5.Көне түркі жазба ескерткіштерінің қазақ тарихын дамытудағы, толықтырудағы рөлі.
Қазақ халқының дәстүрлерінің рухани тамырлары, ішкі негіздері сақ, ғұн, түркі мәдениетінде жатқандығын қазіргі таңда зерттеушілеріміз ғылыми тұрғыда дәлелдеп, тұжырымдай түсуде. Өткенді зерделемей бүгінгіні жүзеге асыру, алға қадам басуымыз мүмкін емес екендігі белгілі. «Іздену, ұғыну, өткенге құрметпен қарау - бұл халықтың іштей түлеп, өзін-өзі тану жолына түсуі, өркениетті қоғамдағы озық халықтардың қатарына терезесі тең қатар қосылуы»,-дейді көрнекті философ А.Х. Қасымжанов.
Бүгінгі таңда қазақ және өзге де түркі елдері алдында өзекті мәселелердің бірі руникалық түркі жазба ескерткіштері өзін зерттеуді тек көне тарих жазылып қалдырған кезеңнен емес, бастауын сонау ғұн, сақ мәдениетінен іздеуді меңзейді. Орталық Азиядағы алғашқы ірі көппелі ғұндар империясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың соңында құрылды. Бұл ұлы патшалық Байкалдан Тибетке, Орта Азиядан Қытайдағы Хуанхэ өзеніне дейінгі аралықты мекендеп, сандаған жылдар бойы осы территорияда өз үстемдігін жүргізіп отырды. Ғұн тайпалары алтай тілдес тайпалар қатарына жатқанымен, оның құрамында әртүрлі тілдерде сөйлейтін тайпалық одақтар мен шағын рулар да бар еді. Осындай тайпалық одақтардың түрлі жағдайларға байланысты әлсіреуі нәтижесінде Орта Азия территориясында түркі этногенезінің, яғни түркі тілдес тайпалық одақтарының бірігу процесі басталды.
Түркілік дүниетаным жазбаларын зерттеуге негіз болған В. Томсен, Ядринцев, В.В. Радловтардың жасаған тұңғыш жаңалықтары,
И.А. Батманов,A.M. Щербак, В.М.Насилов, Д.Д. Васильев , С.Е. Малов, Л. Гумилев, Л.П. Потапов, И.В. Стеблева,С.М. Ареал, Н.А.Аристов, С. Кляшторный,Н.А. Кононов, Бартольд В.В.,О.Маенхен-Хелфен, Ж.- П.Ру, Т. Текин, Гең Ше Мин және басқа да көптеген түркітанушылардың еңбектерінің арқасында түркі жазба ескерткіштері туралы кешенді ғылым саласы қалыптасты.
Осы орайда, Ә. Марғұлан, Б. Кенжебаев, К. Аманжолов А. Махмутов,Ғ. Айдаров,М.Томанов, А.С, Ә.Құрышжанұлы, Ә. Құрышжанұлы, Қ. Өмірәлиев, М. Жолдасбеков,Қ. Сартқожаұлы Аманжолов А.С.,және т.б.ғалымдарымыздың байырғы түркі жазуын зерттеу саласына қосқан қомақты, мол үлестерін ерекше атап айтуға тиіспіз.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін зерттеудің жаңа белесі басталды. «Орхон ескерткіштерінің толық атласының» (М. Жолдасбеков, Қ. Сартқожаұлы) жарық көруі осы бағыттағы зерттеулерді жаңа арнаға бастайтын мәдени-ғылыми өміріміздегі үлкен жаңалық болды. Сонымен бірге, Орхон- Енисей жазбаларынын филологиялық, лингвистикалық қырларын қарастырған А.С. Аманжоловтың «Ежелгі түркі жазуының тарихы мен теориясы», М. Жолдасбековтың «Орхон ескерткіштері», О. Сүлейменовтің «АЗиЯ», «Тарихқа дейінгі түркілер: ежелгі түркі тілі мен жазуының пайда болуы туралы», «Жазу тілі», Қ. Сартқожаұлының «Байырғы түрік жазуының генезисі», Есенқұлов Е., Келімбетов Н.еңбектерінде Орхон жазбаларының фольклорға қатысы жөнінде маңызды ойлар айтылады.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің оқу-зерттеу орталығы 1998 жылы вице-премьер-министр И.Тасмағамбетовтың бастамасымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан ашылды. Көне түркі жазба ескерткіштерінің оқу-зерттеу орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы жеке құрылымдық бөлімше болып табылады.
Көне түркі жазба ескерткіштерін оқу-тану арқылы оның өркениетімен мәдениетін комплексті түрде зерттеуге, түркілік жазбаларға қатысты шет мемлекеттермен байланыс орнатуға сол арқылы ұлт беделін көтеруге, ғылыми зерттеулерді археологиялық тың деректермен байланыстыруға қазақстанның тарих, филология ғылымдары саласындағы беделін көтеруге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |