4. ЕҢбек қОРҒау және тіршілік қауіпсіздігі


КӨЛІКТІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ЖӘНЕ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМЫНЫҢ



бет18/51
Дата30.06.2022
өлшемі7.41 Mb.
#459562
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51
Кланица Автомобиль-көлігіндегі-еңбекті-қорғау.-Оқу-құралы

4.3. КӨЛІКТІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ

ЖАҒДАЙЫНА ЖӘНЕ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМЫНЫҢ


ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН



ТАЛАПТАР


4.3.1. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
Пайдаланудағы барлық типті, маркалы жəне мақсаттағы автомобильдер (бұдан əрі – көлік құралдары) толық жасақталған болуы тиіс,ал олардың техникалық жағдайы қолданыстағы Автомобиль көліктерінің жылжымалы құрамынтехникалық пайдалану ережелеріне, Жолда жүру ережелеріне жəне Автомобиль жүргізушілерінің еңбек гигиенасының санитарлық ережелеріне сай болуы шарт.
Автомобильдің санитарлық-техникалық құралдары (желдету, жылыту, жылу оқшаулау, температураны баптау) қозғалтқышы қыздырылған автомобильдің үздіксіз қозғалысы басталғаннан кейін, кемінде 30 минуттан кейін автомобиль кабинасында оңтайлы немесе рұқсат етілетін микроклимат параметрлерін қамтамасыз етуі тиіс (4.1-кесте).
Ауаны желдету, жылыту жəне баптау жүйелері жол бойы шашыраңқы ауа ағынын ұйымдастыруды жəне кабинаға (салонға) келіп түсетін ауаның мөлшері мен бағытын реттеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс, тиісінше, Автомобиль жүргізушілерінің еңбек гигиенасы жөніндегі санитарлық ережелерге сəйкес, жүргізуші кабинасында микроклиматтың нормативті параметрлері қамтамасыз етіліп, кабинаның терезелері терлеп кетпеуіне (қатып қалмауына) қол жеткізіледі.
Автомобиль кабинасында (салонында) зиянды заттардың шоғырлану дəрежесі Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың ШҰШ (шекті ұйғарынды шоғырлануы) тізімінде көрсетілген шамадан аспауы тиіс.
4.1-кесте. Автомобиль кабиналарындағы оңтайлы (рұқсат етілетін) микроклимат параметрлері



Жыл мезгілі

Автомобиль типтері

Ауа
, температурасы
°С

Салыстырмалы ылғалдылық,
%

Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с, көп емес

Суық

Жеңіл

20... 30 (19 ...
25)

60... 80 (<75)

0,2 (0,2)

(өтпелі)

Жүк
көліктері мен автобустар

18...20
(17...23)

Осындай

0,2 (0,2)

Жылы

Жеңіл

20... 25*

Осындай

0,2


Жүк



(0,2... 0,5)










көліктері






»

0,2


мен автобустар



(0,2... 0,5)

Автомобильді басқару тетіктерінің - (рөл, тежегіш жүйесі) жағдайы техникалық құжаттаманың талаптары сəйкес болуы жəне автомобильді басқарудың қауіпсіздігін қамтамасыз ете білуі тиіс.
Автомобильдің тежегіш жүйесі оның дер кезінде тоқтауын, барлық дөңгелектердің тежелуінің бір мезгілде басталуын жəне күштің дөңгелектер арасында тепе-тең бөлінуін қамтамасыз етуге арналған. Тежегіштердің гидравликалық жетегі жүйесінен тежегіш сұйықтығының ағып кетуіне жəне тежегіштердің пневматикалық жетегі жүйесінде ауаның шығып кетуіне болмайды.
Қоректендіру, салқындату жүйелері мен майлау жүйесі осы жүйелердегі аспаптардың оңтайлы жұмыс тəртібін қамтамасыз етуі тиіс. Жанар-жағармайдың, майдың, антифриздің немесе судың ағып кетуіне жол берілмейді.
Капоттың астындағы кеңістікке газдардың шығып кетпеуін реттейтін қозғалтқыш картерінің желдетілуінің ақаусыз жұмыс істеуі қажет. Пайдаланылған газдардағы зиянды заттардың құрамы автомобильдің белгілі бір типі, белгілі бір төңірек немесе орналасқан мемлекеті үшін белгіленген нормалардан аспауы қажет.
Шиналар мен дөңгелектердің техникалық жағдайы автомобильдің қауіпсіз қозғалысына кепіл беру үшін арналған. Автомобильді шиналармен жасақтау Ресей Федерациясының Жол қозғалысы ережелеріне сəйкес тəртіппен жүзеге асырылады.
Электрмен жабдықтау құралдарының техникалық жағдайы стартердің көмегімен қозғалтқыштың іске қосылуын, бензинді жəне газды қозғалтқыштардың цилиндрлеріндегі қоспалардың үздіксіз жəне дер кезінде тұтануын, жарықтандыру, дабыл беру жəне бақылау құралдарының тоқтаусыз жұмыс істеуін, сонымен қатар сымдар мен қысқыштарды ұшқынның тұтану ықтималдығын жоққа шығаруды қамтамасыз етуі тиіс.
Электр жабдығының барлық сымдары сенімді əрі зақымданбаған күйінде оқшауланған болуы шарт, ал аккумулятор батареясы мықтап бекітілген болуы тиіс. Аккумулятор батареясының моноболгынан электролиттің ағынуына жол берілмейді.
Әрбір автомобиль медициналық дəрі қобдишасымен, апатты тоқтау белгісімен (жылтылдақ қызыл шаммен), өрт сөндіргішпен, тіреуішпен (тежегіш тоспамен – жүк көліктері үшін) жабдықталуы тиіс. Адамдарды тасымалдауға арналған автобустар мен жүк көліктері екі өрт сөндіргішпен жабдықталады, ал, тез тұтанатын жəне жанғыш сұйықтықтар жəне газдарды тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар өрт сөндіргіштермен қатар, киіз төсенішпен, күрекпен, жерге қосатын құрылғымен, ағып кетуге жол бермейтін зақымданбаған ағызу крандар жəне майтүтіктермен жабдықталуы тиіс.
Кабиналардың есіктері, капоттар, сонымен қатар, қайырмалы кабиналар ашық жəне жабық күйдегі зақымдалмаған ашылуды шектегіштермен жəне бекіткіштермен жабдықталуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет