9. Қытайдағы ұлт-азаттық қозғалыстар және ұлттық мәселелер.
Қытай және Еуропаның отаршылық саясаты. Қытайлықтардың ұлттық ой-санасы. Ұлт-азаттық күрес идеологиясы. Отаршылық саясатқа қарсы күресте ұлттық идеологияның рөлі. Құпия ұйымдар және олардың отаршылыққа қарсы қызметі. Метрополия – отар иелік. Отарланған және жартылай отарланған жүйе.
10. ХХ ғасырдың басындағы Қытайдағы ұлт-азаттық қозғалыстар.
Ұлт-азаттық қозғалыстар және ХХ ғасыр басындағы революциялар мен қозғалыстар. Әлеуметтік-экономикалық артта қалушылықтан шығу үшін күшті билік құру жолындағы ХХ ғ. бірінші жартысында болған Қытайдағы революциялар.
11. Синьхай революциясынан кейінгі ұлттық мәселе.
Сунь Ятсеннің ұлттық мәселе бойынша ұстанымы. Гоминьданның құрылуы. Гоминьдан саясаты және оның нәтижелері.
12. Бүгінгі Қытайдағы ұлттық мәселелері.
Ішкі Моңғолия. Шыңжаң мәселесі. Тибеттің тәуелсіздікке ұмтылуы. Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс ұлттық аудандар. Тайвань мәселесі.
Этноконфессионалдық және әлеуметтік қақтығыстар. Экстремистік және террористік ұйымдардың қаупі. Қазіргі заман терроризмі және оның салдары. Жаһандану және халықаралық экономикалық интеграция кезеңіндегі ұлттық мәселелер.
13. Шығыс елдеріндегі әскердің рөлі.
Билік жүйесі және мемлекеттік құрылыс. Жеке тұлға мәселесі. Демократия. Қауіпсіздік мәселесі. Әскер және оның отаршылық саясатқа қарсы күрестегі рөлі. Милитаризация саясатыжәне оның салдарлары.
Әскер және диктатура. Әскери басшылардың қызметі. Шығыс елдердегі қарулы күштер және мемлекеттік төңкерістер. Территориалық жанжалдар және әскер мәні.
Әскер құрылысы мен техниканың қазіргі таңда жаңаруы. Қарулы күштерді қайта ұйымдастыру саясаты және әскери шығындардың көбеюі. Әскери-әуе күштері.
14. Шығыс халықтары және демографиялық мәселелер.
Дүниежүзілік демографиялық саясат. Қытайдағы демографиялық саясаттың тәжірибесі мен түрлері. Демография жайында қоғамдық ой-сананың эволюциясы. Демографиялық және әлеуметтік саясаттың сәйкестігі. Демографиялық үрдістерді қадағалаудың оң жақтары.
Қытай Халық Республикасы демографиялық мәселе. Демографиялық есеп пен жанұяны жоспарлау саясаты. Дэң Сяопин реформаларындағы халық санын азайту мәселесі
Достарыңызбен бөлісу: |