1.2 EWB компонеттерінің кітапханасы
Электр схемаларының элементтерін құрайтын пиктограммалар саны 14. Компоненттер кітапханасы келесі бөлімдерден тұрады:
1. Favorites – схемалардан тұратын бөлім. Алғашқы күйінде бөлім бос күйінде болады. Компоненттер модельдері мен схемалармен бөлімді толтыру автоматты түрде орындалады және жұмыстың соңында өшіріледі.
2. Sources – көздер. ЕWВ программасындағы барлық көздер идеалды түрде көрсетілген.
3. Basic – сызықты және сызықты емес элементтер.
4. Diodes – диодтар.
5. Transistors – транзисторлар.
6. Analog ICs – ұқсас микросхемалар.
7. Mixed ICs – аралас типті микросхемалар.
8. Digital ICs – санды микросхемалар.
9. Logic Gates – қисынды сандар микросхемалары.
10. Digital – санды микросхемалар.
11. Indicators – индикаторды құрылғылар.
12. Controls – қисынды есептеу кұрылғылары.
13. Miscellaneouts – аралас типті компоненттер.
14. Instruments – электр схемаларының талдауын жасауға мүмкіндік беретін құрылғылар бөлімі.
Әрі қарай электр схемаларын модельдеуге қажет болатын пиктограммалар мен соған жататын элементтер келтіріледі.
Sources – мкВ-дан кВ дейін параметрлердің номиналды өлшемін бере алатын қоректендіру көздері:
тұрақты кернеу көздері;
айнымалы кернеу көздері. Номиналды кернеу өлшемінен басқа жиілік пен бастапқы бұрыш фазасы беріледі
жерлестіру - нөлдік кернеумен. Потенциалдарды есептеуге қажет.
2. Basic
резистор - кедергі (Ом - МОм)
конденсатор - сыйымдылық (пФ – Ф);
индуктивті катушка (мкГн – Гн);
кілт, оның тұйыкталуы мен ажыратылуы клавиатураның «пробел» клавишасы арқылы орындалады.
3. Indicators – ішкі кедергі мен кернеу берілгендерін өзгертетін өлшеуіш құралдар:
вольтметр – электр тізбегіне параллель жалғанатын, едәуір ішкі кедергісі бар өлшеуіш кұрал;
амперметр – минималды ішкі кедергісі бар электр тізбегіне тізбектей жалғанатын өлшеуіш кұрал;
қыздыру шамы. (мВт - кВт) максималды куатпен жэне (мВ -кВ) максималды кернеумен сипатталады. Максималды кернеуден асатын кернеуді берген кезде, шам жанып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |