Нақты ақпаратты табуға арналған тапсырма түрлері
Төмендегі ақпараттарға дұрыстығына сай «шын» немесе «өтірік» сөзін қойып көріңіз
Джинсы кейінгі уақытта гардеробтың негізгі элементіне айналған
Шалбар таңдаудағы назар аударатын мәселенің бірі - мата сапасы
Сізге шақ джинсы дем шығарған кезде қыспай, дұрыс отыруы керек.
Ұзындығы бойынша сізге шақ келген шалбарды алмаған дұрыс
|
Төмендегі сөйлемдер тұсына сәйкесінше «шын», «өтірік» және «айтылмаған» сөздерін қойып шық!
Елді татуластыруды, жақсыларды құрметтеуді, үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын, ел дәулетін қазақ кең дастарқаны арқылы көрсете білген.
Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ тағамдарының негізгісі ет пен сүт болған.
Қазақ ерлері ет тағамдарын тұздаудың түрлі әдістерін білген.
Ет тағамдарын диета ретінде қолдануға болады.
|
Мәтінді оқып болған соң, төмендегі сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап бер
Музыка түрі интеллект дәрежесі мен адам мінезіне тікелей әсер етеді
Мұңайып жүретін рок сүйгіш адамдар мейірімді мен ақылды жандар болып шықты
Өзіне сенімді, көңілді жандар блюзды тыңдамайды.
Классика жанрындағы музыканы жоғары талғамды адамдар тыңдайды.
| -
Егер расында Жер бетінде тек 100 адам өмір кешсе, оның 57-і Азиядан, 21-і Еуропадан, 14 кісі Американың екі континентінен, 8 адам Африкадан болушы еді. 52 әйел мен 48 ер кісінің 30-ы христиан, 23-і мұсылман болмақ. 100 адамның тек алтауы әлем байлығының 59%-ын иеленсе, 80 кісі нағыз кедей атана алар еді. 100 адамның 70-і жазу танымай, 50-і күнделікті аштықты көріп өмір сүрмек. 100 адамның тек біреуі жоғары оқу орнында оқыған болса, басқа 1 адам компьютерден сауатты болушы еді.
Таңертең аман-есен, сау болып ояндыңыз ба? Ендеше сіз апта сайын көз жұматын миллион адаммен салыстырғанда бақыттысыз.
Егер сіздің күнделікті тұратын баспанаңыз, киетін киіміңіз, ішетін тамағыңыз болса, сіз әлемдегі тұрғындардың 75%-ына қарағанда бақытты жансыз.
Осы ақпаратты өз бетіңізбен оқи алсаңыз, сіз жазу танымаған 2 миллиард замандасыңызға қарағанда, әлдеқайда бақыттысыз. Нақты ақпаратты табуға арналған сұрақтар (ашық сұрақтар):
Жер бетінде тек 100 адам өмір кешсе, Оңтүстік Америкадан нешеуі болар еді?
100 адамның нешеуі әлем байлығының 59 пайызына ие болар еді?
100 адамның нешеуі жазу танымаған болар еді?
100 адамның нешеуі университетке түсіп, нешеуі комьютерден сауатты болар еді?
Таңертең аман-есен оянсаң, қанша адамға қарағанда бақыттысың?
|
Достарыңызбен бөлісу: |