4 тілдік дағдыда indd



бет45/49
Дата16.04.2024
өлшемі2.29 Mb.
#498803
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
әдебиеттік оқу сабақтарында тыңдалым дағдысын қалыптастыру жолдары

8.2 Тамақтану пирамидасы

Тілдік деңгейі

*

Тілдік мақсат

Диаграмма құрастыру, тамақ түрлерінің атаулары

Дағды

Детальді тыңдалым, дұрыс жазу

Ойлау әрекеті

Ақпаратты сұрыптау

Оқыту әдісі

Тиянақтылыққа ынталандыру – қателерді түзету

Қарым-қатынас түрі

Үлкен сыныптарға сай жұптық жұмыс

Дайындық

Тақтаға тамақ пирамидасын сызыңыз. 40-кестені қараңыз.

Жүргізілу барысы

  1. Оқушыларды тамақтану пирамидасымен және оның әр бөлігінде орналасқан тамақ түрлерімен таныстырыңыз. Кейбір тамақ түрлеріне мысалдар беруге болады.

  2. Оқушылар тамақтану пирамидасын көшіріп жазып алады және тамақ түрлерін жазуға бос орындар қалдырады.

  3. 40-кестедегі әр категория бойынша тамақ түрлерін бір-бірден араластырып оқисыз. Ал оқушылар оқылған сөздерді тамақ категориясы бойынша пирамида бөліктеріне жазады.

  4. Тапсырманы аяқтаған соң оқушылар бір-бірінің жауаптарын тексереді.


40-кесте. Диаграмма: тамақтану пирамидасы

Тамақтану пирамидасы

Тамақ түрлері мен категориялары



Тәтті тағамдар:
Печенье, бәліш, шоколад, джем, лимонад, кәмпит. Сүт, ет өнімдері, жұмыртқа:
Май, ірімшік, тауық, балық, сүт, шұжық, жұмыртқа. Жеміс және көкөністер:
Алма, банан, сәбіз, лимон, манго, пияз, апельсин, бұршақ, алмұрт, ананас, картоп, қызанақ, қарбыз, қырыққабат. Дәнді дақыл өнімдері:
Нан, ұн, паста, күріш, астық, тары.

Қосымша


  • Оқушылар тамақтану диетасына байланысты немесе өз қалауы бойынша тамақтану пирамидасын құрастыра алады.

  • Кестеде көрсетілген тамақ түрлерінің қатарын толықтыруға болады.

  • Сонымен қатар пирамидада көрсетілген тағамдардың адам ағзасына пайдасы жөнінде оқушылармен зерттеу жүргізуге болады және өздері ең пайдалы, дұрыс деп санайтын тамақтану пирамидасын жасай алады. Тамақтану пирамидасын қолдана отырып, оқушыларға тағамға байланысты жаңа сөздер үйретуге болады.

Менің үйім

Тілдік деңгейі

*

Тілдік мақсат

Реттік сан есімдер және үй заттары.

Дағды

Детальді тыңдау, дұрыс жазу

Ойлау әрекеті

Анықтау

Оқыту әдісі

Тиянақтылыққа ынталандыру – қателерді түзету

Қарым-қатынас түрі

Үлкен сыныптарға сай барлық сынып жұмысы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет