Жүргізілу барысы
Оқушыларға кейбір қауіпсіздік ережелерін оқисыз. Олар бұл ережелердің қай қауіпсіздік ережесіне жататынын анықтайды. Мысалы, жеке қауіпсіздік, жол қауіпсіздігі, күн қауіпсіздігі немесе су қауіпсіздігі.
Бірінші ережені асықпай оқыңыз: Қалпақ және ұзын жеңді жейде ки. Оқушылар бұл ереженің қай ережеге жататынын жазады, мысалы: күн қауіпсіздігі.
Кейін басқа ережелерді бір-бірлеп оқып шығасыз, оқушыларға жауаптарын жазуға уақыт бересіз.
Соңында олардың жауаптарын тексеріңіз. Оқушылар тізімге көбірек ережелер қосып, қауіпсіздіктің түрлі аспектілері туралы сынып қабырғасына стенд дайындай алады. 31-кесте. Қауіпсіздік ережелері
Қауіпсіздік ережесі
|
Қауіпсіздік саласы
|
Қалпақ және ұзын жеңді жейде ки.
Солға (немесе оңға) қара және оңға (немесе солға) қара, қайтадан солға (немесе оңға) қара.
Бассейнде ешқашан таяз жерде сүңгіме.
Қызыл шамға тоқта.
Бөтен адамдармен сөйлеспе.
Көлеңкеде отыр.
Ата-анаңа әрқашан қайда кетіп бара жатқаныңды айт.
Тамақ жеген соң дереу суға түспе.
|
Күн қауіпсіздігі
Жол қауіпсіздігі
Су қауіпсіздігі
Жол қауіпсіздігі
Жеке қауіпсіздік
Күн қауіпсіздігі
Жеке қауіпсіздік
Су қауіпсіздігі
| Қосымша
Бұл жаттығудан соң қауіпсіздік ережелерін талқылап себебін анықтауға болады.
Сіздің жергілікті мекеніңізге сай басқа да мәселелер мен ережелер болуы мүмкін, мысалы: қар қауіпсіздігі, жануарлар қауіпсіздігі, үй қауіпсіздігі, ойын алаңы қауіпсіздігі. Сол себепті кестедегі сөйлемдерді ауыстыра аласыз.
6.8 Демалыс
Тілдік деңгейі
|
**
|
Тілдік мақсат
|
Салыстырмалы және күшейтпелі шырай, себебі.
|
Дағды
|
Айтылым
|
Ойлау әрекеті
|
Сұрыптау
|
Оқыту әдісі
|
Шығармашылыққа ынталандыру – қателерді қабылдауға үйрету
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |