4. ЕҢбек қОРҒау және тіршілік қауіпсіздігі


АВТОКӨЛІКТЕРГЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ



бет17/51
Дата30.06.2022
өлшемі7.41 Mb.
#459562
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Кланица Автомобиль-көлігіндегі-еңбекті-қорғау.-Оқу-құралы

4.2.3. АВТОКӨЛІКТЕРГЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ЖАЙЛАРЫНА
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу жұмыстары қажетті құрылғылармен, құралдармен, аспаптармен жəне құралсаймандармен жарақталған арнайы орындарда (бекеттер) жасалады, олар кəсіпорынның өндірістік ғимараттарындағы техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу аймақтарында орналасады.
Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу жұмыстары жүргізілетін жайлар барлық технологиялық операциялардың қауіпсіз жəне рационалды орындалуын, еңбек етудің санитарлық-гигиеналық шарттарының толық сақталуын қамтамасыз етуі керек.
Жұмыс орынындағы микроклиматты, шаңдануды, газдануды, шу деңгейін, дірілді(вибрация) жəне жарықты бақылау жылына кем дегенде 1 рет өткізіледі, бақылаудың нəтижелері кəсіпорынның санитарлықтехникалық ахуалын көрсететін паспортқа жазылады.
Өндірістік ғимараттардың едені тегіс жəне мықты, беті жылтыр, бірақ тайғанақ емес, тазалауға ыңғайлы болуы қажет. Қышқылдар, сілтілер жəне мұнай өнімдері қолданылатын орындарда едендер бұл заттардың əсеріне қарсылығы бекем жəне оларды өзіне сіңірмейтінболуы керек. Едені салқын жұмыс орындары ауыстырылатын ағаш төсемдермен жарақталған болуы керек.
Аккумуляторлық жұмыстарды жүргізу үшін үш бөлме қарастырылу керек, олар басқа жұмыс бөлмелерінен оқшаулануы, стеллаждар жəне верстактармен, жергілікті ауа тартқыш желдетумен жабдықталуы қажет: бір бөлме – аккумулятор батареяларын жөндеу үшін, екінші – аккумулятор батареяларына қуат беру үшін, үшінші – қышқылдарды сақтау жəне электролитті дайындау үшін.
10 данадан аспайтын батареяларды бір уақытта қуаттау бірыңғай жағдай ретіндежəне техникалық еңбек инспекциясының келісімімен оларды аккумулятор батареяларын жөндеу бөлмесінде жеке ауа тартқыш желдетуі бар соратын шкафтарда жүргізуге болады, ауа тартқыш желдетудің қосылуы қуаттау құрылғысымен бірге блокталуы тиіс.
Аккумуляторлық жұмыстар бөлмесіне есіктері сыртқа қарай ашылатын дəліз (тамбур) арқылы кіру қажет. Аккумулятор бөлмесіне кіре берісте «Аккумуляторлық бөлме – өрт қауіпті – темекі шегуге тиым салынады» деген жазулары бар плакат жəне қауіпсіздік белгісі ілінеді. Аккумуляторлық бөлімшелердің (учаскелер)электрлік жабдықтары жарылысқа қауіпсіз түрде орындалуы қажет.
Егер жалпы өндірістік жайдың ішінде өндіріс технологиясына сай зиянды заттар бөлінетін (газ, шаң, бу жəне т.б.), ысу немесе шу болатын жұмыстар жүргізілетін болса, онда ол жұмыстар, басқалардан бөлменің төбесіне дейін көтерілген қабырғалармен оқшауланған, бөлек жайда жүргізілуі қажет.
Автокөліктерді жуу алаңқайлары 2% кем емес еңіспен, су қабылдағыш құдықтар мен арықтарға бағытталып салынады, су қабылдағыш құдықтар мен арықтар автокөліктерді жуған суларды кəсіпорынның территориясына түсуге мүмкіндік бермеу керек. Жуу бекеттерін басқа бекеттарден қабырға немесе бу жібермейтін немесе суға төзімді аралық арқылы бөлу қажет.
Қабатаралық ойықтарды биіктігі 0,9 м кем емес шарбақтармен қоршайды. Шарбақтардың төменгі жағына еденнен биіктігі 0,1 м кем болмайтын борттық жиек қойылады.
Ацетилендік генераторларды орнату үшін оқшауланған бір қабатты шатыры жəне жертөлесі жоқ, жабын құрылымы тез алынатын, есігі тікелей сыртқа шығатын жəне ашылатын ғимарат пайдаланады. Ацетилендер стацияларының бөлмелеріне, қабырғаның қуысына арнайы орнатылған терезенің фрамугасы арқылы сырттан жарық беріледі немесе ерекше түрдегі басқа да фонарлар арқылы жарықталады, сондай–ақ бұл бөлмелер механикалық ауа беретін-соратын желдеткішпен жəне табиғи желдеткішпен жабдықталу керек.
Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу жұмыстары жүргізілетін аймақтарда қатар орналасқан тұйық арықтар туннелдермен жəне траншеялармен байланысу керек. Тіке ағушы түрдегі арыққа кіру жəне одан шығу туннель арқылы жүзеге асырылады. Алаңшасы бар ауыстырмалы баспалдақты қолдануға рұқсат беріледі, ол сонымен қатар жаяулар өтетін көпірше қызметін де атқарады.
Траншеялар мен туннелдердің ені жаяулар өту үшін 1 м кем болмайды, туннелдің биіктігі еденнен үстіңгі жабынның шығып тұрған бөліктеріне дейін кем дегенде 1,8 м болады. Траншеялар жəне одан шығатын жолдар биіктігі кем дегенде 0,9 м болатын металл шарбақтармен қоршалады. Арықтардың көлемі автокөліктердің конструкциясына жəне қолданылатын технологиялық жабдықтарға байланысты анықталады.
Траншеялар мен туннелдерден бөлмеге шығуға мүмкіндік болу керек, оған арналған баспалдақтардың ені 0,7 м болады. Шығу жодарының саны арықтағы машинаорынның санымен анықталады: 5 машина тұрса – бір шығатын жол, 5 көп болса – əр 10 автокөлікке қосымша тағы бір шығу жолы. Жалғыз тұйықталған арықтан бөлмеге сатылы баспалдақпен шығу жолын автокөлік кіретін жаққа қарама-қарсы орналастырады. Арықтардан, траншеялардан жəне туннелдерден шығатын баспалдақтар автокөлік қозғалысының жолдарына орналаспау керек. Шығу жолы біреу болса арықты қабырғаға бекітілген қосымша шығу тұтқаларымен жабдықтайды.
Автокөлікке қызмет көрсету бекеттеріндегі арықтарды, оларды байланыстыратын траншеяларды жəне туннелдерді, сондай-ақ оларға апаратын баспалдақтарды жанбайтын материалдардан құрайды жəне ылғалдан, жерасты суларынан қорғайды. Арықтардың, траншеялардың жəне туннелдердің бет жағына керамикалық ақшыл түстегі төсемшелер қойылады. Арықтарда, траншеяларда жəне туннелдерде басқыш (трап) болатын болса олардағы еден басқышқа қарай 2% еңіс болу керек.
Егер арықтар таспалық конвейермен жабдықталмаған болса ондай арықтарға жəне эстакадаларға,қозғалыс кезінде автомобиль арыққа немесе эстакададан түсіп кетпеу үшін қорғаушы реборда қойылады. Тексеру арықтары, туннелдері жəне траншеялар тазалықта ұсталуы қажет, оларды бөлшектермен жəне əртүрлі заттармен ыбырсытпау керек. Арықтың еденіне ағаштан жасалған мықты торлар қойылады.
Арықтан жəне траншеялардан өтетін орындарда ауыспалы, алынатын, ені 0,8 м болатын көпіршелер қойылады.
Еден деңгйінен 1 м жəне одан да жоғары орналасқан жұмыс орындарын жəне алаңқайларды биіктігі 0,9 м кем емес, аралық бір горизонталды элементі бар жəне бүйір жағы еденнен биіктігі 0,1 м кем емес қаптамаменжабылған шарбақтармен қоршайды.
Жанармай жəне тез жанатын сұйықтар мен материалдар сақталатын жəне пайдаланатын өндірістік жайларда ашық отты, тасымалды көрікті, қыздыратын лампаларды пайдалануғатиым салынады.
Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу жұмыстары жүргізілетін аймақтарда тыйым салынады:

  • тез тұтанатын сұйықтарды бөлшектерді жəне арнайы киімдерді тазалау үшін пайдалануға;

  • тез тұтанатын жəне жанатын сұйықтарды, қышқылдарды, бояуларды, карбидті, кальциді ауысым қажеттілігінен жоғар мөлшерде сақтауға;

  • бензин багынан жанармай ағып тұрған автокөліктерді қоюға;

  • автокөлікке жанармай құюға;

  • сүртетін таза материалдарды қолданылған материалмен бірге сақтауға;

  • стеллаждардың арасына жəне бөлмеден шығу жолдарына заттар тастауға, қолданылған майды, жанармайдан жəне майлау материалдарынан босаған ыдыстарды сақтауға.

Майлау, лактау-бояу жəне тез тұтанатын материалдарды, сондай-ақ химикаттарды бір-бірінен жəне басқа да материалдардан бөлек, арнайы жабдықталған қойма бөлмелерінде сақтайды.
Әрбір ауысым біткен соң немесе автокөлік шығып кеткен соң бөлмеден жəне арықтардан қоқымдарды, қалдықтарды жинастыру қажет.
Төгілген майды немесе жанармайды құмның немесе ағаш
ұнтақтарының көмегімен кетіреді, оларды пайдаланып болған соң бөлмеден тыс орнатылған, қақпағы бар металл жəшіктерге салынады, ары қарай қалдықтарды көметін орындарға шығарылады.
Қолданылған сүрту материалдарын тез арада қақпағы тығыз жабылатын металл жəшіктерге тастайды, жұмыс күнінің соңында өртке қауіпсіз орынға шығарылады.
Қолданған майды металл бөшкелерге немесе жер астында орналасқан цистерналарға құю керек жəне отқа төзімді бөлмелерде сақталады.
Өндірістік ғимараттардың екіжақты қақпалары сыртқа қарай ашылады, ал кəсіпорынның территориясына кіру жəне одан шығу үшін – ішке қарай. Ғимараттардың іргелік немесе жертөлелік қабаттарынан бірінші қабат арқылы автокөліктердің шығуына немесе оларға кіруіне жол берілмейді, бұл қозғалыс тек бөлек сыртқы қақпалар арқылы ұйымдастырылу керек. Өндірістік ғимараттардың көлік кіретін қақпаларыауысым кезінде 5 реттен көп ашылса немесе 40 минуттан кем ашылмаса онда жылы бүркеумен жабдықталу керек. Сыртқы ауаның температурасы -150С жəне одан да төмен болатын аудандарда өндірістік ғимараттардың қақпасының алдына тамбуршлюздер орнатылады.Өндірістік ғимараттардың көлік кіретін жолы табалдырықсыз жəне дөңессіз, 5% аспайтын кіру ылдиымен жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет