO3 HCIO3 , HCIO4 , HBr , HІ
суда жақсы еритін тұздар
| Диссоциациялану костантасы - Әлсіз электролит ерітіндісінде молекулалар мен иондар арасында орнаған тепе-теңдіктің константасын жазуға болады. Мысалы
Достарыңызбен бөлісу: |