3.2. АВТОМОБИЛЬ КӚЛІГІНДЕГІ
ЖАҒДАЙ МЕН ЕҢБЕК РЕЖИМІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Автомобиль көлігіндегі жағдай мен жұмыс режимі өзге салалардың жұмыскерлеріне тəн жəйттермен салыстырғанда, елеулі айырмашылықтарға ие. Бұндай айырмашылықтар өндіріс саласы болып табылатын автомобиль көлігі жұмысының ерекшеліктеріне байланысты.
Көлік құралдары жүргізушілері үшін жұмыс жағдайының өзіне тəн ерекшеліктері мыналар болып табылады:
■ көлік үдерісінің үзіліссіз сипаты;
■ қоршаған жол жағдайының маңыздылығы;
■ автомобильді басқарған кездегі үлкен психо-физиологиялық жүктемелер;
■ өзбетіншелік пен жауапкершіліктің жəне басқа дадеңгейлердің жоғарылығы.
■ Көлік құралдарының жүргізушілері жұмысының үдемелі жəне қызу болуы жиі-жиі шаршап-шалдығуға, жүйкенің сыр беруіне, көңіл бөлудің төмендеуіне жəне т.б. əкеледі. Мұндай хал-ахуал жұмыс үдерісіндегі табиғи физикалық шаршаудан айрықшаланады, бұл біршама демалыстан кейін лезде басылады, сондықтан еңбек жəне демалыс режимін белгілеуде есепке алынуы қажет.
Жүргізушілердің еңбегін тиімді ұйымдастыру көлік құралдарын тиімді пайдаланудың жəне еңбек заңнамасы нормалары мен ережелерін сақтауда тапсырыс берушілердің сұраныстарын неғұрлым толық қанағаттандыруда маңызды шарт болып табылады. Көлік үдерісін дұрыс ұйымдастыру көлік құралдарының жұмысын дəлме-дəл қамтамасыз етуге, еңбек заңнамасында белгілеген жұмыс уақытының ұзақтығын, демалу жəне үзілістерді тамақтануға тиесілі уақытты сақтауға, есепті кезең ішінде жұмыс уақытын толық пайдалануға жəне соның нəтижесі іспеттес, жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізуі тиіс.
Жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілердің еңбегі мен демалыс режимі Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің 20.08.2004 жылғы № 15 Бұйрығымен бекітілген Автомобиль жүргізушілерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктері жөніндегі Тəртіпке (бұдан əрі – Тəртіп) сəйкес белгіленеді.
Осы Тəртіптің ықпалы Ресей Федарациясы аумағында тіркелген ұйымдарға тиесілі автомобильдерде, олардың ұйымдастыру-құқықтық түрлеріне, меншік түрлеріне жəне ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, еңбек келісім-шарты (контракт) бойынша жұмыс жасайтын жүргізушілерге қолданылады; Ресей Федерациясы аумағында коммерциялық мақсатпен жүктерді тасымалдауды жүзеге асырып жүрген кəсіпкерлерге, сондай-ақ өзінің жеке өндірістік қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін автомобильдерді пайдаланып жүргендерге де қолданылады. Жоғарыда көрсетілген тəртіптің ықпалы халықаралық жүк тасымалдау жұмыстарымен айналысатын жүргізушілерге жəне жұмысты ұйымдастырудың вахталық тəсілімен бригадалар құрамында жұмыс жасайтын жүргізушілерге қолданылмайды.
Тұтастай алғанда жүргізушінің жұмыс уақыты мынадай тұрғыда көрінеді:
■ автомобильді басқару уақыты;
жолда жəне соңғы пункттерде автомобильді басқару барысында қысқа мерзімді демалыс үшін аялдау уақыты;
■ жолға шығар алдындағы жəне сапардан оралған кездегі соңғы даярлық-қорытынды жұмыстары;
■ жолға шығар алдындағы жəне сапардан оралған кездегі жүргізушінің медициналық бақылаудан өтетін уақыты;
■ түсіру-тиеу пункттеріндегі аялдау уақыты, жолаушыларды түсірумінгізу орындарындағы уақыт;
■ жүргізушінің кінəсінен болмаған іркілістер мен бостан-босқа тоқтаулар уақыты;
■ жұмыс барысында туындап, бұзылған жүйелерді жоюға жұмсалған уақыт;
■ егерде аталмыш міндеттер еңбек келісім-шарттарында көрсетілсе, жүк пен автомобильді ең шеткі жəне аралық пункттердегі тұрақтарда күзету уақыты;
■ екі жүргізушіні рейске бағыттау кезінде жүргізушінің автомобильді басқармағанда, оның жұмыс орнында қатысу уақыты;
■ Ресей Федерациясы заңнамасында қарастырылған басқа да жағдайлардағы уақыт.
Жүргізушілердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан асуы мүмкін емес. Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасында жұмыс жасайтын жүргізушілер үшін, күн сайынғы жұмыс (ауысым) ұзақтығы 8 сағаттан, ал алты күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс жасайтындарға – 7 сағаттан аспауы тиіс.
Жұмыс жағдайын ұйымдастырудың өзіне тəн сипатына орай көлік жүргізушілері үшін күн сайынғы немесе əр аптадағы жұмыс уақытының ұзақтығы əрдайым сақтала бермеуі мүмкін.
Мұндай жағдайларда жүргізушілерге жұмыс уақытының жинақталған есебі (əдеттегідей, бір айға) белгіленеді. Жұмыс уақытының жинақталған есебін белгілеу туралы шешім жұмыс берушінің тиісті сайлау органының келісімі бойынша, ал ол болмаған жағдайда, жұмыскермен келісу бойынша жүзеге асады.
Жұмыс уақытының есебін жинақтағанда жүргізушінің күн сайынғы жұмыс ұзақтығы 10 сағаттан аспауы қажет.
Есепті кезең ішінде жұмыс уақытының ұзақтығы жұмыс сағаттарының қалыпты санынан аспауы керек.
Жүргізушіге халықаралық жүк тасымалдау істерін жүзеге асыру жағдайында демалыс орнына жетуге мүмкіндік беру үшін, күнделікті жұмыс ұзақтығы 12 сағатқа дейін көбейтілуі мүмкін.
Егерде жүргізушінің автомобильде болу ұзақтығы 12 сағаттан асатын болса, рейске екі жүргізуші жіберіледі. Осы орайда мұндай автомобиль жүргізушінің демалуы үшін ұйықтайтын орынмен жабдықталуы қажет.
Денсаулық сақтау мекемелері, коммуналдық қызмет, телеграф, телефон байланысы, апатты жұмыстар қызметі үшін жүк тасымалдайтын, жалпылай пайдаланатын автомобиль жолдарына шықпай-ақ технологиялық жүктерді тасымалдайтын, мемлекеттік билік органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару жəне ұйым жетекшілеріне қызмет жасайтын қызметтік жеңіл автомобильдерде тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерге, күн сайынғы жұмыс (ауысым) ұзақтығы, егерде күн сайынғы жұмыс (ауысым) кезеңі ішінде автомобильді басқарудың жалпы ұзақтығы 9 сағаттан аспаса, 12 сағатқа дейін көбейтілуі мүмкін.
Жүйелі түрде қала, қала маңы жəне халықаралық автобус маршруттарында жұмыс жасайтын автобус жүргізушілеріне, олардың келісімімен жұмыс күні екі бөлікке бөлінуі мүмкін. Бөлу жұмыстарын жұмыс беруші жұмыскерлердің өкілдік органы пікірлерін есепке алып қабылданған, нормативті акт негізінде жүргізеді. Жұмыс күнінің екі аралығындағы үзіліс жұмыс басталғаннан кейін кем дегенде 4 сағаттан кейін белгіленеді.
Жұмыс күнінің екі бөлігі арасындағы үзіліс ұзақтығы демалыс пен тамақтану үшін уақытты есептемегенде 2 сағаттан артық болмауы қажет. Ауысымның екі бөлігіндегі үзіліс уақыты жұмыс уақытына қосылмайды.
Жеңіл автомобиль (автомобиль-таксилерден басқа) жүргізушілеріне, сондай-ақ дала жағдайында геологиялық-барлау, топографиялықгеодезиялық жəне іздеу-зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын экспедиция жəне іздеу-зерттеу партиясы жұмыстары автомобильдерінің жүргізушілеріне қалыпты емес жұмыс күні белгіленуі мүмкін.
Күн сайынғы жұмыс (ауысым) кезеңі ішінде автомобильді басқару уақыты 9 сағаттан аспауы мүмкін, ал таулы жерлерде жолаушыларды тасымалдауда автобустардың шектік көлемінің ұзындығы 9,5 метрден асса жəне ауыр салмақты, ұзын өлшемді жəне ірі шекті жүктерді тасымалдаса, 8 сағаттан аса алмайды.
Күн сайынғы жұмыс (ауысым) кезеңі ішіндегі автомобильді басқару уақыты жұмыс уақытын жинақтап есептеу кезінде 10 сағатқа дейін көбейтілуі мүмкін, бірақ аптасына 2 реттен артық болмауы тиіс. Осы орайда автомобильді басқару ұзақтығының жалпы жиынтығы қатарынан екі аптада 90 сағаттан асуы мүмкін емес.
Жүйелі қала жəне қала маңы маршруттарында жұмыс жасайтын автобус жүргізушілері үшін жұмыс уақытын жинақтап есептеуде автомобильді басқару уақытының жиынтық есебі ендірілуі мүмкін. Осы орайда автомобильді басқару уақыты ұзақтығының жиынтығы қатарынан 2 апта ішінде жұмыс уақытының (мерзімнен тыс жұмыс) қалыптан тыс ұзақтығы кезеңінде автомобильді басқаруды есепке алғанда 90 сағаттан асуы мүмкін емес.
Автомобильді үзіліссіз басқарудың алғашқы 3 сағатынан соң халықаралық тасымалдауларда жүргізушіге автомобильді басқарудан демалу үшін жол бойында ұзақтығы 15 минуттан кем емес арнайы үзіліс беріледі. Одан əрі мұндай үзілістер кем дегенде əрбір 2 сағаттан соң қарастырылады. Егерде арнайы үзілісті беру уақыты демалыс жəне тамақтану үзілісімен тұспа-тұс келсе, арнайы үзіліс берілмейді.
Жүк пен автомобильді күзету уақыты кем дегенде 30% көлемінде жүргізушінің жұмыс уақытына есептеледі.
Егерде тасымалдау бір автомобильде екі жүргізуші арқылы жүзеге асса, жүк пен автомобильді күзету уақыты бір ғана жүргізушінің жұмыс уақытына есептеледі.
Екі жүргізушіні рейске жібергенде автомобильді басқармайтын жүргізушіге өзі жұмыс орнында болғанда, оған кем дегенде 50 % көлемінде жұмыс уақыты есептеледі. Жүргізушінің жұмыс орнында болуының нақты ұзақтығын, рейске екі жүргізушіні жібергенде ол автомобильді басқармағанда, ұйым жұмыскерлерінің өкілдік органының пікірлерін есепке алып, жұмыс беруші белгілейді.
Жүргізушілерге басқа да мерзімнен тыс жұмыстарды қолдану, РФ ЕК-де қарастырылған жағдайлар мен тəртіптерде ғана жол беріледі. Осы орайда мерзімнен тыс жұмыстар əрбір жүргізуші үшін екі күн қатарынан 4 сағаттан жəне жылына 120 сағаттан аспауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |