Тыңдалым түрлері: Әңгімелесу (диалог), әңгімелер (оқиға), хабарландыру, әндер, нұсқау, лекция және
жарнама және т.б.
Тыңдалым дағдылары бірнеше ішкі дағдылардан тұрады: Мазмұнын түсіну үшін тыңдау – жалпы мазмұнын, идеясын түсіну үшін тыңдау.
Нақты ақпараттарды алу үшін тыңдау - тыңдалымдағы қажетті ақпараттарды алу
үшін тыңдау. Мысалы, теміржол вокзалында өзіңізге қажет уақытты немесе пойызды білу үшін сол ақпаратты ғана тыңдайсыз, басқа ақпаратты қажет қылмайсыз. Детальді түрде тыңдау- әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін әрбір сөзін зер салып
тыңдау, түсіну. Мысалы, маңызды жаңалықтарды айтып жатырған кезде оны дұрыс түсіну үшін әрбір сөзін мұқият тыңдап шығасыз. Cөйлеушінің қарым-қатынасын анықтау үшін тыңдау – сөйлеушінің көңіл-күйін
не айтқысы келіп отырғанын түсіну үшін тыңдау.
Интенсивті тыңдалым – сөйлеу барысындағы сөйлемдердің грамматикалық
құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін тыңдау. Мұндағы
мақсат – оқушылардың тілді дұрыс қолдана білудегі білімін арттыру. Мысалы, белгілі
бір грамматикалық тақырыптарды өткен кезде тыңдалымды пайдалану, бірақ бұл жерде
басқа дағдыларды араластырмайсыз.
Экстенсивті тыңдалым -үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды(роман,
әңгіме) тыңдау.
Тыңдалымға арналған сабақ жүйесінің мысалы:
1. Тыңдалым алдындағы тапсырма: тақырыпты таныстыру; тыңдалымдағы
маңызды сөздерді үйрету; тақырыпқа қатысты сұрақтар құра отырып, сол
тақырыптағы оқушы білімін қозғау.
19
2. Тыңдалым тапсырмасы: әртүрлі тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға
арналған жаттығулар тобы; олар жалпы мазмұнын түсінуден бастап, детальді
түсінуге бағытталады.