Тілдік мақсат
Әңгіме, антонимдер, бұрынғы өткен шақ
Дағды
Тыңдалым және айтылым
Ойлау әрекеті
Салыстыру
Оқыту әдісі
Шығармашылыққа ынталандыру – қателерді қабылдай білуге
үйрету
Қарым-қатынас түрі
Үлкен сыныптарға сай барлық сынып жұмысы
Жүргізілу барысы:
1. Алдымен оқушыларға патша туралы қысқа ертегі оқып бересіз. Оқушыларға
тапсырманы түсіндіресіз.
2. Ертегіні екінші рет оқығанда оқушылар жақсы патшаның сипаттамасын тыңдай
отырып, сын есімдерді антонимдерімен алмастырып жазуы керек. Мысалы, Ертеде
ақылды патша өмір сүріпті. 17-кестені қараңыз.
3. Оқушылар сөйлемдерді тыңдай отырып жазып алады және кездескен сын есімдерді
антонидерімен алмастырып отырады. Тапсырма аяқталған соң оқушылар жаман
патша туралы өз мәтіндерін оқып береді. Оқушылардың антонимдерді орынды
қолдануы бағаланады.
17-
кесте. Жақсы және жаман патша
Жақсы патша
Жаман патша
Ертеде ақылды патша өмір сүріпті.
ақымақ
Ол өте жас және тартымды екен.
кәрі және ұсқынсыз
Ол әдемі, таза, жаңа киімдер киіпті.
жарамсыз, кір, ескі
Таңғы асқа ол дәмді жұмыртқа жейді екен.
дәмсіз
Түскі асқа ол үлкен дастархан әзірлетеді екен.
шағын
Кешкі асқа ол өнерлі, білімді адамдарды шақырады екен.
өнерсіз, білімсіз
Ол өте мейірімді болыпты.
қатал
Қосымша
• Балалар жаман патша сипаттамасын жазып, мәтін құрастырады.
Олар өз
сипаттамаларын иллюстрациялайды және сынып бөлмесіне іледі.
Марс – жерге ең жақын планета. Ол тастан жасалған. Онда өте суық және жердегі
солтүстік пен оңтүстік полюстегідей мұзды шыңдар бар. Жерден қарағанда Марс қызыл болып
көрінеді. Марста көптеген кратерлер, кейбір терең алқаптар мен биік жанартаулар бар. Кейбір
ғалымдар Марста тіршілік болуы мүмкін дейді, бірақ олар әзірше ешқандай тіршілікті таппады.
Ғалымдар сондай-ақ Марста су іздеуде.
|