4. ЕҢбек қОРҒау және тіршілік қауіпсіздігі



бет43/51
Дата30.06.2022
өлшемі7.41 Mb.
#459562
түріҚұрамы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51
Кланица Автомобиль-көлігіндегі-еңбекті-қорғау.-Оқу-құралы

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ


  1. Жану дегеніміз не? Оның түрлерін атаңыз.

  2. Өрттің сипатты шығу көздерін атаңыз.

  3. Мемлекеттік өртті бақылау органдарының негізгі қызметтерін атаңыз.

  4. Кəсіпорындағы өрт қауіпсіздігіне кім жауап береді?

  5. Автокөлік транспортының мекемесінде өрттің алдын алудың қандай шаралары өткізілу керек?

  6. Заттар жанғыштығы жəне тұтанғыштығы бойынша қалай жіктеледі?

  7. Автокөлік транспортының мекемесіндегі жайлар жарылыс, өрт шығу қауіпсіздігі бойынша қалай жіктеледі?

  8. Отты өрт сөндіргіш заттармен өшіру барысында қандай ережелерді сақтау қажет?

  9. Автокөлік транспортының мекемесіндегі жайларда орын алған өрттерді сөндіру үшін қандай автоматталған жүйелер пайдаланылады?

7 Бӛлім


ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ


7.1. АВТОМОБИЛЬ КӚЛІГІНІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ

Көлік – қоршаған ортаны ластандыратындардың негізгілерінің бірі, лас заттарды атмосфераға тастайтындардың жалпы көлемінде оның үлесі Ресей бойынша 38%-ды құрайды. Ластандырудың осы көлемінде басты көзі автомобиль транспорты болып табылады, бұл – жалпы тастандылардың 58 %-ын құрайды, ал ірі қалаларда атмосфералық ауаны ластандыруда автомобиль көлігінің үлесі 80 %-ға және одан да кӛп мӛлшерге жетеді. Ауаны ластандыратын негізгі объектілер ауа, ағынды сулар, топырақ болып табылады.
Автомобиль көлігімен қоршаған ортаны ластау отынды жағу кезіндегі көлік жұмысын атқару үдерісінде жүзеге асады. Қазіргі таңда көлік құралдары негізінен алғанда мұнайдан алынатын отынды пайдаланады. Ішкі жану двигательдері (ІЖД) жұмыс кезінде атмосфераға істетілген газдарды тастайды, оларда 200-ге жуық компоненттер бар, басым бөлігі адамдарға жəне қоршаған ортаға зиянды түрде əсер етеді.
Адам организміне əсер етуде химиялық құрамы, қасиеттері жəне сипаттары бойынша оларды сегіз топқа біріктіреді.
Бірінші топқа азот, оттегі, сутегі, су буы, көміртегі диоксиді жəне атмосфера ауасының басқа да компоненттері кіреді. Осы топта СО2 көміртегі диоксиді назар аудартса, ондағы құрамы істетілген газда нормаланбайды, бірақ атмосферадағы оның санының басқа да факторлармен бірге көбеюі парниктік сипат деп аталатын құрылымның құрылуына себеп болып табылады.
Екінші топқа тек бір ғана компонент ендірілген – көміртегі оксиді немесе иісті газ (СО2), ол отын толық жанбағанда құралады, түсі де, иісі де болмайды, ауадан жеңіл жəне уландырғыш əсерге ие болады. Тіпті, кішігірім мөлшерде жұтқанда, ол қаның гемоглобинімен реакцияға түсіп, дененің тіндеріне оттегінің түсуін доғарады. Нəтижесінде адам организмінде оттегінің жетіспеуі пайда болады, бұл адам организмінің бүкіл жүйесінің бұзылуына əкеліп соғады. Иісті газбен уланудың өзіне тəн белгілері: бас айналу, бас ауруы, естен тану, өліммен аяқталу да мүмкін.
Иісті газбен уланудың сипаты оның ауадағы шоғырлануына, əсер ету ұзақтығы мен адамның жеке қабылдау мүмкіндігі ерекшеліктеріне байланысты.
Жұмыс істеп тұрғанда шанақ ішінде түнейтін немесе жабық гаражда двигательді оталдыру уақытында жүргізушілер иісті газға жиі уланады.
Үшінші топқа азот оксиді (NOJ, олар ІЖД жану камерасында жоғары қысым мен 2800°С -дан астам температурада құралады) енеді.
Адам организмі үшін азот оксиді иісті газға қарағанда, анағұрлым зиянды, өйткені азот оксиді жоғары шоғырланған ауыны жұтқанда, адам жағымсыз түйсікті сезінбейді жəне кері салдарларды алдын ала болжамайды. Сонымен бірге азот оксидінің жоғары шоғырланған түрі ұзақ уақыт бойы əсер еткен уақытта дем алу, тамақ қорыту жəне жүрек жүйелері ауыруы мүмкін.
Азот оксидтері сондай-ақ өсімдіктерге кері əсер етеді, топырақта азот жəне азот қышқылы ерітінділерін құрайды.
Тӛртінші топты əртүрлі көміртекті сутегілер (СхНу) құрайды, олар отынның толықтай жанбауы нəтижесінде құралады. Осынау улы заттар адамның жүрек-қан тамырлары жүйесіне қолайсыз əсер етеді. Бұдан басқа олар концерогенді қасиеттерге ие, яғни адам организмінде ісіктерді тудыру қабілетіне ие.
Көміртекті сутегілер күн сəулесінің ультра күлгін сəулеленуі əсерімен азот оксидімен реакцияға түседі, соның нəтижесінде жаңа, одан да улы өнімдер – фотооксиданттар құралады, бұл мұнардың негізгі компоненті болып табылады. Адамның организміне əсер ету сипатына қарай құрғақ мұнар (лосанджелестік) жəне сулы (лондондық түрі) болып айрықшаланады. Мұнардың құрамына кіретін фотооксиданттар биологиялық тұрғыда белсенді болады, олардың тірі организмге əсері зиянды; өкпе жəне демікпе ауруларының өсуіне əкелір соғады; резенке жəне металл бұйымдарын ірітіп бұзады.
Бесінші топқа альдегидтер жатады. Жанатын газдарда негізінен алғанда формальдегид, акролеин жəне сірке альдегиді кездеседі, бұл заттар жағымсыз иіске ие, көздің шырышты қабығын, тыныс алу жолдарын тітіркендіреді, орталық жүйке жүйесін зақымдайды.
Алтыншы топты күйе жəне двигатель бөлшектерінің тозуынан, күйгеннен, аэрозолдан құралатын басқа да дисперсті бөлшектерді құрайды. Олар адамның денсаулығы үшін тікелей қауіп төндірмейді, бірақ тыныс алу жолдарын тітіркендіреді, көру жағдайларын нашарлатады.

Жетінші топқа күкіртті қоспалар енеді. Бұлар негізінен алғанда күкіртті ангидрид жəне күкірт сутегісі, олар жағылатын газдарда күкірт құрамы жоғары отынды пайдаланғанда кездеседі. Күкіртті қоспалар лезде мүңк ететін иіске ие жəне суда ериді. Бұл заттар көздің, мұрынның, тамақтың шырышты қабықтарын тітіркендіргіш əрекетіне ие, ал жоғары шоғырланған жағдайында организмді уландыруы ықтимал.
Сегізінші топты қорғасын мен оның қоспалары құрайды, олар этилдендірілген бензинде жұмыс жасайтын двигательдің жанған газдарында кездеседі. Антидетонатор сипатында этилдендірілген бензиндерде (октандық санды арттыратын, тұнбалар) этиль сұйықтығы Р-9 пайдаланылады, оның құрамына өте жоғары улы қорғасын қоспасы – тетраэтил қорғасын
(Pb(C2H5)4) енеді.
Әлемнің көптеген елдерінде этилдендірілген бензинді қолдануға тыйым салғанына қарамастан, ресей Федерациясында осы уақытқа дейін бензиннің төменгі сапасын өндіру бойынша ескірген технологиялық үдерістерді пайдалануда, бұл оған қосымша этил сұйықтығын ендіруді талап етеді.
Қоршаған ортаға бұдан бұрын қаралған газдардың жанған компоненттері кері əсер етіп қана қоймайды, көміртекті сутегі отыны да, жанар-жағар майлардың өзі де тұтастай алғанда теріс ықпал жасайды. Жерге түсіп, суға төгіліп, жоғары температурада буланып, бұл заттар өсімдіктер мен жануарлар əлеміне де апатты тұрғыда əсерін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет