40-шығарылым «Құрылыс материалдарының өндірісі» бөлімі Астана 2009 Кіріспе


Темір-бетон бұйымдарын бөлектеуші



бет10/14
Дата11.06.2016
өлшемі1.22 Mb.
#127883
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

196. Темір-бетон бұйымдарын бөлектеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қолдан және темірбетонды бұйымдарды төмен механизациялау құралдарын, жылытпалы өңдеуді өткендерді пайдаланып өңдеу (плиталарды, панелдерді, блоктарды, құбырлардын шеттерін және ішкі беттерін). Желімнен және қағаздардан қаптамаларды тазартумен арнайы жуатын машиналарда панелдердін сыртқы қабырғаларын жуу. Қабырғалы панельдердін ойықтарында құламаларды және құюларды өңдеу. Техникалы құжатнаманың талаптары сәйкес бұйымдардын беттерін жетілдіру, тығындау және сүрту. Плиталардын, панельдердін, ригелдердін, коллоналардын беттерін бояуға және обойлар жапсыру үшін өңдеу. Тегістейтін станоктарда немесе аз механизациялы құралдарды пайдаланып бұйымдардын тегіс беттерін (терезе алындағы тақтайшаларды, баспалдақтарды, қаптайтын тақтайшаларды және т.б.) тегістеу. Бұйымдарды көтеру, орнын ауыстыру, жиектеу, орнату және салу. Раковина және сынған жерлерін ертінділер және тығындарды пайдаланып жапсыру және бітеу. Сыртқы қабырғалардын панельдерін жаққышпен, щеткамен жуу, қаптаманы желімнен және қағаздан тазартып. Дақтарды және тот басуларды жою. Қолдан немесе арнайы жуатын құрылғыларда формаларды және төсейтін төсемдерді жуу.

Білуге тиіс: қолданылып жатқан станоктардын және аз механикалы құралдардын құрылымы; бұйымнын сапасына қойылатын талаптар; өңдеу материалдарын даярлау тәсілдері және олардын құрамдары және оларға қойылатын талаптар; бұйымдарды тегістеу тәсілдері; өңделіп жатқан бұйымдарды арқанмен тарту, көтеру, жиектеу, тасымалдау және орнату ережелерін; өңделіп жатқан бұйымдардын белгіленуі және олардын сыртқы пішіндеріне қойылатын негізгі талаптарды; тегістеушілер, ертінділер, дақтар мен тот басуларды кетіретін құрамдардын рецептурасын, даярлау тәсілдерін; бұйымдарды өңдеу тәсілдері.
197. Темір-бетон бұйымдарын бөлектеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Цемент-зеңбірек немесе басқада тығындайтын қондырғылардын қысымы астында біржола бегітумен тығындау тәсілдерімен құбырлардын сыртқы беттерін және басқа темірбетонды бұйымдарды өңдеу. Үгітілген тас немесе шынынын декоративті фактуралы қабатымен дайын бұйымдарды қаптаумен ғимараттын фасадты элементтерін «декор» тәсілімен өңдеу. Жуатын және басқада арнайы құрылғыларда архитектуралы бетондарда ірі толтырғыштардын фактурасын тілу. Тегістейтін станоктарда немесе қолдан тегістейтін электропневмоқұралдардын көмегімен бұйымдардын қисық беттерін тегістеу. Дайын бұйымдардағы плиталардын ақаулы қаптамаларын ауыстыру: сыртқы қабырғалардын панелдерін, цоколды панелдерді, баспалдақ алаңдарында, сантехкабиналардын табандықтарында және т.б.

Білуге тиіс: қолданылып жатқан қондырғылардын, машиналардын және аз механикалы құралдардын құрылымын және жұмыс принцптерін; өңделіп жатқан бұйымдардын сызбаларын және техникалы талаптарын; бұйымдарды тығындауда қолданылатын қоспалардын құрамдарын; қолданылып жатқан өңдеу құрамдарына қолданылатын құрамдарға қойылатын талаптар; қолданылып жатқан абразивты материалдардын түрлері және маркалары; өңделіп жатқан бұйымдардын номенклатурасын.

198. Қайта кристалдандырушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Доломитті сүттерді қайта кристалдау процесін жүргізу және біліктілігі жоғары қайтакристалдаушының басшылығымен совелитті бұйымдарды өндіруде гидромассаларды даярлау. Қайткристалдаушыны жұмысқа даярлау. Асбестті, доломитті сүтті тиеу және мөлшерлеу. Жылытпалы оқшаулаудын және құралдардын дұрыс жұмыс істеуін бақылау. Сынамаларды алу. Қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтарды тазарту.

Білуге тиіс: аппараттардын, насостардын, құралдардын құрылымы; доломитті сүттін, асбестін, будын, дайын гидромассаның құрамын; сынамларды алу ережелері; гидромассаға, асбестқа, долмитті сүттердін құрамы; қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтарды тазарту тәрітбі.
199. Қайта кристалдандырушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мерзімді және толассыз жұмыс жасйтын қондырғыларда доломитті сүттерді қайта кристалдау және совелитті бұйымдарды өндіруде гидромассаларды даярлау процесін жүргізу. Қайта кристадағыштарды және насостарды даярлау, қосу және тоқтату. Долмитт сүтті сору. Асбестті тиеу және мөлшерлеу. Будын қысымын және аппараттардын сөнуін реттеу. бақылау-өлшеу құралдарын бақылау. Температураны және престерге гидромассаны жіберуді бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтарды құру, жұмыс принцптері және қосуережелері; технологиялы процес; өлшеу құралдарымен пайдалану ержелері; алынатын материалдарғы және гидромассаға қойылатын талаптар; жабдықтардын жұмыстарындағы ақаулықтарды табу және жою.
200. Асбест-цемент бұйымдарын баспақтаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Асбестцементті бұйымдарды өндіруде 5000 т дейін қуатты гидравликалы престерді басқару. Престерд жұмысқа даярлау. Престер астына престелмеген шифер арбасын жіберу. Травестерді жіберу және қысымды қосу. Траверстерді көтеру және престер астынан арбаны алу. Шиферлардын табандарын шешу. Келесі айналымға престелген арбаны жіберу. Прес бактарында майдын қорынын уақытылы толуын және гидравликалы көтергіштерде судын толы болуын бақылау. Гидравликалы престерді икемдеу және оның профилактикалы жөндеу жұмыстары. Престерді жөндеу бойынша жұмыстарға қатысу.

Білуге тиіс: гидравликалы престердін жұмыс принцпі; технологиялы карта бойынша престеу режимдері; престеген өнімнің ақауларының алдын-алу және жою тәсілдері.
201. Асбест-цемент бұйымдарын баспақтаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бегітілген технологиялы процестерге сәйкес асбестцементті бұйымдарды өндіру барысында 5000-1000т астам қуатты гидравликалы престерді басқару. Престерді жұмысқа даярлау. Өндңрңлген реттеудін дұрыстығын тексеру. Қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардын ағымдағы, ортанға және толық жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуге тиіс: қуатты гидравликалы престердін құрылымы; престелген бұйымдардын ақауларынын алдын-алу және жою.
202. Асбест-цемент бұйымдарын баспақтаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бегітіліген технологиялы процестерге сәйкес асбестцементті бұймдарды өндіруде қуаттылығы 1000 т астам гидраликалы престерді басқару. Престерге майдын түсуін реттеу. престерде басқару автоматтандырылған сызбасын басқару. Гидравликалы престердін ағымдағы, орташа және толықтай жөндеу жұмыстарына қатысу. Престеліп жатқан бұйымдардын сапасын бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардын құрылымы және жұмыс принцптері; гидравликалы престерді басқаруды автоматтыдан қолдыға және кері қарай ауыстыру тәсілдері; жұмыс эмульгирлі суды даярлау технологиясын; престеу теліміне түскен жартылай фаврикаттардын сапасына қойылатын талаптар; престелген бұйымдардын сапасына қойылатын талаптар; қызмет көрсетіліп жатқан жабдқтарды реттеу ережелері.
203. Миканит және микалексті баспақтаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Престерде микалекс пластиналары үшін әзірлемелерді престеу процесін жүргізу. Микалексті массаларды мөлшерлеу. Массаны төгу және прессформада қолдан түзету. Престерді қосу және тоқтату. Дайын әзірлемелерді сөрелерге салу. Жұмыстардағы ұсақ ақаулықтарды жою және престердін жөндеу жұмыстарна қатысу.

Білуге тиіс: престердін және қосалқы жабдықтардын жұмыс принцптері; микалексті массаның компоненттерінің құрамын және мөлшерлеу; микалекс әзірлемесін престеу технологиялы реламентін; микалекске қойылатын тахникалы талаптар; қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардын жұмысындағы ақаулықтарды түзету тәсілдері.
204. Миканит және микалексті баспақтаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электропештерде миканитті, микалексті пластиналарды престеу және күйдіру процесін және салқын престеу престерінде микалекстен фасонды бұйымдарды престеу процесін жүргізу. Химикаттардын артық ертінділерін сығуға арналған гидропрестердін астына пакеттерді салу. Сығылған пакеттерді электропрестерге салу. Пакеттердін белгіленген температуралы режимдерін бақылау және пештерде оларды қосымша престеу. Престерді қосу және тоқтату. Сөрелерге немесе табандықтар астына дайын пакеттерді және фасонды бұйымдарды салу. Жұмыстағы ақаулықтарды түзету және жабдықтардын жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуге тиіс: престердін, электропештердін және қосалқы жабдықтардын құрылымы және жұмыс принцптары; кептіруге, жылытуға, ысытық престеуге, миканитті және микалексті күйдірудін технологиялы регламенті; микалекске және миканитке қойылатын тахникалы талаптар; жабдықтардын жұмысындағы ақаулықтарды жою.
205. Құрылыс бұйымдарын баспақтаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автоматты эксцентрикті престерде немесе қолдан борларды престеу. Дөңгелектерді престердің құйғыштарына тиеу. Престелген шыбықтарды ағаш табандықтарға салу, сөрелерге салу және орнату. Механизмдерді қарау және тексеру. Мөрлерді тазалау. Әр түрлі престерде саз массасынан шикізат- кірпішті престеу. Тасымалдаушы престі және сазөңдеуші механизмдерді қарау, іске қосу және тоқтату. Престің жұмысын және престелген шикізат- кірпіштің сапасын қадағалау. Саз массаның престе түсуін реттеу, вакуум-камераның жұмысын тексеру. Престерді, пластиналар мен мөрлерді тазалау. Шикізат ақауын екінші қайта престеуге арналған преске тиеу. Престің жұмысындағы ұсақ ақаулықтар жою. Анағұрлым жоғары білікті престеушінің басшылығымен плиталарды престеу процесін жүргізу. Дайын плиталарды жинау мен сазбе себу. Массаның преске біркелкі түсуін қамтамасыз ету. 200 кг/см2 дейін қысыммен бу электрлік престерде слюдопласттан бұйымдарды престеу процесін жүргізу. Слюдопластты дайындамаларды шаблонмен белгілеу және кесу. Пакеттерге жинау мен лак жағу. Дайындамаларды қыздырылған прес- қалыпқа салу. Бұйымдарды қыздыру және суыту режимін қадағалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; қалыпталатын массаның сапасын сыртқы белгілері бойынша анықтау әдістері; масса мен борлардың, шикізат- кірпіштің сапасына қойылатын талаптар; қызмет көрсетілетін жабдықты тазалау және майлау ережесі; престің жұмысындағы ұсақ ақаулықтар жою тәсілі; қалыптау конвейерінің өнімділігі; тарату бункерлерінің сыйымдылығы; асфальтты плиткаларды қалыптаудың ережесі мен негізгі тәсілдері; бұйымдарды пішу және престеу тәсілдері; прес- қалыпты қыздыру және суыту технологиялық режимі; слюдопластты бұйымдарға техникалық шарттар.
206. Құрылыс бұйымдарын баспақтаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қолдық алумен престерде автомат- салушылармен және пакет- қатарластырып жинаушылармен перстерде кірпіштің дара, бір жарым, екі және басқа түрлерін престеу. Престің және автомат- салушының жұмысын қадағалау. Массаның престе түсуін реттеу және ылғалдандыру. Вагонеткаларды автомат- қалаушыға орнату және оны шикізатпен домалатып шығару. Вагонеткада бұзылған шикізат- кірпішті ауыстыру. Үстіңгі және төменгі қалыптар арасындағы саңылауды ретту. Рамкаға жабыңқышты алу. Жабыңқышпен рамканы столға салу немесе оны кескішке беру. Қалыптасты ауыстыру. Престі майлау. Плиткаларды престеу процесін жүргізу. Престі қарау. Асфальт плиткаларын себу үшін құмның болуын тексеру. Прес- қалыптардың прес- массамен толтыруын реттеу. Престі жөндеу. Түсетін прес- массаның сапасын қадағалау. 200 кг/см2 артық қысыммен бу электрлік престерде слюдопласттан бұйымдарды престеу процесін жүргізу. Дайынмаларды пакеттерге жинау, температура режимді, қысыммен слюпластты престеуді және суытуды қадағалау. Жабдыққа профилактикалық жөндеу жүргізу. Әткеншек, гидравликалық, механикалық, вакуумдық престерде плиталарды, қабықтарды, сегменттерді, блоктарды, кірпіштерді және совелиттен басқа бұйымдарды престеу процесін жүргізу. Жабдықты жұмысқа дайындау, қосу және тоқтату. Жабдықты басқару. Гидромассаны құю, оны тарату. Массаның түсу процесін, престеу, вакуумдау және бақылау- өлшеу аспаптарын қадағалау. Қабылдау немсе кесетін үстелген бұйымдарды беру. Тұғырықты саду. Прес- қалыптар мен қалыптаушы плитаны шаю. Механизмдерді тазалау, майлау және қайта жөндеу. Сорғылардың жұмысын қадағалау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ұсақ олқылықтарды жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін престердің, қосу механизмдерінің және көмекші жабдықтың құрылысы және оларды басқару ережесі; кірпішті қатарға жинау кезінде автомат- салушыны реттеу қағидасы; престі басқаруды автоматтыдан қолдыққа және керу ауыстыру тәсілдері; қалыптар арасындағы саңылауды реттеу ережесі және мөлшерлері; берілетін массаның және престелетін бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар; жабыңқышқа стандарттар; бұйымдарға техникалық шарттар; гидромассаның қасиеттері; оның құрамы; бақылау- өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; әр түрлі қалыңдықты және қалыпты бұйымдарды престеуге арналған мөлшерлеме мен гидромасса; механизмдерді қосу, жөндеу жәгне тоқтату тәртібі; әр түрлі тип мөлшерлі бұйымдарға гидромассаның шығыны; майлау, бұғаттау және сигнал беру жүйесі; гидромасса мен бұйымдардың сапасын бақылау тәсілдері; престеудің технологиялық режимі және слюдопласт жасауға техникалық шарттар; жабдыққа мүмкін жүктемелер және сынықтар мен авариялардың алдын алу бойынша профилактикалық шаралар.
207. Құрылыс бұйымдарын баспақтаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген технологиялық процеске сәйкес автоматты желіже ірі мөлшерлі блоктар мен кірпішті престеу. Әр түрлі престерде саз массасынан шикізат- кірпішті престеу. Технологиялы желінің агрегаттарын қарау, іске қосу, жұмысын бақылау және тоқтату. Автоматты желіні дайындауға, ағымдағы жөндеу жүргізуге қатысу. Жабдықтың ағынды- конвейерлік желісінде минералды мақтадан жылу оқшаулайтын қатты плиталарды жасау процесін жүргізу. Кілем дайындамаларын жылжытуды, дайындамаларды тұғырықтарға салуды, дайындамалармен тұғырықтардың алға жылжуын және оларды жинақтағышта жинауды қадағалау. Көпқабатты гидравликалық преске тиеу және түсіру. Бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін, жылу тасығышты беруді қадағалау. Транспортерлік желінің жылдамдықтарын реттеу. Шығарылатын бұйымдардың типмөлшерлері өзгерген кезде престі қайта жөндеу. Өнімнің сапасын бақылау.

Білуге тиіс: автоматты желінің құрылысы; әр түрлі тип мөлшерлі блоктарды қатарлап жинау кезінде автома- салушыны реттеу қағидасы; ірі мөлшерлі блоктардың сапасына қойылатын талаптар; бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану ережесі; барлық механизмдер мен агрегаттардың құрылысы, жұмыс істеу қағидасы, жылу оқшаулайтын бұйымдардың пресінің гидравликалық сызбасы; қызмет көрсетілетін жабдықтың олқылықтары мен оларды жою әдістері; өнімнің номенклатурасы және оған техникалық шарттар; өнімнің сапасын анықтау әдістері; байластырущы, минералмақта талшықтың қасиеттері; будың шығын нормалары; қысым астында ұстау уақыты; өнімді орау және тасу тәсілдері мен ережесі; сигнал беру, механизмдерді бақылау, бұғаттау, майлау жүйесі.
208. Ерітінділер мен массаларды дайындаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Саз өңдейтін жабдықты баптау: вальцтарды, саараластырғыштарды, кірпіш өндірісіндегі жүірткілерді, тастарды, черепицаны, аглопоритті, керамизаторлы қиыршық тастарды және басқаматериадар мен бұйымдарды. Біліктілігі жоғары дайындаушының басшылығымен берілген рецептура бойынша ертінділерді және массаларды даярлау. Қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтарды қосу және сөндіру. Сазөңдейтін машиналарға саздын бікелкі түсуін бақылау. Бөгде қоспаларды жою. Массаларды ылғалдандыру. Шихтаның жіберілетін компоненттерінің мөлшерін реттеу. Шихтаны шихтоқорға жіберу ленталы транспортерін баптау. Кірпішті жартылай құрғақтай престеу кезінде шихтапны және басқа керамикалы бұйымдары дайындау процесін жүргізу; компоненттнрді араластыру және силикатты массаларды алдын-ала ылғалдандыру. Гипстен бұйымдар өндіруде жұмыс ертінділерін және массаларды даярлау. Престерден қобағаларды түсіру, орнын ауыстыру және жатқызу камераларына салу, құммен немесе үгінділермен себу. Қобағаларды жабу. Материалдарды толқындысүзгіште немесе қолдан себу және транспортерға тиеу. Алюмий пасталарынын ПАВ ертінділерін, суспензия, суэмульсиялы майларды және басқа ертінділерді даярлау. Берілген рецептура бойынша компоненттерді мөлшерлеу. Брустын және қалыптайтын массаның берілген температура және ылғалдылықта болуын қамтамасыз ету үшін беріліп жатқан судын немесе будын мөлшерін реттеу. Араластыратын жабдықтардын тасымалдаушы құрылғыларының жұмыстарын, массаларды араластыру және қайта өңдеуді бақылау. Силикатты массалардын берілген рецептура бойынша ертінділердін шығуын қамтамасыз ету. Даярланған массаларды шығын бункеріне және порциялы мөлшерлегіштерге, тасымалдайтын құрылғыларға және майлау посттарына жіберу. Жалпақ плиталарды, сырғанатқыштарды, қырғыштарды, валктарды, күйлегіштерді, қабырғаларды және т.б. тазарту. Ұнтақтарды жинау. Механизмдерді майлау. Жұмыстағы ақаулықтарды түзету және жабдықтарды өндеу жұмыстарына қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардын құрылымы жәнежұмыс принцпі; жабдықтарды қосу және тоқтату ережелері; компоненттерді қабылданатын қондырғыларға тиеу кезектілігі; массаларды ылғалдау ережелері; ертінділерді және массаларды дайындауға, сапасына қойылатын техникалы талаптар; жабдықтарды майлау ережелері; шихта, ертінді және массалардын сапасына қойылатын технологиялы регламент; дабылқағу және блоктау жүйесін; жабдықтардын жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері.
209. Ерітінділер мен массаларды дайындаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Араласқан және езілген силикатты масса дымқылданғанша процесінің жүруі. Реакторлардың жеңілденуі. Жұғынды, бұлғауыш және тасымалдау құралдары жұмысын бақылау. Қалыптау ылғалдылығына дейін тиесілі ылғалдылыққа дейінгі су сапасын реттеу. Берілген рецепт бойынша ерітінділер мен массасын жасау. Белгіленген рецепт бойынша компоненттер дозасы. Компоненттердің біркелкі берілісін реттеу. Жасалынған масса сапасын анықтау. Ерітіндінің шығу және қоспасын берілген рецептурада қамтамассыз ету. Дайын ерітінді немесе массаның шығын бункерлерінде немесе тасымалдау құрылғыларына беру. Оның жұмысындағы қызмет ету жабдықтары және кішкене жарамсыздықтарды жою жағдайын бақылау. Себінділермен тазалау, қалақ және течкалармен тазарту.

Білуге тиіс: қызмет ету жабдықтарының құралдары; компоненттерді реттеу ережесі; түсу және материалдар берілісінің технологиялық үлгісі; ерітінділер мен массалар дайындау рецептурасы; берілген рецептура бойынша компоненттер дозалау тәсілі және ережесін; қызмет көрсету жабдықтары жұмысында кішігірім жарамсыздықтарды жою ережесі; құмды езілген әк массасына технологиялық талаптар; езілген және силикатты масса толықтығын анықтау әдісі.
210. Слюда илемдеуіші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Прокатты илемдеуіндегі слюда илемдеуіші. Ваннадан прокатты илемдеуіштің тасымалдау лентасына жартылай термирленген слюда іріктеулерінің сулы ұсақтау суспензияның берілуі. Суланған слюдалардағы транспортерлі лентаның барлық жоғарғы жағына бірдей бөлінуі. Әріқарайғы жөндеуге слюда кристалдарының жарамсыздығын анықтау және жою. Илемдеуіш мен слюда станоктарының білікшелері арасындағы жүйелі түсімін, ваннаны сұйықтықпен толтыру. Слюданы кептіруге тасымалдау үшін қаптарға салу. Станок жұмысындағы кішігірім жарамсыздықтарды жою.

Білуге тиіс: Илеудеуіш станок жұмысының принциптері мен құрылғыларын; илемдеуіш станокта слюда илемдеуіштерінің технологиясын; олардың сыртқы пішіндеріне қарай ақаулы кристалдарды анықтау тәсілі және оның қабатталу деңгейі бойынша илемдеуіш слюда дайындығын; жасалынған іріктеулер мен илемдеуіш слюдалардың техникалық жағдайы.
211. Слюда илемдеуіші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көп білікті илемдеуіш станоктарындағыслюда илемдеуіші . Жуу машинасы, дірілді елек және басқа да тасқынды желінің қосымша құралдары. Слюда илемдеуіштерінің технологиялық процестерін реттеу. Жабдықтардың профилактикалық жөндеуін жүргізу және оның соңғы жөндеуіне қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсету жабдықтарының әрекет принципі және құралдарын; жарылу бағытының көлемі бойынша оның бөліну деңгейінде слюда илемдеуішінің сапасын анықтау әдісін; берілген ережеде жабдықтарды құру ережесі; бұзылу және апаттарды ескертудегі алдын алу шаралары, жұмыс істеу құралдарында жіберілген жүктеулер.
212. Бұйымдарды буландырушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құмды цемент черепицасы, виброқышты қабырғалар, қыштан жасалған блоктар, табақты асбестоцементті және асбестосилитті бұйымдар, басқа да бұйымдарды ылғалды камераларда булау. Камераға будың түсуін реттеу және жіберу. Бақылау өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша булау ережесін сақтау. Ұсақталған тас кесектерден камераларды тазарту. Булау камераларына арбаларды қою. Булау камераларындағы арбалардың тиелуі және олардың түсірілуі.

Буланған камералар жұмысының журналын арнау.



Білуге тиіс: буланған камера құралдары; бақылау өлшеу құрылғыларын пайдалану ережесі және құралдары; бу өткізгіш үлгісін; процесс технологиясын және жылу өңдеу бұйымдарының ережесін; кесінділер және дайын бұйымдар қабылдағышына техникалық жағдайдан кейінгі бұйымдардың механикалық мықтылық көлемін; асбестоцементті және асбестосилитті бұйымдардың булану тәртібін; технологиялық процестің реттелу ережесін; буланған камералар жұмысының журналын жүргізу ережесін.
213. Бұйымдарды буландырушы

4-раздел

Жұмыс сипаттамасы.Силикатты бұйымдарды автоклавта булау. Автоклавтар қақпағын бекіту және ашу. Көтермені механизмдермен көтеру, түсіру және автоклав қақпағы жағына апару. Асбестовты шнурдың автоклав саңылауындағы төсемдері, оны графитпен майлау. Автоклавтан автоклавқа буды қайта жіберу. Бұйым буланғаннан кейін конденсатау және буды жіберу. Вагонетка, контейнерлерді бұйымдарымен тиеу және түсіру. Бу жіберу алдында қақпағын салу және будың жіберілуі тоқтағаннан кейін оны алып тастау. Жылу өңдеу ережесін бақылау және технологиялық процесс параметрлерімен реттеу. Автоклавтың жұмыс кестесін сақтау. Автоклавта буланған бұйымдарды алу. Автоклавты тазарту және тәуліктік кішкене науа. Автоклав жапқыштарының нығыздағын доңғалағы және төсемдерін ауыстыруға қатысу. Автоклав жұмысының журналын арнау.

Білуге тиіс: автоклав құрылғыларын және көтерме құралдарын; қайта буландыру үлгісін; су сору және сақтандыру клапондарын; силикатты бұйымдардың жылу өңдеуінің технологиялық процесі; бақылау-өлшеу құралдарын қолдану ережесі және белгілеу; дабыл жүйесі; автоклав әрекетінің принциптері; автоклавта жылу өңдеу бұйымдарының ережесі; автоклав жапқыштарындағы нығыздаушы доңғалақ және төсеніштердің ауысу тәсілі; жылу сақтау параметрлері мен құрамы; гидромасса және бұйымдар құрамы; жылу сақталуын беру үлгісі; реттеуші крандарды белгілеу; операцияның жалғасымдылығы; автоклавтың жұмыс журналын ашу ережесі; автоклав жұмысының кестесі.
214. Слюда пласталық материалдарды сіңдіруші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Слюдопласт материалдарының технологиялық процеске сәйкес сіңіру машиналарында микалентті қағаздан жасалған битумды лакпен сіңірілу процесін жүргізу. Слюдопласт сіңірілу процесінің реттелуі. Қызмет көрсету құрылғысы жұмысындағы кішігірім жарамсыздықтарды жою. Материалдар шығынын тіркеуді жүргізу.

Білуге тиіс: Сіңіру машинасы құрылғыларын; сіңіру құрылғысын басқару ережесі мен тәртібі; шығарылар өнімнің техникалық жағдайы.
215. Слюда пласталық материалдарды сіңдіруші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шыны әйнектер мен электроизоляциялық лактармен полимерлі пленкалардан жасалынған слюдопласт материалдарын кептіру және сіңіру процесін жүргізу. Техникалық процеске сәйкес электр пештерінде сіңірілген слюдопластты материалдарын кептіру. Жұмыс барысында слюдопластты материалдары және етегіндегі бүктеме, үзінділерді жою. Бақылау-өлшеу аппараты көрсеткішін бақылау. Қызмет көрсету құрылғысын жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсету құрылғысының әрекет принципі және құрылдары; сіңіру машинасын басқару тәртібі мен ережесі; пайдалану материалдарын белгілеу және маркасы; слюдопластың сіңірудің технологиялық процесін; бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану тәртібі; электроизоляциялық лактарының техникалық сипаттамасын, шығарылатын өнім және жасандыларын.
216. Материалдарды себуші

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Просев қоспалары: шлак, құм, үгінділер, құрғақ саздан жасалған ұнтақ және басқа да сүзгіштегі материалдар. Материалдар транспортировкасы. Сүзгішті жөндеу және тазарту. Бөтен қоспаларды алып тастау.

Білуге тиіс: сүзгіштің әрекет принципі және құралын; қолданылатын материалдар түрлерін; материалдарды транспорттау ережесі.
217. Материалдарды себуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Просев қоспалары және механикалық сүзгіштегі басқа да материалдар. Сүзгішті іске қосу және сөндіру. Сүзгіш және транспортерлер жұмысын бақылау. Сүзгішті жөндеу және ауыстыру. Қызмет көрсету құралын майлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсету құрылғысын; материалдар ретінде көрсетілетін талаптарын және қоспаларын; механизмдерді майлау ережесін.
218. Асбест-цемент бұйымдарын бөлуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жасалған өнімдер құтын сұрыптау. Металды төсеніштер түрден қолдан жасалған қатты асбестоцементті бұйымдар бөлімі. Құттағы бұйымдар мен түрлердің бөлінген қалауы. Олардың бұзылу сипаты бойынша топтамасынан бұзылғандарын іріктеу.

Білуге тиіс: Сызықты өлшем бөлігіндегі табақты асбестоцементті бұйымдар стандарты (техникалық жағдай), сыртқы пішін түрлері; құтыдағы белгіленген табақ саны.
219. Силикатты массаны бөлуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Прес бойынша силикатты массаны бөлу. Транспорттаушы және бөлінген құрылғылар жұмысын бақылау: транспортеров, элеваторларды, тәрелкелі жұғындар, қол арба, бункерлерді. Қызмет көрсету механизмдерін іске қосу және өшіру. Транспорттаушы затқа силикатты массаның түсуін реттеу. Бөтен қоспаларды алып тастау. Себілген массасын тазалау, механизмдерді майлау. Құралғы жұмысындағы жарамсыздықтарды жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсету механизмдерінің жұмыс принципі, құралдары; қабылдау құралдарының сыйымдылығы; силикатты масса сапасына қойылатын талаптар; бункерлерді тиеу тәртібі мен ережесі; құрылғы жұмысындағы жарамсыздықтарды болдырмау тәсілі.
220. Тасты кесуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Үстіңгі бетін түзету және мықтаудағы блоктарды мықтау. Кесу мөлшерін бөлшектеу. Оларды араластыру затына салу көлемі және тұқымы бойынша плиталарды іріктеу. Рамка осі және тіктеуіші бойынша оның дұрыс тексерілуімен вагонеткаға топтық мөлшері. Жинақталған мөлшер және кесілген түсірме станогін құру. Үлгілерді механикалық берілуімен екі түрге дейін тас кесу станогіндегі плитаға блоктарды кесу. Кескіштің тартылуын, судың қалыпты берілуі, түрпілі және станок рамасының төмендеуін бақылау. Бункердің түрпілермен тиелуі. Бункер, станок және жұмыс орнын қоқыстан тазарту. Станок мөлшерінен кескіш пен вагонетканы түсіру және қондыруға қатысу. Кесілген мөлшер мен вагонетканы жуу. Станок жұмысындағы кішігірім жарамсыздықтарды анықтау және жою, әлсізденген кескіштерді көтеру.Қызмет көрсету құрылғысын күту. Электрлік пісіру аппаратымен

өндірілген араның қысқарту. Қызмет көрсету құрылғысын жөндеу жұмысына қатысу.



Білуге тиіс: қызмет көрсететін кесу станоктарын пайдалану ережесі және жұмыс тәртібі, құралы; пайдаланатын тас түрінің физикалық құрамын; пайдаланылатын ара және түрпілердің сипаттамасы және маркасы; электрлі пісіру аппаратын пайдалану ережесі және құралдары; Үстіңгілерін тегістеу және мықтауда блоктарды гипстеу тәсілі; блок және плиталарға қойылатын талаптар.
221. Тасты кесуші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Үлгілердің механикалық және қолдан берілуімен екі түрден жоғары тас кесу станогіндегі плитадаға блоктарды кесу. Кескіштің тартылуын, судың қалыпты берілуін және станок рамасын түсіруін бақылау.Бункердің түрпілермен тиелуі. Бункер, станок және жұмыс орнын қоқыстан тазарту.Станок мөлшерінен кескіш пен вагонетканы түсіру және қондыруға қатысу. Кесілген құты және вагонетканы жуу.Станок жұмысындағы кішігірім жарамсыздықтарды анықтау және жою, әлсізденген кескіштерді көтеру.Станок жұмысындағы кішігірім жарамсыздықтарды анықтау және жою, әлсізденген кескіштерді көтеру.Қызмет көрсету құрылғысын күту. Электрлік пісіру аппаратымен

өндірілген араның қысқарту. Қызмет көрсету құрылғысын жөндеу жұмысына қатысу.



Білуге тиіс: кесу станоктарының құралы; тас түрінің физикалық құрамын; пайдаланылатын ара және түрпілердің сипаттамасы және маркасы; сонымен қатар электрлі пісіру аппаратын пайдалану ережесі және құралдары, алмазбен арматураланған кескіш;
222. Асбест-цемент және асбест-силитті бұйымдарды кесуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кесу станоктарында берілген өлшемдері бойынша таскендірцемент тарамдар, панель, таскендірсилит бұйымдарын кесу. Станоктың қабылдау үстеліне бұйымдарды салу. Кескен кезде жиектерінің тегістігін қадағалау. Кесу дисктерін суытуға судың қалыпты келуін және оның күйін бақылау. Тарампішіндеу машинасының қалыптау барабанынан таскендірцемент қабатты түсіру және таскендір бұйымдарына арналған шикі дайындамаларды шаблонға сәйкес қолмен кесу(шабу). Таскендір тақтайшаларына арналған, қабатталған пластиктан жасалған қаптау материалын кесу. Төсемелер мен бұйымдарды өлшемдері бойынша іріктеп, қатарлап қою. Фрезаларды жөндеу, ауыстыру, станокты тазалау және майлау.

Білуге тиіс: кесу станоктарының құрылымы мен жөндеу ережелерін; бұйымның ұзындық өлшемдері мен сыртқы түріне қойылатын талаптарды; бұйымдарды кесу амалдарын; бұйымдарды іріктеу мен қатарлаудың тәсілдерін; станокты тазалау мен майлау ережелерін.
223. Слюданы кесуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Слюда кристалдарын арнайы пышақпен тазарту. Слюда кристалдарын пышақпен ажыратып, кесуге дайындау. Слюда ақауларын техникалық шарттарға сәйкес пышақпен тазалау. Таңдалған өнімді сырт көзбен және шаблонмен өлшемі мен пайдалану мақсатын анықтау. Пышақтарды таңдау және қайрау. Слюда кристалдарын кесу станогында тазалау. Станоктағы слюда ақауларын тазалау. Станокты қосу және сөндіру, жұмысын реттеу. Станок жұмысындағы ұсақ олқылықтарды жою.

Білуге тиіс: слюданы қолмен және кесу станогында тазалау амалдары мен тәсілдерін; тазхартылған слюдаға техникалық шарттар; тазартылған слюданың сапасын және өлшемін анықтаудың әдістемесін; кристалдардың барлық ақауларын жою және таза слюданы толығымен шығарудың тәсілдерін; шаблондар мен өлшеу құралдарын пайдалану ережелерін; станоктағы слюда ақауларын тазалау.
224. Құрылыс бұйымдары мен материалдарын кесуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Престегеннен кейін шикі жабынқыштың шетіндегі артық сазды алу. Престеушіден жабынқышы бар раманы алу. Бұрышын кесу. Шинада саңылау тесу. Шектерін сүрту. Жабынқышы бар рамаларды тасымалдау көліктеріне салу және белгілеу. Механикалық қайшы мен циркулді арамен гипскартон тарамдарын белгіленген өлшемдерге сай қию. Жүк тиелген вагонеткаларды кептіру орнынан рольгангке жеткізу. Гипскартон тарамдарын кесу. Кесілген тарамдарды өлшемдері мен сорттары бойынша іріктеу мен салу. Механикалық пышақтардың жұмысындағы ұсақ олқылықтарды жою. Вагонеткаларды тасымалдау арбасымен соңғы орынға жеткізу. Қалдықтарды арнайы орынға апару.

Білуге тиіс: кесетін құралдардың жұмыс істеу принциптерін; жабынқыш сапасына қойылатын талаптарды; жабынқышты кесу мен белгілеу ережелерін; механикалық қайшылар мен басқа да қызмет көрсетіліп жатқан аспаптардың құрылымын; даяр өнімге техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттар; даяр өнімді іріктеу мен салудың ережелерін; рольганг пен тасымалдау арбасымен жұмыс істеу ережелерін.
225. Құрылыс бұйымдары мен материалдарын кесуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шеккесу қондырғысында томарбетон панелдерін блоктарға тігінен және көлденеңнен кесу. Стендтерде жасалған темірбетон құбырлар, терезеасты тақтайшаларды, шекбетон бұйымдарын тігінен кесу, түрпілі дөңгелектер немесе алмазды армираланған дисктер қондырылған аралау машиналары мен құралдарда куб-үлгіні аралау. Кесу, аралау машиналары мен қондырғыларын реттеу, жөндеу, жұмыстарындағы ұсақ ақауларын жою, кесу саймандарын ауыстыру. Бұйымдарды жерден басқарылатын көтеру механизмдерін қолдана отырып көтеру, орналастыру, жиектеу және тасымалдау. Таспаларды механикалық пышақпен белгілі бір ұзындықта кесу. Конвейердегі картон таспада гипс массасының қамтылуын анықтау. Таспа кесіктерінің сапасы мен таспа тығыздығын тексеру. Таспаның ақау табылған тұсын кесіп тастау. Тарам ұзындығын өзгерткенде механикалық пышақты қайта баптау. Жеткізу үстелі мен салу көпірі жұмысын бақылау. Кептіру механизміне тарамдардың дұрыс салынуын қадағалау. Механизмдерді уақытында майлау. Пресс мүштігінен шығатын керамикалық қырлы бөренені қолмен кесу аспаптарымен жабынқышқа, кірпішке және басқа бұйымдарға белгіленген өлшемдерге сәйкес кесу. Кесу үстелі мен кесу аппаратының мүштігі, білікшелерін тазалау және жуу. Кесу шектерін ауыстыру. Жылылықты өткізбейтін және акустикалық дайындамалар мен бұйымдарды берілген өлшем бойынша тарамдарға немесе тақтайшаларға станокта кесу. Дайындамалар мен бұйымдардың салынуын бақылау. Станокты қосу, тоқтату, реттеу. Аспирациялық қондырғылар жұмысын бақылау. Микалекс, слюдопласт, микатаспа, миканитті берілген өлшемдегі пластинаға қолмен немесе станокта кесу. Кескенде микалексті суландыру үрдісін реттеу. Пластиналардың көлемін шаблонмен және өлшеу аспаптарымен жүйелі түрде өлшеу. Қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмысындағы ақауларды жөндеу және жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсетіліп жатқан машиналар мен қондырғылардың құрылымы мен техникалық қолданудың ережелерін; бұйымдарды кесу мен аралаудың тәсілдері, ережелерін; жасалып жатқан өнімге техникалық шарттарды; араланған бұйымдарды қатарлап жинау мен тасымалдау ережелерін; механикалық пышақ, өткізу үстелі, тиеу көпірінің құрылымын; гипскартон тарамдарға техникалық шарттар, оларды шығару үрдісін; таспалық пресс, мүштік, кесу аппаратының құрылымы; шикі өнім сапасына қойылатын талаптарды; таспалық престі іске қосу мен тоқтату ережелерін, кірпіш пен жабынқышты кесу ережелерін; кесу шектерін ауыстыру мен кесу станогын жөндеудің ережелерін; станок пен механизмдердің құрылымын, оларды қосу, орналастыру, реттеудің ережелерін; жылылықты өткізбейтін бұйымдарға техникалық талаптарды, олардың номенклатурасын, өлшем шектерін; қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың құрылымы мен жөндеу ережелерін; электрөткізбейтін материалдарды кесу амалдары мен реттілігін; даяр өнімге техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды; пластиналарды өлшеу тәсілдерін; бақылау-өлшеу аспаптарының пайдалану мақсаттары мен ережелерін.
226. Рекуператоршы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Суды тазалау. Тазалауға арналған судың қабылдау ыдысына келуін реттеу. Суды тазарту үшін рекуператорларға құю. Рекуператордағы судың тазартылуын бақылау және суды тазартудың белгілі деңгейін қамтамасыз ету. Тазартылған судың жинау ыдысына құюлуын реттеу. Суды бумен берілген температураға жеткенше жылыту. Шұға мен торлы цилиндрлерді жууға тазартылған судың келуін реттеу. Таскендірцемент суспензиясын дайындау үшін құрамында таскендір мен цементі бар судың келуін бақылау. Рекуперационды жүйені қарап шығу және оны жұмысқа даярлау. Орталық сорғыларды іске қосу, өшіру. Рекуперационды жүйені тазалау. Өңделеген судың тазартылу деңгейін бақылауға алу. Рекуперационды жүйе жұмысындағы ақауларды жою.

Білуге тиіс: рекуперационды жүйенің, орталық сорғылар мен науалардың құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін; таскендірцемент бұйымдарын жасағанда қолданылатын судың құрамы мен қасиеттерін; суға технологиялық карта бойынша қойылатын талаптарды; суды тазартудың тәсілдері мен оны өндіріске берілуін реттеуді; рекуперационды жүйені тазалаудың амалдарын.

12 ден аса рекуператорға қызмет көрсетілсе -4-разряд.


227. Орнықтырушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Разряды жоғарырақ орналастырушы қадағалауымен дөңгелек пештерге кірпіштерді орналастыру. Шикі кірпіш, керамикалық блок, жабынқыш, сорғы құбырларын вагонеткадан түсіріп, оларды орналастырудың техникалық ережелеріне сәйкес тоннель вагонеткасына салу немесе дөңгелек пештерге орналастыруға салу. Вагонетка оттығын немесе дөңгелек пешті ұсақталған тас кесектерінен тазарту. Жүк тиелген және бос вагонеткаларды ауыстыру.

Білуге тиіс: дөңгелек пеш пен вагонеткалардың құрылымын; пеш вагонеткаларына бұйымдарды салу ережелерін; дөңгелек пештерге шикі өнімді салу әдістерін; шикі өнім сапасына қойылатын талаптарды; күйдіру үрдісін; қолданылып жатқан отынның түрлері мен қасиеттерін.
228. Орнықтырушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шикі кірпіш, керамикалық блок, жабынқыш, сорғы құбырларын дөңгелек күйдіру пештерінің камераларына салу. Шикі өнімді сұрыптау. Төменгі қатарды орналастыру. Астыңғы канал аяқтарын салу. Оттық торларды отын құбырларының астына салу. Шикі кірпіш таспаларын жабынқыш үшін орналастыру. Кірпішті жабынқыш немесе сорғы құбырлармен бірге орналастыру. Қағаз шымылдықты орналастыру. Тар табанды темір жол, дөңгелек, металл тарамдарды салу, пеш ішінде вагонеткалардың орнын ауыстыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетіліп жатқан дөңгелек күйдіру пештерінің құрылысын; шикі кірпішті, кірпішті жабынқышпен немесе сорғы құбырмен пешке салу әдістерін; салу әдісінің пештің өнімділігіне әсер ету принципін; шикі өнім сапасына қойылатын талаптарды.
229. Тасты күйдіру пешіне орнықтырушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күйдіруге арналған тасты салу, орналастыру. Тасты вагонетка немесе арбадан түсіру және орналасу жеріне тасу. Пеш астын түзеу және қалдықтарды тазалау. Қағаз шымылдықты орналастыру. Вагонеткаларды әкелу және әкету. Қозғалмалы темір жолдарын, дөңгелектерді, домалату тарамдарын салу және тасымалдау.

Білуге тиіс: күйдіру пешінің құрылымы мен жұмыс істеу принципін; күйдіру технологиясын; тасқа техникалық шарттарды; қолданылып жатқан отынның түрлерін.
230. Тасты күйдіру пешіне орнықтырушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тасты технологиялық үрдіс бойынша әр түрлі күйдіру пештеріне салу. Пешті тас пен отын салуға дайындау. Түін өтетін каналдар және оттық торларын салу. Берік сыртқы және аралық қабырға, жинақ, оттық, люк, жердегі пештердегі от өтетін тұстарын салу және майлау. Саз балшық дайындау және пештің сыртқы қабырғаларын жағып шығу. Тарізді жолдар, дөңгелек, домалату тарамдарын салу.

Білуге тиіс: күйдіру пешінің құрылымы мен жұмыс істеу принципін; салудың дұрыс әдістерін; күйдірудің технологиясын; тас, гипс пен әкке техникалық шарттарды; қолданылып жатқан отынның түрлері мен қасиеттерін; салу әдісінің пештің өнімділігіне әсер ету принципін.
231. Бұйымдар мен құрылғыларды жинаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Таскендір тақтайшаларын құрастыру. Тақтайшалардың ұзындық өлшемдерін тексеру. Тарамдарды біріктіруге берілген көлемдегі саңылау жасау. Тесілген жерлерге тойтармаларды қою және электрұстағыш көмегімен жапсыру. Жабысу элементтері өлшемдері, жабысу, жылыту тақтайшасына салынуының сапасын бақылау. Таскендірцемент затын берілген рецептура бойынша казеин желімінде жасау, жиналған тақтайшаларға таскендірцемент затын жағу. Темірбетон бұйымдарын құрастырғанда қосымша жұмыстарға қатысу. Салу тетіктерін жабыстыруға дайындау. Оқшаулау материалдарын салу. Оқшаулау және қорғаныс заттар мен құрамдарды дайындау және жағу. Түйіскен тұстарына ерітінді жағу.

Білуге тиіс: жоғарғы және төменгі қабаттарды жабыстыру ережелерін; бұрғылау станогының құрылымын; қолданылып жатқан бұрғылар мен тойтармалардың өлшемдерін; пештің тойтармаларға арналған саңылауларының орналасуын; тақтайшаларды жабыстыруға арналған электрұстауыштардың құрылымы мен қолдану ережелерін; тақтайшаның ұзындықтарына, пішіні мен сыртқы түріне қойылған стандарттарды(техникалық шарттарды); тақтайшаларды майлау ережелерін; таскендірцемент бұйымының құрауыштарының қасиеттерін, мөлшерін, жасау технологиясын; құрастырылып жатқан өнім мақсаты мен оларға қойылатын талаптарды; оқшаулағыш заттардың жасалу мен жағылу ережелерін.
232. Бұйымдар мен құрылғыларды жинаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сызықтық және жалпақ темірбетон құрылмаларды жинау: жабындылардың панелдері мен тақтайшалары, сыртқы қабырға және ұқсас бұйымдар панелдерін. Жеке сызықтық элементтерден фермаларды жинау және түйіскендерін бүтіндеу. Құрастырылып жатқан тетіктер мен элементтерді бұрандама, қамыт, тетік қысқышпен қосу. Жиектеуші мен тельфер жұмысын басқару. Берілген өлшемдерге сәйкес каркастар мен даяр тетіктерді құрастыру, біріктіру. Каркас бөліктерін(мөлшерқада, планка, төсеме, арқан) құрастыру орнына тасымалдау. Құрастырылып жатқан каркастарды тасымалдау, қатарлап қою. Дайын каркасты жаю станогының қабылдау секциясына ауыстыру және салу. Каркас араларына шектеу бөренесін қою және уақытша байлау. Қалқандарды тасымалдау, каркас саңылауларына салу. Жаю станогына келген каркастарды өлшемдері бойынша тіркеу. Стендта құбырларды жылуоқшаулағыш құрылмалар мен мат, цилиндр, қабық, сегмент, тақтайша, қорғаныс жабынды, тіркеу тетіктерінен тұратын жабдықтарды құралманың өлшемдеріне сәйкес құрастыру. Қосалқы механизмдерді басқару. Бұйымдар мен тетіктерді тасымалдау. Құрамаларды тасымалдау талаптарына сай салу және орау.

Білуге тиіс: жиналып жатқан заттарды пайдалану мақсаттары мен техникалық талаптарды; үлкейтіп жинау, орнын ауыстыру, жиектеу және құрастырылып жатқан элементтер мен бұйымдарды орналастыру тәсілдері мен ережелерін, сызбаларды оқу ережелерін; құрастырылып жатқан заттарды салу мен ораудың тәртібін.
233. Бұйымдар мен құрылғыларды жинаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құрылыстың көлемдік кеңістік эедементтерін (бөлмелер, блоктар, сантехкабиналар, басқыш шабақтары, шахталар, лифтілер, коллекторлар және т.б.) құрастыру мотаждалатын бөшщкелерге белгі салу, олардың бұрандамалы, қамытпен немесе ұстағышпен бектіумен және дәнекерлеуге дайындаумен кондукторға орналастыру. бөшкелерді және дайын көлемдік элементтерді бөлшектр мен дайын көлемдік элементтерді ілгектеу, орын ауыстыру және орнату. Үлгі-мөлшер құрылым на сәйкес құрастыру конвейерінде жылу оқшаулағыш құбырлар үшін құрылымдар мен цилиндрлерді жабдықтап, төсеніштер, қабыршықтар, сегменттер, плиталар мен қорғаныс жабылғыларын бектіпе бөлшектерін құрасытру. Жеткізу талаптарына сәйкес құрылымдардың орнын ауыстыру, қалау буып-түю үшін станоктар мен механизмдерді басқару.

Білуге тиіс: жиналатын құрылымдарға қойылатын техникалық талаптар мен міндеттер; көлемді темір бетон құрастыру әдістері мен ережесі құрылымының элементтерін біріктіру және бекіту әдістері; құрастырылған құрылымының сапасына қойылатын негізгі талаптар; конвейерлердің станоктардың, механизмдердің және құрал-саймандардың құрылысы; құрылымдардың, бұйымдардың және бөлшектердің қасиеттері, модель және үлгі мөлшері құрылымды құрасытру тәртібі,; жеткізілімнің толымдылығы.
234. Арматуралық торлар мен каркастарды дәнекерлеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дайындалған өзектерді үлгілеуге (кондукторлауға) ұалау. Электродқа ауыр және ұзын өлшемді торлармен үлгілеуге немесе кондукторларға беру және кең торларға екінші жағын дәнекерлеу үшін аудару. Дайын торларды қат-қабатқа немесе вегонеткаға ауыстыру, бір нүктелі (екі нүктелі) машикада 1-2 диаметрлі өзектер мен қарапайым арматуралық торларды бірдей қадаммен бойлық және көлденең арматураларды түйіспелі дәнекерлдеу. Қуаты 7кВА-ға дейінгі жапсарлы дәнекерлеу машиналарында араматуралық өзектерді түйіспелі жапсарлы дәнекерлеу, төсемелі бұүйымдарды қарапайым және орта күрделіктегі тәсілдерімен флюс қабатының осінде электр түйіспелі немесе түйіспелі рольефтік түйіспелі машиналарды дәнекерлеу. Арматураны диаметрімен маркаларына тәуелді дәнекерлеу режимін реттеу.

Білуге тиіс: болатын түрлері шығындары мен маркалары дайындалатын торлар мен қаңқалардың міндеті және оларға техникалық талаптар; түйсіпелі дәнекерлейтін машинасының құрылысы; дәнекерлеу технологиясының негіздері; дәнекерлеу кезіндегі ақаулардың себептері; дайындалатын сызбалардың торларын оқу.
235. Арматуралық торлар мен каркастарды дәнекерлеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өзектердің ауыспалы қадамымен әртүрлі диаметрі өзектердің бір нүктелі, екі нүктелі машинада арматуралық торлармен қаңқаларды түйіспелі дәнекерлеу. Аспалы дәнекерлеу машиналарында дайын торлардан торлармен қаңқаларды дәнекерлеу немесе қаңқаларды түйіспелі дәнекерлеу. Аспалы дәнекерлеу машиналарында дайын торлар мен қаңқалар дәенекерлеу немесе қаңқаларды ірілендіріп, құрастыру. Көп нүктелі дәнекерлеу машиналарынлда торлар мен қаңқаларды дәнекерлеу. Қуаты 75кВа-дан асатын жапсарлы дәнекерлеу машиналарында арматуралық өзектерді түйіспелі дәнекерлеу. Темір -бетон бұйымдары үшін төсемелі бұйымдарды күрделі тәсілдермен флюс қабытының асытнда элктр түйіспелі немесе түйіспелі рольефтік машиналыр дәнекерлеу. Арматураның диаметрі мен маркаларына тәуелді дәнекерлеу режимін реттеу жұмыс процесінде машиналарды жөнге келтіру. Арматуарлық өзектер мен қоймаларды ілмектеу және беру.

Білуге тиіс: қолданылатын дәнекерлеу машиналарының құрылыс, жүкұстағыш құрал-саймандарына қойылатын талаптавр; дәнекерлеу технологиясының негніздері және арматуралық торлар мен қаңқаларға қойылатын техникалық талаптар; торлар мен қаңқалрады дайындау кезіндегі ақаулардың себептері; дайындалатын торлардың сызбаларын оқу.
236. Арматуралық торлар мен каркастарды дәнекерлеуші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жабдыөқтардың барлық кешеніне қызмет көрсету мен әртүрлі жүйелердегі автоматты және автоматтандырылғңан желілерде арматуралық қаңқаларды әзрлеу. Бағдарламатлық басқрумен автоматты көп нүктелі дәнекерлеу машиналарында арматуралық қаңқаларды әзірлеу. Тігістік машиналарындағы жолақты және табақты болатын қысымды құбырлау үшін металл цилиндрлерлі дәнекерлеу. Дайындамалар мен дайын бұйымдарды тасымалдау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтарды кешенінде қызмет көрсететін желілермен машиналардың құрылысы; машиналарды бейімдену ережесі мен реттеу әдісі; дәнекерлек технологиясы мен арматуралық қаңқаларға қойылатын техникалық талаптар; қаңқалар ақалуларының себептері мен оларды түзету әдістері; дайындалатын бұйымдардың сызбаларын оқу.
237. Араластырушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Араластырғыштарда, голлендорларда және бактар-бұлғауыштардақалыптық массаны, гидро массаны, эмулцияны әзірлеу кезінде құрауыштарыд араласиырғыш процесін жүргізу. Берілген ресептура бойынша араласатын құрауыштардың араластырғаыштарға, голендарлармен бұлғауыштарға түсуін байқау. Жабдықтар мен механиизмерді іске қосу, тоқтату. Әзірленген қалыптық масса мен эмульцияны шығыс бактарына беру. Жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету.

Білуге тиіс: голендорлардың, араластырғыштардың және басқа да механизмдердің құрылысы; қалыптық массаны, гиромассаны, эмульция әзірлеу технологиясы мен рецептурасы; шикізаттың қасиеттері мен оған талаптар; механизмдерді іске қосу мен тоқтату тәртібі; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету тәсілдері.
238. Араластырушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жабдықтардың тасқынды желісінде қауіптік массаны, гидромассаны, эмульцияны әзірлеу кезінде құраушылардың арастыру процесін жүргізу, мөлшерлеу, араластыру, айдап көтеру, жабдықтарын басқару, берілген рецептураның температураны, будың қысымын сақтауды бақылау, бақылау, өлшеу құралдарын байқау жабдықтарындағы ақауларыд түзету.

Білуге тиіс: тасқаныды желі жабдықтарына, сорғылардың бақылау, өлшеу құралыдарының механизмдердің, мөлшерлегіштердің құрылысы, ертінділерді гидромассаны, эмульцияны және суспензияны әзірлеу технологиясы және рецептурасы; шикізаттың, ертінділердің, қалыптық массаның қасиеттері оларға қойылатын талаптар; механизмдерді, дабыл беру, блокадалау жүйелерін және автоматиканы іске қосу мен тәртібі; жабдықтаудың жұмыныдағы ақауларды анықтау мен түзету әдістері.
239. Силостарда ұнды араластырушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шикізаттық ұнды ауалық және механикалық араластуры; түзету жәәне біркелкі беру процесін жүргізу. Сүрлемдегі ұнның түсуі, жұмсалуын және деңгейін бақылау, араластырғыш және тасымалдағыш құрылғылардың үздіксіз жұмысы мен жарамды жағдайын қамтамасыз ету. Қызмет көрсететін жабдықтардың сыйымсыздығын бақылау. Жабдықтардың жұмындағы ақауларды алдын алу және түзету.

Білуге тиіс: сүрлемдердің араластыру және тасымалдау жабдықтардың құрылыс ы мен әрекет принципі; ауа құбырларының сұлбасы; шикізаттық ұнның құрамы мен сипаттамалары; бақылау өлшеу құралдарының міндеті; автоматиканың дабыл бергіш пен блокадаудың құрылысы; майлау материалдарының сұрыптары мен қасиеттері, қызмет көрсететін жабдықтарды майлау карталары; қызмет көрсететін жабдықтардың ақаулардың алдын алу мен түзету тәсілдері.
240. Сұрыптаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Фракциялар бойынша керамзитті қиыршық тас пен құмның күйдірілген түйіршіктерін сұрыптау және ақауларын алып беттеу. Сүрлемдік құтылармен басқа да сыйымдылықтарға сұрыптарға бөлінген қиыршық тасты түсіру. Дайын өнімдерді фракциялар және үйме тығыздығы бойынша оларды байқау.

Тасымалдаушы құрылғылар мен тоңазытқыштарға қызмет көрсету. Қызмет көрсететін жабдықтарға қатысу. Жүйелеуші емес қоздырғыштарға қызмет көрсету. Цилиндрлік елеуіштерді іске қосыу жәен тоқтату. Елеуішке ұқсас ұсақ тасты (ұнтақты) біркелкі салу. Ұнтақтардың сапалы үгілуін байқау. Елеуіш кенебін, иірілікті және таспалы тасамалдағышты жүйелі түрде тазалау. Барлық тазалағыштардың сықырлаусыздығын байқау. Зертхана үшін ұнтақтың сипаттамасын іріктеу. Елегіш кенебін уақитылы ауыстыру. Қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуге қатысу: Жабдықтарды тазалу және майлау.



Білуге тиіс: қызмет көрсетеін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі; сұрыптау мен тасымалдау жүйелері; дайын өнімдерді сақтау ережесі мен техникалық шарттар; жіктеудің берілген дәлдігі; жуу қондырғыларының міндеті мен құрылысы; олардың өнімділігі; тасымалдаушы құралдың құрылысы; қолданылатын торлардың түрлері мен олардың қызмет мерзімі; жабдықтардың жұмыстарды түзету ережесі мен әдістері.
241. Жылуоқшаулағыш бұйымдарды сұрыптаушы (ораушы)

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Советтен, перпенттен, бармекундтен, дитомениттен жасалған бұйымдарды маркалары мен түрлері бойынша сұрыптау. Вагонеметкаларды түсіру. Бұйымдарды қолмен ыдысқа, қапқа, пакетке буып-түю. Қағазға орау. Ыдысты желімдеу және бекіту, бироколар мен жапсырма қағаздарды желімдеу, жәшіктерді жабу. Ыдыстық арқылы ауыстыру, буып-түйілген орындарды тасымалдау, оларды көлік құрылысына қатарлап салу. Дайын өнімдер қоймасында қат-қабаттарды маркалау.

Білуге тиіс: материалдар мен бұйымдардың номенклатурасы және қасиеттері; буып-түю, тігіу, қоршау, желімдеу, байлау жәшіктерді шегелеу, тасымалдау, қоймалау, ақауларыд анықтау тәртібі.
242. Жылуоқшаулағыш бұйымдарды сұрыптаушы (ораушы)

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мөлшерлері бойынша совмиттен, перниттен, вармикулиттен, диатолмистен жасалған бұйымдарды сұрыптау. Буып-түю станоктарында ыдысқа, қапқа, пакетке буып-түю. Сырмалау машиналарында қаптарды тігу. Ыдысты буып-түю арқылыжеткізу, бұйымдарды жәшікке салу, қағазға орау және қат-қабат станоктарымен қаптау.

Білуге тиіс: жабдықтардың құрылысы мен әрекет приницпі; материалдардың номенклатурасы мен қасиеттері, тмеу, сұрыптау, буып-түю, қат-қабаттау, тасымалдау, қоймалау тәртібі ақаулардың белгілері.
243. Жылуоқшаулағыш бұйымдарды сұрыптаушы (ораушы)

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автоматтандырылған құрылғыларда минералды-мақталы плиталарды қабыршыққа, қағазға немесе қалқаюға буып-түю процесін жүргізу. Барлық механихмдердің жұмысын реттеу, плиталарды, буып-түю материалдарын берде материалдардығ сапасын байқау. Буып-түю жеткізілген плиталарды сұрыптау. Қабршықты қағазды сабақтау.

Білуге тиіс: қондырғының құрылысы барлық механизмдерід іске қосу және реттеу тәртібі. Қабыршықтың қағаздың қасиеттері, плиталардығ номенклатуарсы, пакеттерді буып-түю, қат-қабаттау тәртібі, олардың мөлшері мен шектер.
244. Слюда бұйымдарын және шикізатты сұрыптаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қол мен және механикалық қондырғыларда шикізатты жартылай фабрикаттарды және смоданы пайдалы қалдықтарының мөлшері, қалыңдығы және міндеті бойынша сұрыптау. Қолмен және механикалық қондырғыларда пайдалы қалдықтарды бөгде қоспаларды тездету.

Білуге тиіс: өнеркәсіптік шикізатты жартылай фбрикаттар және пайдалы қаллдықтрады сұрыптау әдістері; өнеркәсіпті шикізатқа., смодалық іріктемелер мен пайдалы қалдықтарға техникалық шарттар.
245. Слюда бұйымдарын және шикізатты сұрыптаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Слюдадан жасалған дайын бұйымдарды, қолмен, жартылай автоматтар мен автоматтарды сұрыптау. Жартылай автоматтар мен автоматтарды жұмсақ дайындау. Толтырылған кассеталарды автоматқа орнату.

Білуге тиіс: жартылай автоматтар мен автоматтардың құрылысы; дайын бұйымдарды сұрыптау тәсілдері, дайын өнімдерге мемлекеттік стандарттардың талаптары; кассеталарды автоматқа орнату тәртібі.
246. Асбест-цементті бұйымдарын кептіруші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Асбест-цементті бұйымдарды кептіру процесін жүргізу. Асбест-цементті бұйымдарды конвейерге ілмектеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін конвейердің құрылысын, босайтын бұйымдармен жұмыс істеу ережесі.
247. Толтырғыштарды кептіруші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өзінен біліктілігі жоғары кептірушінің басшылығымен толтырғышты кептіру немесе қыздыру кезеңде қатты, сұйық немесе газды отынмен жұмыс істейтін кептіру барабандарына қызмет көрсету. Кептіру барабанын отынмен үздіксіз қоректендіру. Кептіру барабанын толықтырғыштармен біркелкі қоректендіруді қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: Қызмет көрсететін оттықтардың, кептіру барабандарының, көмекші жабдықтардың және бақылау-өлшеу құралдарының әрекет принципі мен техникалық пайдалану ережесі; бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштеріне сәйкес отынды беру тәртібі; кептірілетін материалдардың сапасына талаптар.
248. Толтырғыштарды кептіруші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Оттықты тұтандыру. Кептіру барабанының оттығын отынмен үздіксіз қоректендіру, оның жану процесін реттеу және кептіру барабандарында қажет температураны сақтау. Кептіру барабанының жұмысын байқау, кептіру барабанына толықтырғыштарды салуды реттеу. Бөлімше механизмдерін күтіп ұстау.

Білуге тиіс: жылу техникасы жөніндегі негізгі түсініктер; отынды жұмсаудың белгіленген нормалары; кептірілетін маериалдардың сапасына талаптар.
249. Бұйымдарды кептіруші

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кірпішті табиғи кептіру процесінде қосалқы және көмекші жұмыстарды орындау. Шикізатты қабырғасына аудару. Шикізатты кептіру үшін жақындату. Шикізатты жөндеу және оған үгінді мен құмды себу. Тарту токтерін ашу және жабу. Қалқан қою мен жабу жолымен шикізатты жаңбырдан және желден сақтау. Суағар орларды тазалау. Кептіру сарайлары мен алаңдарын жинау, тазалау. Сынықтар мен қоқыстарды белгіленген жерге шығару. Сарайлар мен кептіру алаңдарын алаңшаларының табанына құм төсеу және тегістеу. Желдеткіштердің орнын ауыстыру. Себу үшін құмды немесе үйіндіні тасымалдау. Кептіру саймандарын тасу, қоймалау, сақтау, ұсақ жөндеу.

Білуге тиіс: шикізаттың сапасына қойылатын талаптар, оларды қалау мен атмосфералық ылғалды сақтау ережесі; соратын терезелердің, моктердің, үлкен шамдардың құрылысы; сарайлар мен алақшалардың табанын тегістеу ережесі.
250. Бұйымдарды кептіруші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жасанды кептіргіштерде кептіру кептіру сарайлары мен кесектерінде шикі кірпішті және черепицаны табиғи кептіру процесін жүргізу. Кептіру сарайларында фрамугтарды, фонарларды, люктарды, терезелерді, сүзіндіні ашу және жабу. Қалқандарды орналастыру. Желдеткіштерді іске қосу, тоқтату және орнын ауыстыру. Ауа температурасы мен ылғалдылығын бақылау. Кептірілген өнімнің дайындығын анықтау. Кептіру процесінде өнімді салу және артуды қадағалау. Брус-жастыққа кептірілген өнімді салуды қамтамасыз ету. Атмосфералық тұнбалардан, суықтан және кеуіп кетуден өнімді сақтау. Кептіру сарайларының үк тиеу және түсіру кестесін сақтау. өнімді кептіру журналын жүргізу.

Білуге тиіс: кептіру сарайларының қондырғысы, алаңдары және оларды пайдалану ережелері; кептіру сарайларында кірпішті кептіру режимі; өнім сапасына қойылатын талаптар және оларды кептіру сарайларына және брус-жастықтарға салу ережелері; кептіру сарайлары айналымың белгіленген мерзімдері; атмосфералықәсер етулерден өнімді қорғау ережелері.
251. Бұйымдарды кептіруші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шикі кірпішті, керамикалық блоктарды, черепицаны, суару құбырларын, гипс сылақтар табақтарын және туннельдік, камералық және басқа үлгідегі жасанды кептіргіштерде гипстен жасалған өзге де бұйымдарды кептіру процесін жүргізу. Кептіргіштерге жүк тиеу және түсіру кестесін немесе қалыптау конвейерінің қозғалысына сәйкес кптіргіштер рольгангының қозғалыс жылдамдығын реттеу. Кептіру режиміне сәйкес кептірудің әртүрлі аймақтарында температураны реттеу. Камераларды басқа бағытқа бұру, желдеткіштердің жарамдылығын, іске қосылуын және тоқтатуды тексеру, жылдамдық вариаторының, тарту станциясының, тізбектерінің, бу құбырының, конденсат құбырының, кеңейткіштердің жұмысын реттеу. Кептірілген бұйымдардың дайындығын анықтау. Газ жүрісінің, камералары мен туннельдерін күл, қож, қара күйе және ұсақ тастардан уақытылы тазартылуын, люктердің. өтетін тесіктердің және есіктердің дұрыс жабылауын, сондай-ақ кептіргіште ауаның сорылуының болмауын бақылау. Кептіргіш пен механизмдер жұмысындағы ұсақ бұзушылықтарды жою. Бақылау-өлшеу құрылғыларының өрсеткіштерін бақылау. Механизмдерді уақытылы майлау. Кептіргіш жұмысының журналын және оларға жүк тиеу кестесін жүргізу.

Білуге тиіс: кептіргіштер мен қосалқы құрал-жабдықтардың құрылғысы және жұміс істеу қағидаттары; бақылау-өлшеу құралдары және оларды пайдалану ережелері; бұйымдарды кептірудің температуралық режимі; жартылай фабрикаттар сапасына қойылатын талаптар және оларды сыртқы белгілері бойынша бақылау; құрал-жабдықтар күтімі ережесі.
252. Себу материалдарын кептіруші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кептіру атанақтарында себц материалдарын кептіру процесін жүргізу. Кептіргіш қондырғыларға отынды беруді реттеу. Тор арқылы елеу жолымен басқа қоспалардан себу шикізаттын тазарту. Тасымалдауышқа шикі себу материалдарды тиеу. Кептіргіш атанаққа өнімнің біркелкі түсуін қадағалау. Кептіргіштің отын қондырғыларына қызмет көрсету. Құрал-жабдықтардың үйкелген бөлшектерін майлау. Кептіргіштің оттық құрылғыларына қызмет көрсету. Кептірудің тапсырлған режиміне сәйкес қажетті температурамен қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: кептіргіш атанақтың іс-ұимыл қағидаттары, кептіргіштің оттық құрылғысы; себу материалдарының түрлері; себу материалдарын кептіру режимі.
253. Жылу оқшаулағыш бұйымдарды кептіруші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Туннельдерде, конвейерлерде және басқа да кептіргіштерде минералды мақта, перлит, вермикулит, совелит, диатомит және басқа да жылу оқшаулағыш бұйымдарды кептіру үшін түптабандар мен вагонеткаларды дайындау. Кептіргішке вагонеткаларды біркелкі тиеу және беруді және уақытылы түсіруді қамтамасыз ету. Желдеткіштер, итергіштер және басқа да механизмдер жұмыстарын реттеу.

Білуге тиіс: кептіргіш құрылғысы; вагонеткаларға жылу оқшаулағыш бұйымдарды салу тәртібі; бұйымдарды кептірудің технологиялыұ режимі; құрал-жабдықтарды іске қосу, реттеу, тоқтату тәртібі; дабыл және желдету жүйесі; кептіргіштердің жұмыс кестесі.
254. Жылу оқшаулағыш бұйымдарды кептіруші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тапсырылған режим бойынша туннельдерде, конвейерлерде және басқа да кептіргіштерде минералды мақта, перлит, вермикулит, совелит, диатомит және басқа да жылу оқшаулағыш бұйымдарды кептіру процесін жүргізу. Кептіргіштерді, желдеткіштерді және басқа да механизмдерді іске қосу, баптау және тоқтату. Бүркігіш немесе кептіргіш оттығының шілтерінің жұмысын қадағалау. Бүркігішке немесе шілтерге отынды және ауаны беруді реттеу. Кептіру аймақтары бойынша қажетті температураны қамтамасыз ету. Кептіру процесінің журналын жүргізу.

Білуге тиіс: әртүрлі құрылымдар және олармен байланысты бұйымдардың кептіру қондырғысы; бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар; бұйымдарды кептірудің технологиялық режимі; түсі бойынша жалын температурасын анықтау ережелері; бақылау-өлшеу құрылғыларының жұмыс істеу қағидаттары және тағайындалымы; газ шаруашылығын пайдалану ережелері.
255. Жылу оқшаулағыш бұйымдарды түсіруші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Минералды мақта бұйымдарын конвейерлерден түсіру, аралық тасымалдауыштарға салу немесе қолмен ыдысқа орау және оларды қалқандарға немесе қатқабаттарға салу. Сыртқы белгілері бойынша бұйымдарды бақылау. Жану ошақтарын жою. Бұйымдар сапасының нашарлауы туралы шеберге дабыл беру.

Білуге тиіс: минералды мақта және одан жасалған бұйымдардың стандарттары және техникалық ережелері; минералды мақта бұйымдары өндірісінің технологиясы; механизмдердегі қауіпсіз жұмыс тәсілдері; бұйымдарды орау және салу ережелері.
256. Жылу оқшаулағыш бұйымдарды түсіруші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Минералды мақта және одан жасалған тігілетін мат өндірісі кезінде минералды мақта кілемдерін қалыптау және орамдау процесін жүргізу. Тасымалдауыш жұмысын, орамдау құрылғысының көлденең және тік кесу пышақтарын, тігетін және орамдау материалдарының түсуін бақылау. Механизмдер жұмысын іске қосу, тоқтату және реттеу. Орамдаушы құрылғылардан орамдықты шешу және оларды қалқандарға және қатқабаттарға салу. Сыртқы белгілері бойынша минералды мақталар мен маттарды бақылау. Кілем қабатының біркелкілігін, оның температурасын, тозаңсыздандыру және ылғалды өңделуін қадағалау. Жану ошақтарын жою. Талшық сапасының нашарлауы, ылғалдың артуы, байламды өңдеу және кілем температурасы туралы шеберге сигнал беру.

Білуге тиіс: құрал-жабдықтар мен механизмдердің құрылғысы, іс-қимыл қағидаттары; мақта және минералды мақта маттарының техникалық ережелері; бақылау және орамдау ережелері; механизмдерді іске қосу және тоқтату тәртібі; кілемнің біркелкілігін, оның ылғалдылығын көзбен анықтау, тозаңсыздандырумен өңдеу тәсілдері; оқшаулау жүйесі.
257. Түсіруші-орналастырушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Метал түптабандарын жылжыту және оларды тасымалдауыштарға салу. Жақтауларды, білеулерді және рейкаларды алу және магазиндерге, тасымалдауыштарға немесе сығымдау күймешесіне салу. Жақтаушалардың, білеулердің және т.б. дұрыс жылжуын қадағалау. Алдын ала дабылдар беру.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидаттары және пайдалану ережелері; жақтаушаларды, білеулерді, рейкаларды және түптабандарды алу және салу ережелері; алдын ала дабылдарды беру ережелері.
258. Түсіруші - орнатушы

3- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қалыптау конвейерлерінен асфальт плиткаларды алу және оларды қатқабаттап салу. Асфальт плиткаларға себу үшін құм және үгінділерді дайындау. Асфальт қоюжақпасының сууын және тасымалдауыш таспаға қоюжақпаны түсіруді қадағалау. Тасымалдауыштың қозғалыс жылдамдығын реттеу. Тасымалдауыштың жай-күйін тексеру. Керамикалық және силикат кірпішті, керамикалық және гипс плиталарды, блоктарды, кәріз құбырлары, черепицаның жаңа қалыпталған және кептірілген шикізатын және басқа да бұйымдарды кесу үстелдерінен, баспақ және тасымалдауыштан қолмен немесе пневматикалық ажыратқыш көмегі арқылы түсіру және оларды кептіру вагонеткаларына, конвейер бесікшелеріне, тасмалдауыштарға, сөрелерге, торларға және қиынды үстелдерге салу. Кірпішті түптабандарды орнату және түптабандарда кірпішті тасымалдау. Шикізатты сұрыптау. Төсемдерді орнату. Қызмет көрсететін құрал-жабдықтарды іске қосу, реттеу және тоқтату. Вагонеткаларды тасымалдау және порожняктарды қайтару. Вагонеткаларға, қол арбаларға және көрме алаңдарындағы арбаларға жүк тиеу, торға немесе түптабандарға дайын өнімді салу. Босатылған арбалар мен вагонеткаларды итеру. Пеш камерасында немесе алаңдарда тар желілі жолдар мен табақтарды салуға қатысу. Қызмет көрсететін механизмдерді майлау. Қалыптарға асбестцементті бүрлеуді кесу кезінде шикі табақтар мен ротациялық қайшаларды беру тасымалдауышына қызмет көрсету. Орамдықтарға шикі табақтарды орау және оларды салу. Зақымдалған табақтарды сұрыптау. Зақымдалған табақтар мен қималарды қайта өңдеуге жіберу. Ротациялық қайшылар мен тасымалдауышты тазарту.

Білуге тиіс: ротациялық қайшылар мен тасымалдауыш құрылғысы және қозғалыс қағидаттары; линиялы көлемдері және сыртқы түрі бөлігінде әзірленетін өнімдерге қойылатын стандарттар талаптары (техникалық шарттар); шикі асбестцемент табақтарының ақау белгілері; құрал-жабдықтардың үйкелген бөлшектерін майлау ережелері; плиткалар мен қоюжақпаларды тиеу және салу ережелері; құрама пішіндері бойынша плиталарға қойылатын талаптар; жабысқан плиткаларды ажырату тәсілдері; қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың қондырғысы; бұйымдарды алу, салу, қайта салу және тасымалдау ережелері; жаңа қалыпталған, кептірілген және дайын өнімдерге қойылатын талаптар; пішінсізденуден бұйымдарды сақтау тәсілдері.
259. Түсіруші - орнатушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлері, түсі және сыртқы түрлері бойынша керамикалық кірпішті және керамикалық тастарды бір уақытта сұрыптаумен түптабандарға жүк тиеу. Күймеше көмегімен қалыпты біліктен асбестцемент құбырларды алу. Құбырларға өзектерді енгізу және кранның маңдайшасымен ілу. Құбырларды тасымалданатын электркранмен сүйемелдеу және оларды қаптау үшін конвейерге салу. Құбырлардан өзектерді ойып алу. Каландрға білікпен құбырларды орнату. Құбырларды иілту және конвейерге домалату үшін салу. Иілтуден кейін каландрдан білікті Қалыпты білікті ойып алу. техникалық шұғалар мен тор цилиндрлерді ауыстыруға, сондай-ақ құбырлы машинаны тазарту мен жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: құбырларды шешу үшін күймешелер құрылғысы; каландр құрылғысы; құрғақ құбырлардың сақталуын қамтамасыз ету ережелері.
260. Слюданы өңдеу бойынша термист

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күйдіруге және слюдопласттарды дайындауға арналған слюданы термиялық өңдеу процесін жүргізу. Электр пешке слюданы арту. Құралдар бойынша слюданы өңдеу процесін бақылау. Пештен өңделген слюданы түсіру және сулы-борлы суспензияда ваннада салқындату. Сулы слюданы ваннадан шығару және оны илемдеуге тасымалдау. Илемдеуден кейін слюданы кептіру. Пеш жұмысындағы ұсақ ақауларды жою.

Білуге тиіс: электр пеш құрылғысы; слюданы термиялық өңдеудің технологиялық процесі; бақылау-өлшеу аппаратурасыгың көрсеткіштері бойынша электр пеш жұмыстаны реттеу әрежелері мен тәртібі; сыртқы белгілері бойынша термиялық өңдеудің әртүрлі сатыларында слюданың дайындығын анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет