3. Ежелгі дәуірлердегі жазулар, олардың түрлері мен ескерткіштері Көне түркі жазбалары немесе Орхон-Енисей жазбалары — б.з. V ғ. — X ғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары.
Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзені бойынан (Екінші түркі қағандығы кезі) табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым тауып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі - онда негізгі велярлық және палаталдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған Ежелгі дәуірлердегі жазулар, олардың түрлері мен ескерткіштері.
1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Моңғолия далаларынан тапқан жазулары Көне жазулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат филологі В. Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 ж. Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды.
Көне Түркі жазулары негізінен 6-10 ғасырлар аралығында Ұлы Түркі қағандығы және Көк Түркі қағандығы, Хазар қағандығы кезінде қолданылған. Таралу аймағы Моңғолия-Сібір далаларынан Тибет жеріне дейін және Еуропадағы Венгрия, Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазуларының орнына далалыққа көне Ұйғыр жазулары келді. Бұл жазуларды кейде манихей жазулары деп атайды. Оның таралуы Манихей дінінің таралуына байланысты болды. Кейін бұл жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген Араб жазулары ығыстырып шығарды. Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі халықтары Латын және Кирилл әліпбилерін қолданады.
Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:
Енисей ескерткіштері.