31. Екібуынды және үшбуынды сөздердегі тонның өзгеруі. Бейтарап тон.
Қытай тілінде екібуынды және үшбуынды сөздерде үшінші тон бірдей қолданылса, бірінші буынның тоны автоматты түрде екінші тонға ауысады.
32. Сөйлемдер. Қытай тіліндегі сөйлемнің түрлері.
Қытай тіліндегі сөйлем жай және күрделі сөйлем болып бөлінеді. Жай сөйлем бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Күрделі сөйлем сабақтас - салалас, құрмалас сөйлемдер болып бөлінеді.
33. Мекенді білдіретін зат есім.
Мекенді білдіретін зат есім – олар орынды білдіретін сөздер мен сөйлемдер болып табылады.
Олар:
1.Мекенді білдіретін зат есім.
2. Мекенді білдіретін атаулы зат есім:(бұл сөздер географиялық атаулардан басталады.
3.зат есімдер мен есімдік.
4. Мекенді білдіретін сөз тіркесі (көбінесе "зат есім + мекен б. зат есім ").
34. Сөз алды қосымшасының қызметі.
Қытай тілінде сөз алды қосымшасы етістіктің немесе сын есімнің алдында келіп көбінде пысықтауыш қызметін атқарады. Сөз алды қосымшасы тіркестерді анықтай келіп анықтауыш болады.
35. Қытай тіліндегі сөзжасам тәсілі.
Қытай тілінде бір иероглиф бір буын болғандықтан, морфеманың басым көбі жалаң түрде болады, сонымен бірге морфемалар да қосбуынды және көпбуындылар да кездеседі.
«Шығыс елдері тарихының іргелі мәселелері(ҚЫТАЙ)» ПӘНІ
1. Шығыс мемлекеттері мен қоғамдары.
Императорлық Қытай кезеңіндегі дәстүрлі мемлекет. Қытай мемлекетінің өзгеше тарихи ерекшеліктері. «Қытай спецификасы бар социализмнің» болашағы. Қытайлардың «ұлттық мінезінің» консервативті сипаты: конфуциандық авторитаризм, жанұя мен рулық қауымға табыну, қоғамдық иерархия, әлеуметтік тәуелділіктің табихилығын мойындау.
2. «Жабық есік» кезеңіндегі Қытай.
«Жабық есік» кезеңіндегі Қытай. Қытайдағы «өзін өзі күшейту» саясаты. Бюрократиялық қадағалау сауалдары. Чиң дәуіріндегі Қытай. Шэньши және мемлекет.
Өндірістік капитал кезеңінің отаршылығы. Отаршылық саясатқа қарсы Қытайдың наразылығы. «Жоғарыдан» жүргізілген реформа мен жаңарту саясаты.
Достарыңызбен бөлісу: |