Менің бос уақытым
Тілдік деңгейі
|
*
|
Тілдік мақсат
|
Нақ осы шақ, қалып етістіктері
|
Дағды
|
Айтылым
|
Ойлау әрекеті
|
Анықтау және есте сақтау
|
Оқыту әдісі
|
Тиянақтылыққа ынталандыру – қателерді түзету
|
Қарым-қатынас түрі
|
Үлкен сыныптарға сай шағын топ жұмысы
|
Жүргізілу барысы
Сыныпты үш-үштен топқа бөліңіз. Әр топ бос уақытында айналысатын ісәрекеттер туралы талқылай отырып, әр оқушы хобби түрлері ішінен үшеуін таңдап алуы қажет.
Әр топтан бір оқушыдан шығып, бос уақытында айналысатын хоббиді қимыл, мимикамен көрсетеді. «Мен не істеп жатырмын?» деп сұрақ қояды, ал оқушылар оның қандай хобби екенін табады.
Оқушылар хоббидің немесе іс-әрекеттің қай түрі екен анықтай отырып, қалып етістіктерді нақ осы шақта дұрыс қолдана білуі керек. Оқушылар қимылмен көрсетіп жатқанда, әрбір топты аралап, қалып етістіктерді дұрыс қолдануына назар аударыңыз.
42-кесте
Сен ... жатырсың (отыр, тұр, жүр): теледидар қарап, компьютер ойындарын ойнап, велосипед теуіп, футбол ойнап, бадминтон ойнап, кітап оқып, бейсбол ойнап, баскетбол ойнап, қуыршақ ойнап, бассейнде жүзіп, сурет салып, ән айтып, камерамен суретке түсіп, гитара ойнап, CD тыңдап, пианино ойнап.
Достарыңызбен бөлісу: |