Сипаттама үлгілері: Сенің ...
Сен ...
|
Мінездеме үлгілері:
Сен ... адамсың/ жансың.
|
Қабілеттері сипаттау үлгілері: Сен ...
|
Сенің шашың әдемі әрі ұзын.
Сенің көзің мөлдір әрі қара түсті.
Сенің қолың кішкентай әрі жұмсақ.
Сенің әдемі, түзу, ақ тістерің бар.
Сен ұзын бойлы әрі сымбаттысың.
|
ақылды керемет жақсы
мейірімді
ашық сабырлы кеңпейіл жомарт
|
допты жақсы ұстай аласың, лақтыра аласың. суреттерді жақсы саласың. сабақты өте жақсы оқисың. жақсы ән айтасың. әдемі би билейсің. шахматты жақсы ойнайсың. есепті жақсы шығарасың.
| Қосымша
• Оқушыларға мінездеме, жеке қасиеттерін сипаттауға байланысты әдеби тіркестерді, тұрақты тіркестерді ұсынуға болады.
8.Тағамдар
8.1 Тамақтану диаграммасын сипаттау
Тілдік деңгейі
|
*
|
Тілдік мақсат
|
Салыстырмалы және күшейтпелі шырай, диаграмманы сипаттау.
|
Дағды
|
Жазылым
|
Ойлау әрекеті
|
Талдау
|
Оқыту әдісі
|
Шығармашылыққа ынталандыру – қателерді қабылдау
|
Қарым-қатынас түрі
|
Үлкен сыныптарға сай жұптық жұмыс
|
Дайындық
|
39-кестедегі диаграмма мен сөйлем үлгілерін тақтаға жазып қою қажет.
|
Жүргізілу барысы
Оқушыларға 39-кестедегі диаграмма беріледі. Оқушылар Арман, Анар және Дәуреннің бір күнгі тамақтану ерекшелігін анықтайды.
Оқушылар жұпта диаграммадағы ақпаратты зерттейді, салыстырады. Сыныптастарымен ауызша ой бөліседі. Тақтада көрсетілген сөйлем үлгілерін қолдана алады.
Оқушыларға түсінікті болу үшін мұғалім олармен бірлесе отырып, ауызша сөйлем құрастырып көреді. Мысалы, бұл диаграммада үш оқушының бір күннің ішінде тамақтың қай түрлерін қолданатыны көрсетілген. Арман Анарға қарағанда жемістер, көкөністермен көбірек тамақтанады.
Талқылап болған соң, оқушылар жұпта диаграммадағы ақпарат бойынша мәтін құрастырады.
Оқушылар бірінші абзацта диаграмма туралы жалпы мәлімет жазады. Екінші және үшінші абзацтарда ұсынылған мәліметтерді салыстырып, талдап жазады.
39-кесте. Бір күнгі тамақтану диаграммасы
Үлгі сөйлемдер:
Анар мен Арман етті тағамдарды өзге тамақ түрлеріне қарағанда аз қолданады. Ал Дәурен өз құрбыларымен салыстырғанда етті тағамдарды көбірек жейтін болып шықты.
Қосымша
Төменгі сынып оқушылары үшін диаграмманы салыстырмалы шырайды қолдана отырып, қарапайым түрде сипаттаса да жеткілікті.
Ал жоғары сынып оқушылар сандық мәліметті қолдана отырып, сипаттауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |