1.4 Жануарлардың күн тәртібі
-
Тілдік деңгейі
|
*
|
Тілдік мақсат
|
Уақыт, ауыспалы осы шақ
|
Дағды
|
Жазылым
|
Ойлау әрекеті
|
Тізбектеу
|
Оқыту әдісі
|
Шығармашылыққа ынталандыру – қателерді қабылдауды үйрету
|
Қарым-қатынас түрі
|
Үлкен сыныптарға сай жұмыс
|
Жүргізілу барысы:
Оқушылар бір жануарды таңдайды, оның күні бойы жасайтын әрекеттерін талқылайды, ғаламтордан іздейді.
Тақтаға уақыт сызығын салады, бірнеше уақыт көрсеткіштерін жазады. Мысалы:
8:00, 10:15, 12:30. 3-кестені қараңыз.
Оқушылар уақыт сызығын көшіріп алады.
Оқушылар өздері таңдаған жануарлардың күні бойы жасайтын әрекеттерін талқылайды, тізімдейді. Жануарлардың күн тәртібін ауыспалы осы шаққа көңіл бөле отырып жазады. Толтырылған уақыт сызығын сынып бөлмесіне іледі.
3-кесте. Уақыт сызығы: жыланның күн тәртібі
Қосымша
• Оқушылар бұл ақпаратты жазбаша немесе ауызша әңгімеге айналдыра алады. Әңгіме мысалы 4-кестеде көрсетілген. Мәтінді өткен шаққа айналдыруға болады.
4-кесте. Жануар әңгімесінің мысалы
-
Ромб питоны
Кеше мен шамамен сағат 8-де ояндым. Сағат 9-да мен күншуақ жерді таптым, сондықтан таңертеңгі ұйқыға кеттім. Екі сағат ұйықтадым. Оянған соң жейтін бір нәрсе іздедім. Ағаш басында құстың ұясын көрдім де, оған өрмелеп шықтым. Мен үш жұмыртқа жедім. Түскі 2 мен 4-тің арасында тамақ іздедім. Содан кішкентай бақаны таптым. Мені көре салысымен, бақа тоғанға секіріп, жүзіп кетті. Кеште күн ұясына кірді де, мен үңгіріме кіріп кеттім.
Дұрыс тамақ ішпеген соң шаршап ұйқыға кеттім.
|
|
1.5 Жануар туралы ақпарат
Тілдік деңгейі
|
*
|
Тілдік мақсат
|
Ақпараттық мәтін, ауыспалы осы шақ
|
Дағды
|
Детальді тыңдау
|
Ойлау әрекеті
|
Жіктеу
|
Оқыту әдісі
|
Шығармашылықты ынталандыру – қателерді қабылдауды үйрету
|
Қарым-қатынас түрі
|
Сыныпқа сай жұмыс түрлері
|
Дайындық
|
Тақтаға 5-кестедегі ақпараттық баяндама тақырыпшалары мен сұрақтарын жазыңыз. Мысалы, ТАМАҚ: Коалалар не жейді?
|
Жүргізілу барысы:
Оқушыларға ақпараттық баяндама тақырыпшаларын түсіндіріңіз. Тақтаға жазып қойыңыз.
5-кестеден кез-келген сөйлемді таңдаңыз. Сөйлемді сыныпқа дауыстап оқыңыз.
Оқушылар сөйлемді тыңдай отырып, тақырыпшалардың қайсысына сай келетінін анықтаулары керек. Мысалы, «Балалары жазда немесе көктемде дүниеге келеді»деп оқысаңыз, оқушылар бұл сөйлемді «Көбею»тақырыпшасымен байланыстыру керек. Бұл детальді тыңдау дағдысымен байланысты тапсырма.
5-кесте Ақпарат беру бағытындағы баяндама үлгісі
Ақпараттық баяндама: коала
|
АНЫҚТАМА: Коала деген не?
Коала – Аустралияның жергілікті жануары. Ол қалталы жануарлар қатарына жатады. КЕЛБЕТІ: Коала неге ұқсайды?
Коала – кішкентай және сұр түсті жануар. Олардың тырнақтары мен өткір алдыңғы тістері бар. ҚАСИЕТІ: Коала күндіз/түнде не істейді?
Ол күндіз ұйықтайды. Олар бес сағат бойы тамақтанады. КӨБЕЮІ: Коаланың қалтасы бар ма? Коала қашан дүниеге келеді?
Ана коалаларда қалта бар. Балалары жазда немесе көктемде дүниеге келеді. МЕКЕНІ: Коала қайда мекендейді?
Коала Аустралияның шығыс бөлігінде мекендейді. Ол эвкалипт ормандарында тіршілік етеді. ТАМАҚ: Коала не жейді?
Коала эвкалипт жапырақтарымен қоректенеді. Балалары тек сүт ішеді. ҚОРҒАНЫС: Коала өзін қалай қорғайды? Коаланың жаулары бар ма?
Коала өзін дұшпандардан қорғау үшін тырнақтарын қолданады. Коаланың жаулары көліктер, иттер мен мысықтар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |