40-шығарылым «Құрылыс материалдарының өндірісі» бөлімі Астана 2009 Кіріспе



бет12/14
Дата11.06.2016
өлшемі1.22 Mb.
#127883
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Жұмыс үлгілері


Қалыптау:

1. Арқалықтар стропильді бір ылдилы, негізді және тұтқырлы арқалықтар, ригельдер, прогондар.

2. Күрделі пішінді негізгі блоктар.

3. Заборлар мен қоршаулар.



4. екі тарамды краннан басқа барлық үлгідегі консольдары мен сөрелері бар бағандар.

5. Ашық тәсілмен құрылыста қолданылатын метро тоннельдері, көлік қиылыстары мен өтетін коллекторларды әрлеу құрылымдары.

6. Жалпақ және қабырғалы баспалдақтар.

7. Байланыс желілерінің, электр беру және шамдардың тіректері

8. Сыртқы қабырғалардың панельдері мен блоктары.

9. Аралық жабындар мен жабындар панельдері, ішкі қабырғалар панельдері, кассеталық және прокаттық бөлшектер.

10. Аэродром плиталары.

11. Балкон және карниз плиталары, лоджияларды, кіріс күнқағарларды қоршау панельдері, парапет тастары.

12. 6 м аса ұзындықты свайлар, шпунт.

13. барлық көлемдегі арынсыз құбырлар.


272. Бұйымдарды, құрылғылар мен құрылыс материалдарын қалыптаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қалыптау конвейерінде гипсокартон табақтарын қалыптау. Құрауыштардың, сульфидті-спирт барды бар ерітінді концентрациясының дұрыс мөлшерленуін және гипстің сапасын тексеру, гипс араластырғыш пен қалыптау конвейерінің тапсырылған жұмыс режимін реттеу. Жетектердің гипспен толуын қадағалау. Гипсокартон табақтарының ені мен қалыңдығын реттеу. Гипсокартон табақтарының кебу режимі мен сапасын тексеру. Журналда жазбаларды жүргізу. Өте күрделі бұйымдар мен құрылымдарды қалыптау бойынша жұмыстарды орындау. Қалыптарды, қондырғыларды тазарту, майлау, жинау және дайын болуына қарай оларды қабылдау бойынша жұмыстарға басшылық. Жоба күйінде ірілендіру жинағымен және бекітумен жекелеген арматуралық каркас элементтерді қалыпқа (қондырғыға) орнату. Салу бөлшектері мен монтаж ілгектерін орнату. Қалыпқа электртермиялық немесе механикалық (домкраттар немесе созба станцияларының көмегімен) кернеу тәсілімен кернеулі арматураны оранту. Ішпектерді, өзектер мен бөлу қалқандарын орнату. Қалыпты бетон қоспасымен толтыру. Бетон қоспасын тығыздау. Қалыптандырылған бұйымдардың ашық қабаттарын жону. Бұйымдарды жылумен өңдеу орындарына беру. Бөлу постына немесе қатқабатқа жеткізумен жылумен өңдеуден кейін бұйымды қалыпсыздандыру. Қалыптандыру процесінде барлық қолдағы машиналар мен механизмдер жұмыстарын (көлемді-қалыптау машиналарын қоспағанда) басқару.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін машиналар мен қондырғылардың құрылғысы және жұмыс істеу қағидаттары; гипс және гипсокартон табақтарының сапасын бақылаудың негізгі әдістері; арматураны салу және кернеу тәсілдері мен ережелері; дайндалатын бұйымдарға қойылатын техникалаық талаптар; сызбаларды оқу ережелері; қалыптау режимдері бойынша технологиялық карталар талаптары; бұйымдарды орнынан жылжыту амалдары мен тәсілдері.

Жұмыс үлгілері:

Қалыптау:

1. Стропильді екі ылдилы арқалықтар, , подстропильді, кранды арқалықтар.

2. Архитектуралық бетоннан жасалған бұйым.

3. Кәріздік, суа,ынды, жаңбыр қабылдау, су өткізгіш және газ өткізу жұмыс құбырларының камералары: телефон қораптары және құдықтар.

4. Екі тарамлы кранды бағандар

5. Сүрлемдер мен элеваторлар үшін темір бетон шиыршықтары, көлемді лифтілер шахтасы, көлемді коллкторлар секциялары.

6. Жартылай алаңдары бар баспалдақты марштар.

7. Табиғи таспен қаптай отырып сыртқы қабырғалардың панельдері.

8. Ұшу көпірлері мен жол жетектерінің құрылыстары.

9. Аығнды құбырлар.

10. Стропильді және подстропильді фермалар.


273. Тас құю өндірісінің қалыптаушысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары қалыптаушының басшылығымен қолмен және пневматикалық, гидравликалық таптағышты қолданумен тастан жасалған бұйымдарды құю үшін қалыптарды дайындау. Қалыптау қоспасын дайындау. Қорамжәшіктерді тасымалдау кезінде тельферді басқару. Кептіру-түйреу пештеріне қалыптары бар вагонеткаларды беру.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін құралдардың жұмыс істеу қағидаттары, жайц жай және орташа күрделі құймакесектерге арналған қалыптарды дайындау тәсілі; қалыптау қоспаларының негізгі қасиеттері; дайын қалыптарға қойылатын талаптар.
274. Тас құю өндірісінің қалыптаушысы

3- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі сызбалы жұмсақ және өрнекті бұйымдарды тастан құю үшін қалыптарды дайындау. Қалыптау қоспасын дайындау. Бұйымдарды қолмен, қалыптау машиналарында және вибрациялық алаңдарда қалыптау. Техникалық ережелерге сәйкес балқытылатын үлгілерін дайындау үін бастапқы материал сапасын анықтау. Қоспадан жасалған үлгілерді прес-қалыпқа нығыздау. Бұйымдардың пішінін ескере отырып блоктарда үлгілерді дайндау, жинау кезінде қоректендіргіштердің қалыптары мен көлемдерін аныөтау. Этилсиликаттың гидролизденген ерітіндісінің есебі және оны дайындау. Үлгіге сыртқабықшаны салу. Құюға қалыптарды дайындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін құралдардың құрылғысы; қолданылатын қалыптар мен үлгілерді дайындау тәсілдері, амалдары; қалыптардың нығыздалу тығыздығын және газ өткізбеуін қамтамасыз ету тәсілдері; құюжолдарын белгілеу орындары; қалыптарды кептіру және түйреу режимдері; қалыпқа құйылатын балқыма қасиеттері мен температурасы; дайындалатын бұйымдардың техникалық шарттары.
275. Жылу оқшаулағыш бұйымдарын қалыптаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қалыптау станоктарында жылу оқшаула бұйымдарын қалыптау. Қалыптау станоктарына түптабандарды салу, қалып бойынша массаны біркелкі бөлу, үстіңгі қабатын әрлеу. Станоктарды, қалыптар мен түптабандарды тазарту, жуу.

Білуге тиіс: қалыптар, түптабандар, станоктар мен басқа да механизимдердің құрылғысы; қалыптау массасына қойылатын талаптар, қалыптау үшін оның жарамдылық белгілері; қалыптандырылған бұйымдарды шешу, тасымалдау тәртібі; қалыптарды дайындау, құралдарды тазарту және жуу тәртіптері.
276. Жылу оқшаулағыш бұйымдарды қалыптаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қалыптау конвейерлерінде жылу оқшаулағыш бұйымдарды қалыптау. Тарату қондырғыларынан қалыптау массасының түсуін реттеу.конвейер және басқа да механизмдерді іске қосу, басқару, тоқтату, тазарту, майлау.

Білуге тиіс: конвейер, тарату құрылғылары және басқа да механизмдер құрылғысы; қалыптау массасын дайындау технологиясы; қалыптау технологиясы; механизмдерді іске қосу, тоқтату және басқару тәртібі.
277. Жылу оқшаулағыш бұйымдарды қалыптаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз және мерзімді жұмыс істекдің автоматтандырылған қалыптау қондырғыларында жылу оқшаулағыш бұйымдарды қалыптау. Қондырғының барлық механизмдерін дайындау, ьаптауп, басқару. Тарату қондырғыларынан қалыптау массасын беруді реттеу. Қалыптандырылған бұйымдарды рольгангтерге, тасымалдауыштарға, төмендеткіштерге беру.

Білуге тиіс: қалыптау қондырғылары, тасымалдаушы, тараты қондырғылары және басқа да механизмдердің құрылғысы; бақылау-өлшеу аппаратурасын, автоматты реттеу құрылғылары мен механизмдерді оқшаулау құралдарын пайдалану ережелері; дабыл жүйесі; қалыптандырылған бұйымдарды тасымалдау тәртібі; қалыптау массасын дайындау технологиясы; бұйымдарға, шикізатқа және байланыстырғыштарға қойылатын техникалық талаптар; қалыптау массасы мен өнім сапасын бақылау тәсілдері.
278. Асбестцемент плиталарын фпезерлеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Фрезерлі станоктарға асбестцемент электр оқшаулағыш плиталарды салу және оларды станоктан алу. фрездерді ауыстыруға қатысу. Плиталардағы қылауларды тазалау. Штангенциркульмен плита қалыңдығын өлшеу. Станокты тазарту және майлау.

Білуге тиіс: фрезерлі станоктың жұмыс қағидаттары; станокты майлау ережелері; өңделетін бұйымдардың стандарттары (техникалық шарттары).
279. Асбестцемент плиталарын фрезерлеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Фрезерлі станоктарда плиталарды өңдеу. Фрезерлі станоктарға асбестцемент электр оқшаулағыш плиталарды орнату және бекіту. Өңдеуден кейін плиталарды алу. Фрездерді орнату және ауыстыру. Станок жұмысындағы ұсақ ақауларды баптау және жою.

Білуге тиіс: фрезерлі станок құрылғысы; станокты майлау ережесі; өңделетін бұйым стандарттары (техникалық шарттары); ақаулардың сыртқы белгілері; асбестцемент электр оқщаулағыш материалдарды механикалық өңдеу кезінде ақауларды жою және түзету тәсілдері.
280. Тасты фрезерлеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Консольды және порталды аудару станоктарында жай бейінді табиғи тастан жасалған плиталарды фрезерлеу. Сызбалары мен шаблондар бойынша бөлшектерді белгілеу. Қолмен және механикалық берумен бұрғылау станоктарында плиталарда және техникалық бұйымдарда тесіктерді бұрғылау. Станоктардың жұмыс режимін реттеу. Кесу құралын толтыру және орнату. Бақылау-өлшеу құралдарымен плиталарды өңдеуді тексеру. Станок жұмысында ақауларды анықтау және жою, қызмет көрсететін құралдарды жөндеу бойынша жұмыстарға қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін құралдар құрылғысы, жұмыс істеу пқағидаттары және техникалық пайдалану ережелері; абразивті құрал қасиеті және қолдану ережелері; сызбаларды оқу ережелері; бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет