4 практикалық сабақ


Жазу тарихы. Таңбалардың шығуы. Пиктографиялық жазу



бет2/6
Дата08.11.2023
өлшемі24.51 Kb.
#482691
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Қосалқы пән 4-апта

2. Жазу тарихы. Таңбалардың шығуы. Пиктографиялық жазу.
Жазу — адамның ой-пікірін, басқа адамға хабарлап айтқысы келген сөзін, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын басқаға жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланды. Мысалы, кеткен бағытын көрсету үшін жолға бұтақ тастаған. Кейін осы мақсатпен ағашқа садақтың оғын қадап кеткен. Ойды зат арқылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда тайпалар арасындағы елшілік қарым-қатынастарда да пайдаланылған. Үндістер соғысатынын хабарлау үшін қарсы жаққа айбалта жіберетін болған. Елші оны әкеліп жерге қояды, егер жау жақ оны көтерсе — соғысуды мақұлдағаны. Кейін мұндай рәміздік зат орнына таңбалар бедерленген бұйымдар қолданылған. Осылайша алғашқы Ж. пайда болған. Адамдар алғашқы жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны, ағаштың қабығын, т.б. пайдаланған. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралған. Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не буынды, не дыбысты белгілейді. Әр таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады.
Қарым-қатынас жасаудың əлемде кең тараған түрі — жазу. Ол арқылы өз ойымызды түрлі белгілер арқылы таңбалап жеткіземіз. Адамның көру қабілеті арқылы қабылданып, ұзақ уақыт еске сақталады, ақпарат ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Сондықтан жазу — адамзат мəдениетí дамуының ең биік көрсеткіші. Жазудың қоғамдық мəнí, тілдің дамуына əсерí жайлы ғалым Қ.Күдеринова былай дейді: «Жазу — тілді жаңғыртудың, бекітудің құралы. Жүйесі мен құрылымы бар тілдік таңба жазуға түсіп, денотаттық тұрпатқа ие болғаннан кейін мәңгілік құндылыққа айналды. Өйткені жазу ауызша сөзді таңбалап қана қоймайды, адамның тіл туралы түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді. Тілдің инвариантты, абстракті, күрделі құрылымдық деңгейге жетуіне əсер етеді. Соған сəйкес тілдегі синтаксистік құрылымдар, күрделі фразалық тұгастықтар жазудың негізінде пайда болды. Тілдің (əдеби тілдің) стильдік тармақтары сараланды, стиль нормаларының қалыптасуына əсер етті. Сөйтіп, жазу сөйлеуде елене бермейтін тілдің барлық қалтарыстарын нақтылаудың негізінде тілдің сұрыпталып, нормаланған, електен өткен құрылымын ғана таңбалап, жазу нормасына сай сөйлемдер мен мəтíндердí тілдік жүйеге жатқызды».Жазу арқылы адамдар жақыннан да, алыста тұрып та еш қиындықсыз қарым-қатынасқа түсе береді. Адамзат баласының тілі ең əуелде ауызша түрде пайда болғандығын білеміз. Одан кейін заттар арқылы хабар берген. Мəселен, кеткен бағытын көрсету үшін ағаш бұталарын жолға тастау, аңға кеткендігін көрсету үшін садақтың оғын ағашқа қадап кету т.б., яғни ойды зат арқылы білдіріп отырған. Ой-санасы жетіліп, ауызекі тілде қарым-қатынас жасаудың тиімсіз бола бастаған тұсында жазу пайда болды. Алғашқы жазудың формасы қазіргі жазудағыдай емес, өте қарапайым əрǐ жабайы болды.
Пиктографиялық жазу – жазудың ең көне түрі. Зерттеушілер жазудың бұл түрі неолит дәуірінде пайда болған деп есептейді. Мұнда хабарлануға тиісті оқиғаға қатысты заттардың суреті салынады. Пиктограммалық жазу суреттерге негізделген жазу. Сондықтан оны кейде суретті жазу деп те атайды. Пиктографиялық жазудың ескерткіштері әртүрлі суреттердің жиынтығынан құралған. Бұл жазудың ерекшелігі ол әртүрлі суреттерден құралады. Әр сурет бүтіндей бір хабар бере алады. Бұл хабар графикалық жағынан жеке бөлшек сөзге бөлінбейді. Осыған орай пиктограммалар тілдік форманы емес, оның мазмұнын бейнелейді. Бұл жазуды әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар түсіне алады. Себебі бұл тіл басқа тілдерден гөрі поллисинкретикалық тілге біртабан жанасымды. Пиктограммалық жазудың таңбалары питроглифтер немесе пиктограммалар деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет