4 тілдік дағдыда indd


Төмендегі бөлім аттарын бөлім нөмірлерімен сәйкестендіріп көр! (Жалпы



Pdf көрінісі
бет13/58
Дата15.02.2024
өлшемі2.59 Mb.
#491884
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58
1. Төмендегі бөлім аттарын бөлім нөмірлерімен сәйкестендіріп көр! (Жалпы 
түсінік алу үшін оқу)
a. Жас келіннің құрметі
b. Бата – ізгі тілек белгісі
c. Үлкеннің жолын кеспеу
d. Жасы кішінің міндеті
e. «Әке» сөзінің құрметі
f. Дала заңы
g. Сәлемдеме
h. Үлкенге құрмет
i. Сәлем - сөздің атасы
j. Байғазы


14
2. Төмендегі сөйлемдерді оқи отырып, «шын» немесе «жалған» сөзімен жауап 
беріп көр! (Нақты ақпараттарды табу үшін оқу)
a) Жасы үлкен кісі оған «Уағалайкүмассалам!» деп жауап береді.
b) Күйеуі іні-қарындастарына шырақ, жарқын, айнаш, гүлім, бауырым деп 
еркелете ат қоятын.
c) Ер азаматы үйде жоқ кезде ересек ер адамның үйге түсуіне рұқсат етілмеген.
d) Ауыл қарттары тамақ үстінде үлкен табақтан жасы кішілерге асату 
жасамайтын.
e) Әйелдер үйде қалған балалары мен жақындарына мереке-тойлардан сарқыт 
ала келетін
f) 
Кіші іні үлкен ағаның рұқсатынсыз дастарқан басына өз бетінше ешуақытта 
отырмайтын.
g) Әңгіме үстінде жасы үлкен кісінің сөзін бөлуге әрқашан рұқсат берілетін. 
h) Онда бата беруші адам ізгі жақсылық, табыс тілейді.
3. Тобыңмен талқылап, пікіріңді ортаға салып көр! 
a. Жоғарыда аталған әдет-ғұрыптардан өзіңе жақсы таныс үшеуін атап көр!
b. Өзіңді таң қалдырған дәстүрлерді атап көр!
c. Жас кіші үлкендердің алдында өзін қалай ұстауы қажет?
d. Ата-әжелеріңе немесе жасы үлкен аға-апаларыңа қандай құрмет көрсетесің?
e. Үлкенге құрмет көрсету не үшін қажет деп ойлайсың?
Оқылым дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар үлгілері
Оқылымның ішкі дағдыларын қалыптастыру үшін белігілі бір тапсырма түрі 
таңдалады. Тапсырма түрлерін ұсынудағы мақсат біріншіден, оқылым дағдыларын терең 
қалыптастыруға мүмкіндік беру, ал екіншіден, оқушыны бір ғана тапсырма түрімен 
жалықтырып алмау. Төменде ұсынылған тапсырма түрлері «Reading, Skills for First 
Certificate» (Malcolm Mann & Steve Taylore-Knowles, 2003) оқулығынан мысал ретінде 
алынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет