4 тілдік дағдыда indd



Pdf көрінісі
бет37/58
Дата15.02.2024
өлшемі2.59 Mb.
#491884
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58
5.1 Табиғатта серуендеу
Тілдік деңгейі 
*
Тілдік мақсат
Көмекші есімдер, нақ осы шақ
Дағды 
Оқу және тыңдау
Ойлау әрекеті
Иллюстрациялау және түсіндіру
Оқыту әдісі
Тиянақтылыққа ынталандыру – қателерді түзету
Қарым
-қатынас түрі
Үлкен сыныптарға сай барлық сынып жұмысы
Дайындық
20-кестедегі сөйлемдерді жеке парақтарға жазыңыз
Жүргізілу барысы 
1. Сыныпты әрбір топта үш оқушыдан болатындай етіп топтарға бөліңіз.
2. Әр топтан бір оқушы сынып алдына шығуын сұраңыз және 20-кестедегі бір 
сөйлемді оқытыңыз. Бұл оқушылар сөйлем ішінде ерекшеленген сөздерге назар 
аударуы қажет. 
3. Олар өз топтарына оралып, сөйлемей, сіз көрсеткен сөйлемдегі ойды сурет түрінде 
салады.
4. Салған суреттің жауабын тауып, сөйлемді дұрыс айта білген топ ұпай жинайды.
5. Кейін топтың өзге де оқушылары осы тапсырманы қайталайды. 
6. Тапсырма барлық топ мүшелері қатысу мүмкіндігіне ие болғанға дейін жалғасады.
20
-кесте. Табиғатта серуендеу: сөйлемдер
• Ол тау үстімен ұшып барады.
• Ол орман ішінде гүл теріп жүр.
• Ол ауыл төңірегінде велосипед теуіп жүр.
• Ол жағажай маңында жүгіріп жүр.
• Ол теңіз астынан қазына іздеп жүр.
• Ол көлдің ортасымен жүзіп барады.
• Ол сарқырама жанында серуендеп жүр.


34
5.2 Жаңа жылды тойлау
Тілдік деңгейі 
*
Тілдік мақсат
Сөздік қор: өлшем, түс, сын есім, зат есім, мемлекет атаулары
Дағды 
Детальді тыңдалым
Ойлау әрекеті
Сұрыптау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет