21
Жүргізілу барысы:
1. 3-кестеден оқушылар білетін бір жануардың атын атаңыз. Мысалы: қолтырауын.
2. Мұғалім дауыстап айтады, оқушы «қолтырауын»
сөзінің дұрыс жазылуына мән
бере отырып, тақтаға жазады. Сыныппен сөздің жазылуын тексереді.
3. Оқушылар жұпта аталған жануардың қасиеттерін еске түсіреді. Мысалы: ұзын,
жұмсақ, қоңыр. Оқушылар аталған жануарды дұрыс сипаттау үшін сыныптағы
сөздіктерді,
кітаптарды, қабырғадағы сөздерді қолдана алады. Сын есім түрлері
кестеде берілген.
4. Біртіндеп оқушылар мұғалім ұсынған жануарларды сипаттайтын сын есімдерді
жазады.
5. Барлық жұп
тапсырманы орындап болған соң, тапқан сын есімдерін мұғаліммен
бірге талқылап, ортақ шешімге келеді. Кестені толтырады.
Достарыңызбен бөлісу: