4. ЕҢбек қОРҒау және тіршілік қауіпсіздігі


ГАЗ ОТЫНЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН



бет21/51
Дата30.06.2022
өлшемі7.41 Mb.
#459562
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51
Кланица Автомобиль-көлігіндегі-еңбекті-қорғау.-Оқу-құралы

4.4.2. ГАЗ ОТЫНЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН
АВТОМОБИЛЬДЕРГЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖӨНДЕУ КЕЗІНДЕГІ
ҚОСЫМША ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
Газ отынында жұмыс істейтін автомобильдерге техникалық қызмет көрсету жəне оларды жөндеу жұмыстарын сұйық отынмен жұмыс істейтін автомобильдермен бірге бір ғимарат ішінде жүзеге асыруға болады, тек бір автомобильдің ең көп мөлшердегі сұйықтық құйылатын баллондардың максималды санынан тұратын бір секциядағы газдың толығымен шығарылып тастау қажеттігі (апатты жағдай), өндірістік ғимараттағы газдың шоғырлануы тығыздалған табиғи газ үшін – ғимараттың бос көлемінің 1 м3-не 1,1 г-нан аспауы, ал сұйылтылған мұнай газы үшін 1 м3-ге 1,45 г-нан аспауы шарттары сақталуы тиіс.
Газ отынында жұмыс істейтін автомобильдер техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу бекеттеріне сұйық отынға ауыстырылғаннан кейін ғана кіре алады.
Техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу аймағына кірерден бұрын, автомобильдің газ жүйесінің бүтіндігін арнайы бекетте тексеру керек. Жарылған немесе сызаты бар, бүтіне емес газ жүйесімен ғимаратқа кіруге тыйым салынады.
Техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде келесілерді орындау қажет:
автомобильдің капотын ашып, капот асты кеңістікті желдету;
■ газ аппартурасын шешу, орнату жəне жөндеу жұмыстарын тек арнайы керек-жарақтар мен аспаптар, құралдардың көмегімен ғана орындау;
■ газ аппаратурасының агрегаттарын тек қозғалтқыш суығаннан кейін ғана шешу;
■ шығыс шұралары жбық, магистральді шұралары ашық күйінде сығылған ауамен, азотпен немесе басқа да инертті газдар мен газ жүйесінің бүтіндігін тексеру;
■ газ құрылғысын ластанудан жəне механикалық зақымданудан сақтау;
■ келтеқосқышты майтүтіктерді тек қамытшалардың көмегімен бекіту.
Дəнекерлеу, сырлау жұмыстары, сондай-ақ, газ қуаттау жүйесінің ақауларын жою немесе оны шешіп алумен байланысты жұмыстар жүргізіліп жатқан автомобильдің баллонындағы газ алдын-ала арнайы бөлінген орында шығарылып (төгіліп), ал баллондары сығымдалған ауамен, азотпен немесе басқа да инертті газбен үрленуі қажет.
Газ қуаттау жүйесінің аспаптарын тікелей автомобильде реттеу басқа бөлмелерден қабырғалар (қалқан-шымылдықтар) арқылы оқшауланған, арнайы жеке жабдықталған жəне қолданыстағы талаптарға жауап бере алатын ғимаратта жүзеге асыру қажет.
Жоғары немесе төмен қысымдағы редукторларың, электромагнитті тиек қысымтығынының кез-келген ақауы анықталған жағдайда шығыс жəне магистральді шұраларды жабу қажет, ал ақауы бар тораптарды автомобильден шешіп алып, арнайы шеберханаға немесе мамандандырылған телімге тексеруге жөнелту қажет.
Қуаттау жүйесіндегі барлық газ құбырлары өндіруші зауыттың талаптарына жауап бере алуы тиіс.
Газ отынында жұмыс істейтін автомобильдерге техникалық қызмет көрсету жəне оларды жөндеу кезінде мыналарға тыйым салынады:
■ қысыммен тұрған газ аппаратурасы мен газ құбырының бөлшектерін автомобильден шешіп алуға жəне бұрандалы қосылыстарды тартуға;
■ сығымдалған газды атмосфераға шығарып жіберуге немесе сұйылтылған газды жерге төгуге;
■ майтүтіктер мен түтіктерді шиыршықтауға, майыстыруға, бүктеуге; майланған майтүтіктерді қолдануға;
■ жасанды майдагерлік өндірістің газ құбырларын орнатуға;
■ магистральді жəне шығыс шұраларын ашу жəне жабу кезінде қосымша иінтіректерді қолдануға;
■ майтүтіктерді бекіту үшін сымды немесе басқа да заттарды қолдануға.
Газ отынында жұмыс істейтін автомобильдерді күрделі жөндеуге беруден бұрын баллондардағы газ толығымен өңделіп (шығарып жіберілген, төгілген) болып, ал баллондардың өздері болса газдан толық тазартылған болуы керек. Қажет болған жағдайда, баллондар газ аппаратурасымен бірге шешіп алынып, қоймаға сақтауға берілуі мүмкін.
Баллондарды техникалық қызмет көрсет, жөндеу жəне газ құю кезінде сығымдалған газ ағынының дененің ашық бөліктеріне түсіп кетуіне жол бермеу үшін сақтық шараларын сақтаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет