4 тілдік дағдыда indd


Жаңа жыл күнгі электронды хаттар



Pdf көрінісі
бет39/58
Дата15.02.2024
өлшемі2.59 Mb.
#491884
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58
5.3 Жаңа жыл күнгі электронды хаттар
Тілдік деңгейі 
**
Тілдік мақсат
Электронды хат, ауыспалы осы шақ
Дағды 
Оқылым және жазылым
Ойлау әрекеті
Құрастыру және жасау
Оқыту әдісі
Шығармашылықты ынталандыру – қателерді қабылдау
Қарым
-қатынас түрі
Үлкен сыныптарға сай жеке жұмыс
Дайындық
Ұсынылған хатты қолдануға немесе өзіңіз басқа хат мәтін 
таңдауыңызға болады. 
Жүргізілу барысы
1. Сыныпқа австралиялық оқушылардың электронды хат жібергенін айтыңыз. 
Оларға хат мәтінін таратыңыз. 
2. Оқушылар енді оларға жауап хатын дайындау қажет. Олар бұл хатты үлгі ретінде 
қолдана алады. Ерекшеленген сөздерді өз хаттарына қолдана алады. 
Ескерту: Егер қаласаңыз, бірігіп сынып жауабын жасауға болады. Бұл жағдайда 
сіз оқушылардың ұсыныстарын сұрап, оларды тақтаға жазасыз. Кейін сыныппен бірігіп 
түзетулер жасап, электронды хатты жақсартудын жолдарын ойластыруға болады. 
5.4 Табиғи апаттар
Тілдік деңгейі 
***
Тілдік мақсат
География және ауа райы тақырыбындағы сөздер
Дағды 
Тыңдалым және айтылым
Ойлау әрекеті
Іріктеу, сәйкестендіру және дәлелдеу
Оқыту әдісі
Шығармашылыққа ынталандыру – қателерді қабылдауға үйрету 
Қарым
-қатынас түрі
Үлкен сыныптарға сай топтық жұмыс
Дайындық
Табиғат апаттары туралы диаграмма суретін салыңыз
Жүргізілу барысы
1. Тақтадағы диаграммада берілген табиғи апаттардың әрқайсысының мағынасын 
қысқаша түсіндіріңіз. Сіз бұны жасау үшін балалардың ана тілін қолдана аласыз. 
86-қорапты қараңыз.
2. Сыныпты шағын топтарға бөліп, әр топтан тақтадағы диаграмманы салуларын 
сұраңыз.
3. Сосын балалардан әр сөзді оқығанда сөздік қорды тыңдауларын сұраңыз. 85-қорапты 
қараңыз. Оларға сөздік қорды диаграммадағы табиғи апаттарға сай сұрыптауларын 
қалайтыныңызды айтыңыз. 86-қорапты қараңыз.
4. Балаларға әр сөздік қор бірлігін қай жерге қойғысы келетіндіктерін талқылауға 
уақыт беріңіз. Олар сөздік қор бірлігін диаграммадағы табиғи апаттар жанына 
жазады.
5. Олар бітірген соң, әр топтан жауаптарын сыныппен бөлісулерін сұраңыз. Түрлі 
категорияларға бірдей келетін сөздер болатыны сөзсіз, мысалы: ыстық орман өртіне 
де, жанартауға да, қуаңшылыққа да бірдей келеді. Топ өз таңдауларын дәлелдей 
алса, жауапты қабылдаңыз. Үлгі жауаптар 87-қорапта берілген.
Австралиядан хат
Сәлем!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет