21-кесте. Тыңдалым кестесі
-
Өлшем
|
Түс
|
Басқа сын есім
|
Зат есім
|
Мекен
|
Кішкентай
Үлкен
Кішкентай
Өте кішкентай
Кішкентай
Ұзын
|
Қызыл Ақ
Қоңыр
Сары және қара
Жасыл
Сары
|
Шаршы
Домалақ
Тәтті
Жұмсақ
Дәмді
Жұқа
|
Конверт
Күріш күлше
Бәліш
Бұршақ
12 жүзім
Кеспе
|
Қытай
Корея
Голландия
АҚШ
Испания
Жапония
|
22-кесте. Әлем халықтары жаңа жылды қалай қарсы алады? Испанияда жаңа жыл қарсаңында 12 кішкентай жасыл жүзім жейді.
АҚШ-тың оңтүстігіндегі адамдар жаңа жылда сәттілік әкелу үшін өте кішкентай, сары және қара жұмсақ бұршақтар жейді.
Қытайда ата-аналар жаңа жылда балаларына ішінде ақшасы бар кішкентай, қызыл шаршы конверт береді.
Жапонияда жаңа жыл қарсаңында адамдар ұзын, жұқа, сары кеспелер жейді.
Корей адамдары үлкен, ақ, домалақ күріш күлшелерін жаңа жыл тойланатын күні жейді.
Голландиялықтар жаңа жылды қарсы алғанда кішкентай қоңыр тәтті бәліш жегенді жақсы көреді.
5.3 Жаңа жыл күнгі электронды хаттар
Тілдік деңгейі
|
**
|
Тілдік мақсат
|
Электронды хат, ауыспалы осы шақ
|
Дағды
|
Оқылым және жазылым
|
Ойлау әрекеті
|
Құрастыру және жасау
|
Оқыту әдісі
|
Шығармашылықты ынталандыру – қателерді қабылдау
|
Қарым-қатынас түрі
|
Үлкен сыныптарға сай жеке жұмыс
|
Дайындық
|
Ұсынылған хатты қолдануға немесе өзіңіз басқа хат мәтін таңдауыңызға болады.
|
Жүргізілу барысы
Сыныпқа австралиялық оқушылардың электронды хат жібергенін айтыңыз. Оларға хат мәтінін таратыңыз.
Оқушылар енді оларға жауап хатын дайындау қажет. Олар бұл хатты үлгі ретінде қолдана алады. Ерекшеленген сөздерді өз хаттарына қолдана алады.
Австралиядан хат
Сәлем!
Біздер Сидней қаласының 5-сынып оқушыларымыз. Жыл сайын біздің елге жаңа жылды тойлауға көптеген адамдар келіп жатады. Әдетте біздер жаңа жыл кешін ұйымдастырамыз және барлық балалар жаңа жыл түнін ұйқысыз өткізеді. Келесі күні ұйқымыз келіп шаршаймыз. Ал сендер биылғы жаңа жылды қалай тойлайын деп жатырсыңдар?
Ескерту: Егер қаласаңыз, бірігіп сынып жауабын жасауға болады. Бұл жағдайда сіз оқушылардың ұсыныстарын сұрап, оларды тақтаға жазасыз. Кейін сыныппен бірігіп түзетулер жасап, электронды хатты жақсартудын жолдарын ойластыруға болады.
5.4 Табиғи апаттар
Тілдік деңгейі
|
***
|
Тілдік мақсат
|
География және ауа райы тақырыбындағы сөздер
|
Дағды
|
Тыңдалым және айтылым
|
Ойлау әрекеті
|
Іріктеу, сәйкестендіру және дәлелдеу
|
Оқыту әдісі
|
Шығармашылыққа ынталандыру – қателерді қабылдауға үйрету
|
Қарым-қатынас түрі
|
Үлкен сыныптарға сай топтық жұмыс
|
Дайындық
|
Табиғат апаттары туралы диаграмма суретін салыңыз
|
Жүргізілу барысы
Тақтадағы диаграммада берілген табиғи апаттардың әрқайсысының мағынасын қысқаша түсіндіріңіз. Сіз бұны жасау үшін балалардың ана тілін қолдана аласыз. 86-қорапты қараңыз.
Сыныпты шағын топтарға бөліп, әр топтан тақтадағы диаграмманы салуларын сұраңыз.
Сосын балалардан әр сөзді оқығанда сөздік қорды тыңдауларын сұраңыз. 85-қорапты қараңыз. Оларға сөздік қорды диаграммадағы табиғи апаттарға сай сұрыптауларын қалайтыныңызды айтыңыз. 86-қорапты қараңыз.
Балаларға әр сөздік қор бірлігін қай жерге қойғысы келетіндіктерін талқылауға уақыт беріңіз. Олар сөздік қор бірлігін диаграммадағы табиғи апаттар жанына жазады.
Олар бітірген соң, әр топтан жауаптарын сыныппен бөлісулерін сұраңыз. Түрлі категорияларға бірдей келетін сөздер болатыны сөзсіз, мысалы: ыстық орман өртіне де, жанартауға да, қуаңшылыққа да бірдей келеді. Топ өз таңдауларын дәлелдей алса, жауапты қабылдаңыз. Үлгі жауаптар 87-қорапта берілген.
23-кесте. Табиғи апат туралы сөздер
Боран, құйынды дауыл, су басу, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, кенеттен қалың қар жауу, цунами, қар көшкіні, құрғақшылық, сел, өрт, ыстық, т.б.
5.5 Төтенше жағдай кезінде жасалатын шаралар
Тілдік деңгейі
|
*
|
Тілдік мақсат
|
Бұйрықты сөйлем
|
Дағды
|
Зат есімдер мен етістіктерді тыңдау
|
Ойлау әрекеті
|
Ақпаратты іріктеу
|
Оқыту әдісі
|
Тиянақтылыққа ынталандыру – қателерді түзету
|
Қарым-қатынас түрі
|
Үлкен сыныптарға сай жұптық жұмыс
|
Дайындық
|
24-кестенің 2, 3, 4-бөліктерін дайындаңыз. Етістіктер мен зат есімдер бөлігінде тек қана сандарды ғана қалдырыңыз.
|
Жүргізілу барысы
Оқушыларға төтенше жағдайға байланысты мәтін оқитыныңызды түсіндіріңіз. Бұл мәтін дауыл немесе циклон келе жатқанда адамдардың жасауға тиіс әрекеті жайлы. Тұратын аймағыңызға байланысты орынды сөзді таңдаңыз, мысалы: дауыл немесе боран. Оқушылардың бұл сөздің мағынасын түсінетіндігіне көз жеткізіңіз.
Оқушылар жұпқа бөлінеді. Бір оқушы барлық зат есімдерді тыңдауы тиіс, ал екіншісі барлық етістіктерді тыңдауы тиіс. Бұл жаттығуда етістікті тыңдау зат есімді тыңдаудан гөрі оңайырақ, сондықтан етістіктерді қабілеті төменірек оқушыларға беріңіз.
Енді 24-кестедегі төтенше жағдай әрекеттерін асықпай оқыңыз.
24-кесте бойынша 2, 3, 4-бөліктерін оқушылар өздері тыңдай отырып, толтыруы қажет. Етістіктер және зат есімдер бөлігінде сандар ғана тұруы тиіс.
Оқушылар толтырған соң өзге жұптармен жауаптарын салыстырып көреді.
Төтенше жағдайдағы қауіпсіздік шараларына байланысты қысқа мәтін құрастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |